топонимизация
,
трансонимизация
және
транстопонимизация
тәсілдері.
Қазақ тілінде туынды топоним қалыптастыратын қосымшалар саны көп емес. Олардың
ішінде бүгінгі топоним тудыру процесінде көп кездесе бермейтін көнесі де, әлі де атау тудыру
қызметі самарқауланбаған жаңасы да бар. Саны жағынан көп болмаса да, олар қолданылу
жиілігі жағынан басқа жұрнақтар мен жалғауларға қарағанда әлдеқайда өнімді қолданыс
табады.
Батыс Қазақстан топонимиялық жүйесінде туынды топонимдер жасауда ерекше қызмет
атқаратын аффикстер қатарына төмендегі қосымшаларды жатқызуға болады:
1) -ты,-тқ, -лы,
-лқ, -ды, -дқ; 2) -ыі, -ік,-і; 3) -ма, -ме; 4) -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік; 5) -шы, -ші; 6) -лай,
-лей, -дай, -дей, -тай, -тей; 7) -р, -ар, -ер; 8) -ыл, -іл, -л; 9) -ақ, -ек, -к.
Мысалы,
ӨлеңтІ,
Қалдығайты, Соналы, Бұлдырты, Жыланды, Балықты, Аңқаты, Шошқалы, Шортанды,
Қамысты, Жымпиты, Шилі, Мойылды, Арайлы, Қақпақты, Қурайлы, Сарқырама, Жанама,
Борама, Жайылма, Жайық, Елек, Орал, Отар, Бостандық, Теңдік, Ағалық, Бірлік
т.б. Оларды
қызметіне қарай
көне
және
жаңа,
мономорфемді
және
полиморфемді, өнімді
және
өнімсіз
жұрнақтар
деп бөлуге де болады.
Э.В.Севортянның айтуынша, «сөз тудырушы формалар
өздерінің жалпылық сипатына қарамастан, түркі тілдерінде шектеулі қолданыста болады» (78,
314).
Туынды топонимдердің бір тобы жоғарыда аталған
топонимизация,
трансонимизация
және
транстопонимизация
тәсілдері арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |