2.1.2.3. Батыс Қазақстан топонимиясы құрамындағы
жан-жануарларға байланысты атаулар
Қазақстан картасында кездесетін аңдар мен жан-жануарлардың, оларға байланысты
атаулардың халықтың тұрмыс-тіршілігінде, мәдени және экономикалық өмірінде зор қызмет
атқарғандығы кім-кімге де белгілі. Сонымен қатар, жан-жануарлар атаулары топонимдер
құрамында да келіп, облыс топонимиясының құрамын байыта түскен. Жан-жануарлар
атауының қатысымен қалыптасқан топонимдерді топонимикада
зоотопонимдер
деп атайды.
Батыс Қазақстанның жер-су атауларының құрамында төмендегідей аң, құс, жануар,
жәндіктердің аттары кездеседі:
теке, серке, бұлан, мәші, мәстек, ешкі, қасқыр, айғыр, байтал,
тайлақ, қой, сона, шортан, бақа, балық, жылан, шыбын, шошқа,
т.б. Бұл атаулардың
қатысымен қалыптасқан топонимдердің ішінде бүгін мағынасын айыру аса қиындық келтіретін
жер-су атаулары да бар. Мысалы, Қаратөбе ауданыдағы
Қалдығайты
өзенінің атауы
моңғолдың
бұлан // хандағай
сөзінің негізінде қалыптасқан деген пікір белгілі.
Бұлан
зоонимінің қатысымен жасалған топонимдер көршілес Сырым ауданында да кездеседі.
Мысалы,
Бұланды, Бұлан.
Бұл топонимдер
осы территорияны кезінде бұландар мекендегенін
білдіретін деректер деп қарауға болатын сияқты. Демек, зоотопонимдер тек жер-су атаулары
қызметін ғана атқарып қоймайды, сондай-ақ ол атаулардың қалыптасу кезеңін, сол аймақ
фаунасының ерекшелігін де сипаттай алады.
Мысалы, Шыңғырлау ауданындағы
Шошқалы
топонимі. (бұл арада ол -
жабайы шошқа, қабан
).
Батыс Қазақстан жер-су атаулары жүйесіндегі зоотопонимдерді төмендегі топтарға
ажыратуға болады: а) тағы аң аттарының қатысымен қалыптасқан атаулар:
Достарыңызбен бөлісу: |