Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға жалпы сипаттама. Этиологиясы және эпидемиялық процестің сипаттамасы. Алдын-алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.
I Кіріспе
I Кіріспе
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
II Негізгі бөлім
Мерез
Соз
СПИД
III Қорытынды
IV Әдебиеттер тізімі
Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар (ағылш. Sexually Transmitted Diseases (STD)) — көбіне жыныстық жолымен жұғатын инфекциялық аурулар.
Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар (ағылш. Sexually Transmitted Diseases (STD)) — көбіне жыныстық жолымен жұғатын инфекциялық аурулар.
Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады? Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.
Кіріспе
Мерез (лат. Syphilis) — жұқпалы созылмалы ауру. Қоздырғышы — Treponema pallidum.
Мерез (лат. Syphilis) — жұқпалы созылмалы ауру. Қоздырғышы — Treponema pallidum.
Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал,қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді.
Мерез
ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета (лат. Treponema pallidum) қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.
Мерез ауруы үш кезеңге бөлінеді. Алғашқы жасырын кезеңде сырқаттың белгісі үш-төрт аптадан кейін ғана біліне бастайды. Бұл кезде оның диагнозын дөп басып тану қиын. Бозғылт спирохета (лат. Treponema pallidum) қан арқылы адам организміне толық тарайды. Бұл кезең үш-төрт аптаға, кейде үш айға дейін созылады.
Бұл кезеңде адам өзінің ауырғанын білмейді, сондықтан, тиісті ем-дом жасалмай, ауру асқына береді де, басқаларға жұғады.