ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


шағыл  сөзі жиі қолданылып, детерминативтер қатарына ауысқан. Орталық Қазақстан өңірінде  шағыл



Pdf көрінісі
бет62/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

шағыл 
сөзі жиі қолданылып, детерминативтер қатарына ауысқан. Орталық Қазақстан өңірінде 
шағыл 
деп бетін ақ кварцтар жапқан төбешіктерді атайды (29, 39). Биік жерлерде жатқан ақ кварцтар 
немесе құм қиыршықтары ашық күндері алыстан жалт-жұлт етіп күнге шағылып көрінуімен 
байланысты 
шағыл - 
атау сөзі пайда болса керек. Жалпы өсімдік атауларының географиялық 
терминдер қатарын толықтыруы - үнемі болып отыратын құбылыс. 
Тал, қамыс, қопа, шағыл 
сөздерін бүгінгі таңда толық мағыналы терминдер қатарына қосуға болады. Демек, өсімдік 
атауларының қатысымен қалыптасқан фитотопонимдер облыс топонимиясының дамуына 
игілікті әсерін тигізіп, географиялық объектілердің флоралық сипатын айқындап отырады. 
Қорытып айтар болсақ, кез келген аймақтың топожүйесі секілді Батыс Қазақстан облысы 
топонимдері де өзіндік лексика-семантикалық ерекшеліктерге ие болады. Аймақ 
топонимдерінің мағыналық сипаты этнографиялық бояуға ие болып, этнолингвистиканың 
объектісіне лайық келеді. Сондықтан сан мен түр-түс сөздерінің қатысымен жасалған 
топонимдер тобын келесі тарауда қарастырылады.
2.2.
Батыс Қазақстан облысы топонимиясының құрылымдық 
сипаты. 
Лексиканың бөлек категориясы болып саналатын ономастикалық категориялардың өзіне 
тән грамматикалық сипаты, морфологиялық құрылымы, жасалу тәсілдері, сөз тудыратын 
формалары - бір сөзбен айтқанда, грамматикалық құрылымы болады. Осындай ерекшеліктер 
топонимдерге де тән. 
Топонимдердің, жалпы ономастикалық категориялардың құрылысы, оның лексикалық 
қоры, морфологиялық құрылымы тіл-тілде алуан түрлі болып келеді. Зерттеу обьектісі болып 
отырған Батыс Қазақстан облысы топонимиясындағы қазақтың төл атауларына грамматикалық 
талдау жасау барысында олардың басым көпшілігінің қазақ тілінің лексико-грамматикалық 
тәсілдері арқылы жасалғандығы анық байқалды. Басқа да аймақ топонимиялық 
жүйесіндегідей, Батыс Қазақстан облысының топонимиясына өзіндік грамматикалық жүйе мен 
ерекшеліктер тән болып келеді. Демек, аймақ топонимиясының грамматикалық құрылымы 
дербес қарастыруға болатын және тек солай қарастырған кезде ғана өзіндік ерекшеліктері 
анықталатын сала болып есептеледі. Сондықтан зерттеу жұмысының осы бөлімінде аймақ 
топонимдерінің грамматикалық құрамын, олардың негізгі және туынды түрлерін, туынды 
топонимдердің жасалу тәсілдерін, топоним тудыратын қосымшалар мен олардың 
ерекшеліктерін, күрделі топонимдердің қалыптасу жолдарын анықтап, Батыс Қазақстан 
топонимиясындағы топоформанттар мен топонимдік детерминативтерге, реликтілік 
ерекшеліктерге ие бола алатын топоформанттар мен топонегіздерге тоқталуды мақсат еттік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет