ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


) Жеке және жалпы психология



Pdf көрінісі
бет46/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
3) Жеке және жалпы психология.
 
Аталу процесінде адамдардың жеке және жалпы 
психологиясының алатын орны ерекше. Жер-су атаулары қызметінде жұмсалатын сөздің 


31 
семантикалық құрылымы екі компоненттен тұрады: сигнификат - сөзбен берілетін жалпы 
ұғым; денотат - сол сөзбен аталған нақты объект. Аталу процесінде сигнификат 
лингвистикалық ауқымнан шығып, атау мен объект арасындағы дәнекер бөлікке айналады. 
Атаулардың қойылу процесінде адамдар тобының (коллективтің) және жеке индивидумның 
мәні зор. Кез-келген географиялық атау, ең алдымен, жеке адам арқылы жасалып, жалпылық 
сипатта көпшіліктің пайдалануы арқылы жетеді.
 
4) Қоғамның маңызы. 
Атаулардың қалыптасып, бекітілуіне қоғамның тигізер әсері мол
(64, 153; 2, 8). Кез-келген атаудың, соның ішінде жер-су аттарының әлеуметтік мәні ерекше 
екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Оны тарихи деректердің өзі дәлелдеп отыр. Жалпы 
есімдер, тілдік жүйенің негізгі элементтерінің бірі ретінде халықтық мәдениеттің құрамдас 
бөлігі болып табылады. Халық арасындағы миграция географиялық атаулардың да миграцияға 
ұшырауына себепші болып отырады. Сондықтан қоғам үнемі өзінің атауларының жағдайын 
қадағалап отырады. Бүгінгі таңда жер-су атауларының берілуі мен өзгертілуі өте жоғары 
мемлекеттік құрылымдар тарапынан бақыланып отыратыны да сондықтан.
 
5 )Сыртқы жағдай.
 
Сыртқы жағдай атауларға үнемі әсерін тигізіп отырады. Кейде 
өзендер мен көлдер, орман-тоғайлар жойылып, табиғатта олардың атаулары ғана қалып 
отырады. Әлбетте, ол атаулар белгілі бір географиялық объектінің сыртқы сипатына сәйкес 
қалыптасады.
Ресми атауларды ешкім де қоя салмаған, олар стихиялы түрде пайда болды. Кейбір 
атаулар бірден пайда болғанымен, қалыптасу процесі ұзақ та баяу жүреді. Қазіргі топонимдер 
жүйесінен де осы процесті анық байқауға болады. Географиялық атаулар - қоғамдық құбылыс. 
Олар аталған обьектінің құрамдас бір бөлігі болып есептелмейдї. Жер-су аттарының өздері 
белгілейтін объектінің сапасын сипаттауы топонимдердің географиялық қасиетінен ғана 
туындамайды, олардың қоғаммен қатысына да байланысты. Сондықтан әрбір атаудың 
этимологиялық тұрғыдан қалыптасу себептері мен жолдарын көрсету - ғылыми маңызды 
мәселе. Ал ол себептер көбінесе, тарихи сипатта келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет