ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет42/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Чинарево 
(Шынарлы)
 
т.б. 
Бұл ғылыми көпшілікке арналған кітапта облыс топонимиясының белгілі бір қабаты 
ретінде орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа да Европа тілдерінен енген атауларды өз 
алдына, дербес қабат ретінде берсек те, Батыс Қазақстан облысының топонимиялық 
жүйесіндегі олардың алатын орны мен маңызы жоғары деңгейде емес. Сондықтан біз бұл 
қабатқа кіретін жер-су атауларын қалыптасу себептері және ену кезеңдеріне сай атап кетумен 
ғана шектелдік. 
 
 
1.2.6. Жаңа қабат 
 
Тілдің басқа да қабаттарындағыдай топонимдер жүйесінде де үнемі даму, жетілу процесі 
болып отырады. Географиялық атаулардың дамуы мен эволюциясы қоғаммен тығыз қарым-
қатынасты сипатта келеді. Олардың белгілі бір объектінің атауы ретінде қалыптасып, 
тұрақталуына да қоғамның тигізетін әсері мол. Сөз жоқ, жалқы есімдер, соның ішінде 
топонимдер - халықтық мәдениеттің ажырамайтын бір бөлігі. Халық арасындағы миграция 
географиялық атаулардың да миграцияға ұшырауына себепші болады. Ал осы миграциялық 
процесс зардаптарынан арылу - бүгінгі таңдағы тәуелсіздікке қолдары жеткен түркі тілдес 
мемлекеттердің барлығының алдарында тұрған негізгі міндеттердің бір.
Қоғам үнемі өзінің жер-су атауларының жағдайын қадағалап отыруға тиіс. Кеңестік 
дәуірде бұл істі жүзеге асыруға үнемі мүмкіншілік болмағандығы да белгілі. Бүгінгі таңда жер-
су атауларының берілуі мен өзгертілуінің өте жоғары мемлекеттік құрылымдар тарапынан
қатаң қадағаланып отырғаны да сондықтан. Соңғы он жыл көлемінде Қазақстан топонимикасы 
өзінің дамуының ерекше бір сатысына көтерілді деп айта аламыз. Ұлттық сананың дамуы, 
халқымыздың демократиялық үрдістерге қол жеткізуі, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде 
даму жолына бет бұруы жер-су атауларының дамуына да тікелей әсерін тигізуде. Кеңестік 
дәуірде пайда болған топонимдер мен 90-жылдардан бергі уақытта пайда болған атауларды 
салыстыруға да болмайды. Сондықтан Батыс Қазақстан облысы топонимиясының жаңа 
қабатын, ең алдымен, үлкен екі топқа бөліп қарастырған дұрыс: 
1. 
Кеңестік дәуірде пайда болған ұлттық топонимдер (1917-1990 жж.);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет