ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет45/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


30 
II тарау. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІНІҢ 
МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
2.1. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің 
лексика-семантикалық сипаты. 
 
Атаулар табиғаты, оның пайда болуының себептері мен мағыналық ерекшеліктері 
ғалымдарды көне дәуірлерден бастап қызықтырды. Неліктен дәл осылай аталған? Осы атаудың 
беретін мағынасы қандай? Атау осы объектінің қандай ерекшеліктеріне байланысты берілген? 
Осы тәріздес бірқатар ономастика саласын зерттеушілерді сонау көне грек жерінде өмір сүрген 
стоиктерден бастап алаңдатты. Белгілі неміс философы, материалист Л.Фейербах «Атау 
дегеніміз - ерекше бөлектенетін белгі. Зат деп сипатталатын нәрсенің көзге түсетін қандай да 
болсын бір белгісін мен заттың өкілі етемін» деп түсіндірген болатын. Қалай десек те, 
географиялық атаулардың берілуінің белгілі бір заңдылығы болғандығы белгілі. Мысалы, 
көшпелілердің күн-көрісіне жер бедері (рельеф), ауа райы (климат), су, өсімдіктер, аңдар үлкен 
септігін тигізген

Географиялық обьектілерге, жер-суға ат қоюдың өз заңдылықтары бар. Әдетте 
обьектінің толып жатқан белгілерінің біреуі ғана адам үшін мәні бар белгі болып есептеліп, сол 
объектінің атауына негіз болады. Сондықтан географиялық атау үнемі қоғамның, ортаның ой-
санасын, көзқарасын, қасиетін білдіреді. Жер-су атаулары сол жердің қасиетін, қалпын ғана 
сипаттап қоймайды, сондай-ақ объектінің белгілі бір сирек белгісін де көрсетеді. 
Географиялық атаулардың пайда болуы - халықтық тілдегі обьектілерді белгілейтін 
мәңгілік творчестволық процесс. Мұның өзі географиялық атаулардың қалыптасуы мен дамуы 
адам баласының бүкіл өмірімен, әрбір халықтың тұрмысы мен өзіндік тарихи, мәдени, 
экономикалық т.б. ерекшеліктерімен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Мысалы, 
көшпенділер уақыт пен кеңістікті игеру, танып-түсіну арқылы бойлық бойынша шырқай 
көшіп, жыл басы сияқты ұдайы табиғаттың қолайлы белдеулерінде болып отырды. Өз өмірінің 
тіршілік-тірегі төрт түлік малын ілестіріп, қайырымы мол жер ананы өмірге қажетті мәңгілік 
тұрақ ете білді. Сондай өлкенің бірі - Батыс Қазақстан.
Кез келген тілдегі барлық жалқы есімдер, соның ішінде жер-су атаулары сол тілдің 
ономастикалық кеңістігін құрайды. Ономастикалық кеңістік қалыптасу ерекшеліктеріне, 
семантикалық сипатына, грамматикалық құрылымына сәйкес бірнеше топтарға бөлінеді. 
Ономастикалық кеңістік ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады. Осы 
процесте олар белгілі бір өзгерістерге де ұшырайды. Белгілі кезеңдерде олардың қалыптасуына 
негіз болған факторлар көмескіленіп, олар гипотетикалық және фантастикалық зоналарға 
енеді. Сондай-ақ, кейде ол обьектілер қосымша атауларымен де толықтырылады. Ертеректе 
қолданылып, кейіннен қолданыстан шыққан топонимдер осы ономастикондарға жатады.
Жалпы есім дегеніміз не және ол қалай пайда болған деген сұрақ ономастика 
саласындағы, соның ішінде топонимдерді ғылыми тұрғыдан интерпретациялау арқылы 
анықтау ісін жүргізетін көптеген ғалымдардың назарын өзіне аударды. Ал атаулардың 
қалыптасуы төңірегіндегі шынайы да толық ономастикалық тұжырымдар тек таза 
лингвистикалық ғана емес, сонымен бірге философиялық, логикалық, тарихи, этнографиялық, 
географиялық т.б. материалдар негізінде құрылуы тиіс. О.Т.Молчанованың зерттеуінде (63,73-
79) жалпы есімдердің қалыптасуына негіз болатын мынадай факторлар көрсетіледі: 
1) Тәжірибе.
 
Қоршаған ортаны тану арқылы сол жердің бұрын таныс емес белгілері адам 
санасында сақталып отырады. Осының нәтижесінде адам санасында объектінің образы 
(бейнесі) пайда болады. Атаулардың басты қасиеті - негізгі белгілерінің ерекше сипатталуы. 
Географиялық атаулар өздері белгілейтін объектілерге байлаулы келеді. 
2) Тілдік құралдар.
 
Тілдік құралдар топонимдердің қалыптасуына негіз болады. Олардың 
номинативтену процесі де тілдік құралдар арқылы жүзеге асады. Әрине, тіл-тілде 
номинативтенудің көптеген әдіс-тәсілдері бар. Алайда олардың арасында тілдік құралдар 
ерекше орын алатынын да есептен шығармаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет