1. Эвфемизм мен дәни нанымға байланысты атаулар:
«Эвфемизм» - гректің «жақсы
айтамын» деген сөзї. Сөздерді сыпайылап қолданып, сол жерге құрмет көрсетуден туып,
табиғат сырына табынудан шыққан атаулар. Мысалы,
Сарман
-
Орда ауданындағы елді мекен,
татар тілінен енген топоним. Беретін мағынасы - мифтік ұғым. Халық арасында қалыптасқан
жынның атын білдіретін сөзді осылай атаған. Ауыз әдебиетінде «Шақырайын шалғайдан
сарманымды» деген тіркес осы ұғымға байланысты айтылған.
2. Санға байланысты атаулар.
Батыс Қазақстан топонимиясындағы бұл топонимдердің
басым көпшілігі
жалғыз, қос, үш, төрт, бес, алты, жеті, қырық, мың, түмен
сөздерінің
тіркесуімен қалыптасқан. Мысалы,
Қоскөл, Қосдәулет, Қособа, Қосарал, Қосшеген, Қосшығыр,
Қосшыңырау, Қосшырақ, Қосағаш, Үшана, Үшағаш, Үшкемпір,
Үштамақ, Үшкүтір, Үштүлек,
Үшсай, Беспішен, Бестентек, Бесқалмақ, Бескөл, Бесқамыс, Бесотар, Бесқора, Бесқұдық,
Бестау, Бестерек, Жетісай, Жетіқыз, Жетіскірт, Жетікөл, Жалғызағаш, Жалғызтал,
Жалғызшығыр, Мыңтас, Түмен т.б .
3. Метафоралы атаулар:
Салыстыру, теңестіру негізінде басқа обьектілермен
ұқсастықына қарай алуан түрлі ат қойылады. Мысалы,
Қыземшектау, Дөңгелек көл, Сұлукөл,
Жіңішке, Қисықсай, Қисыққамыс, Маймақтөбе, Шошаққабақ, Мұқыр, Ақбақай, т.б .
4. Өсімдік дүниесіне байланысты атаулар:
Теректі, Жиделі, Шилі, Өлеңті, Қамысты,
Қурайлы, Мортық, Жосалы, Тасемен, Саралжын, Итмұрын, Дуана, Қисыққамыс, Қарақамыс,
Жусандыой, Раушан, Көкқамыс, Сүттігенді, Сарымсақ, Қарағанды, Борық, Аша, Бапа,
Қарағай, Қайыңды, Қамыскөл, Қамысқала, Бозоба, Күйгенбоз, Бозкөл, Көгал, Шоңқайлыкөл,
Қойбас, Атшоңқай
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |