35
Алтықора, Жаңақора, Қамысқора, Айбарқұдық, Қызылбөгет, Ащыбұлақ, Ащықұдық,
Үшқыстау
т.б.
Осы атаулардың барлығы ертедегі халқымыздың
тұрмыс-тіршілігінен, күй-жайынан
хабар беретін топонимдер болып саналады. Батыс Қазақстан облысы халқының көшпелі өмірін
бейнелейтін жер-су атаулары өмір сүрудің, мал бағудың басты алғышартының бірі саналатын
құдық, бұлақ, қора, жайылым, қоныс, қыстау
сияқты детерминативтердің қатысымен жасалған
топонимдерден тұрады.
Мысалы, Батыс Қазақстанның сусыз, құмды аудандарының
бірі - Қаратөбе ауданында
Айбарқұдық
топонимі кездеседі. Бұрын осы жердегі халықтың тұрмыс-тіршілігінен бейхабар
адам бұл сөзді термин түрінде емес, «Айбардың құдығы» мағынасында қабылдауы мүмкін.
Дұрысына келетін болсақ, «Айбарқұдық» атауы құмды жерде қазылатын орасан үлкен
құдықтың формасына сәйкес қалыптасқан.
Топырақ қабаты құмды, құламалы болғандықтан
және оны қаптайтын қажетті шикізаттың жоқтығынан, осы жердің құдықтары үшбұрышты
түрде, өте үлкен етіп қазылатын болған. Әдетте, мұндай құдықтардың
жер бетіндегі ауызы
төмендегі көзінен бірнеше есе үлкен келеді. Айбарқұдық кез келген кедей шаруаның
пайдаланатын құдығы болмаса керек. Малы көп, ауқатты адам ғана өзіне «айдарқұдық»
қаздырып, малын сол құдықтан суаратын болған. Оның үстіне,
бұндай құдықты қаздырудың
өзі ауқаттылықтың белгісі болып саналған. Көктемдегі су тасқыны кезінде (Олар үнемі
ойпатты жерден қазылған. Себебі, тұщы қар суы ойпатты жерге ғана жиналады.) айбарқұдық
опырылып құлаудан аман қалып, бірнеше жыл пайдалануға жараған.
Ал
Достарыңызбен бөлісу: