Бұрынғы тарихи атаулардың қайтадан қолданысқа оралуы. Мысалы, Кезінде
Жалпақтал, Тасқала, Ақжайық аудандары орталықтарының қазақ атаулары ығыстырылып,
олардың орнына
Фурманов, Камен, Чапаев есімдері берілген болатын. 70 жылға жуық
үстемдік құрған кірме атау жойылып, олардың орнына тарихи топонимдер кері оралды;
2 Бұрынғы атаулары белгісіз елді мекендерге қазақы, жаңа топонимдердің берілуі. Бұл құбылысты қазақ топонимиясындағы шын мәніндегі жаңа қозғалыс деп есептеуге
болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік аудандарына ХҮІІ ғасырда орыс қоныс
аударушылары орыс-казактар көшіп келе бастаған кезде өздерінің атауларын қойып,
бұрынғы тарихи атаулар жойылып кеткен еді. Жайлауы мен жерінен кеткен қазақтармен
бірге жер атауы да өшкен болатын. Міне, осындай елді мекендерге қазақша атаулар
берілуде. Мысалы, Тасқала ауданындағы
Степной аулын енді
Оян деп атайды.
Чапаев поселкасы енді
Нұрлы деп аталады.
2
Назарларыңызға ұсынылып ортырған сөздікте Батыс Қазақстан облысы
топонимиясының өзіне ғана тән, басқа аймақ топонимдеріне ұқсамайтын
стратиграфиялық қабаты бар екендігін дәлелдейтін жер – су атаулары толық қамтылды.
Әрбір стратиграфиялық қабатқа кіретін жер – су атаулары сөздікте жеке реестр арқылы
беріліп, қажет жағдайда оларға түсінік беріліп, топонимиялық талдау жасалды.
Қорыта келе, Батыс Қазақстан облысының топонимиясы өзіне ғана тән, басқа аймақ
топонимдеріне ұқсамайтын стратиграфиялық ерекшеліктерге ие болады. Оның әрбір
стратиграфиялық қабаттары аймақтың тарихи ерекшеліктерін, осы жерлердегі тарихи
кезеңдерді қамтиды. Сондықтан аймақ топонимиясының ерекшеліктерін анықтауда
стратиграфиялық қабат белгілі дәрежеде маңызды роль атқарады