ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


айбар сөзін «айбат  шегу», айбат көрсету» тіркесімен салыстыра қарап, «айбат» сөзімен вариант, синонимдес  екенін көруге болады



Pdf көрінісі
бет54/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

айбар
сөзін «айбат 
шегу», айбат көрсету» тіркесімен салыстыра қарап, «айбат» сөзімен вариант, синонимдес 
екенін көруге болады.
 
2)
 
Отырықшылық пен жер өңдеу кәсібіне байланысты қалыптасқан атаулар. 
Жер 
өңдеумен шұғылдану мал шаруашылығына қарағанда Батыс Қазақстанда кейінірек дамыды. 
Тарихи деректерге сүйене отырып, қазақ даласына егін шаруашылығы орта ғасырларда келді 
десек те, ол шаруашылықтың таралуы Қазақстанның барлық аймағында бірдей дәрежеде 
болмады. Оңтүстік Қазақстанда бұл кәсіп Батыс аймаққа қарағанда ертерек дамыды. Батыс 
Қазақстанда егін шаруашылығының өркендеуі, онымен шұғылданушылардың көбеюі ХIХ 
ғасырда Россиядан келген орыс шаруаларының қоныстануымен де тікелей байланысты болды. 
Содан бері қазақ халқы отырықшылыққа үйреніп, жер өңдеу кәсібімен шұғылданып, дәнді 
дақыл түрлерін өсірумен айналыса бастады. Жергілікті халықтың осы әрекеті де жер-су 
атауларынан көрініс тапты. 
Жер өңдеумен айналысу жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігінің өзгеруіне де игілікті 
әсерін тигізді. Адамдар бірте-бірте елді мекендерге шоғырланып, отырықшыл тұрмыс кеше 
бастады. Осының негізінде Батыс Қазақстанда 
Жаңақала, Аққыстау, Бесқыстау, Ақүй, 
Қызылүй, Көкүй, Жаңақазан, Ақкөпір, Көпкүтір 
топонимдері қалыптасқан. Отырықшылық 
тұрмыс өзен-көл суларын белгілі бір мақсатта пайдалануды қажет ете бастады. Осының 
негізінде 
бөгет, бұлақ, көбік (кубик) 
секілді халықтық географиялық терминдер пайда болды. 
Бірте-бірте бұл терминдердің қатысымен топонимдер пайда бола бастады. Сусыз жерлерде 
құдықтар қазылды. Кейін олардың да жаңа түрлері қалыптасты. Осы әрекеттер негізінде 
құдықтың 
шегенқұдық, тасқұдық, шымқұдық 
сияқты түрлері пайда болып, олар топонимдерге 
айнала бастады. Демек, адамдар өміріндегі отырықшылық пен жер өңдеу кәсібі топонимдердің 
дамуына себепші бола бастады. 
Бұл аймақта жер шаруашылығымен айналысу қарышты дамып кетпесе де, оның 
белгілері топонимдерде анық сақталғанын байқау қиын емес. Тіпті кейбір аймақ 
топонимдерінің қалыптасу себептерін анықтауда осы фактор негізге алынып жүргенін де атап 
кетуге болады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет