Кейде дерт науқас адаммен бір төсекте жатса, оның сүлгісін, ыдыс-аяғын пайдаланса да жұғуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы тек жыныс мүшесінің шырышты қабығын ғана қабындырып қоймайды, сондай-ақ көздің (қ. Бленнорея), ауыздың, тік ішектің (проктит ауруы) шырышты қабығын зақымдайды. Аурудың жасырын кезеңі бір күннен 2 — 3 аптаға дейін созылуы мүмкін. - Кейде дерт науқас адаммен бір төсекте жатса, оның сүлгісін, ыдыс-аяғын пайдаланса да жұғуы мүмкін. Аурудың қоздырғышы тек жыныс мүшесінің шырышты қабығын ғана қабындырып қоймайды, сондай-ақ көздің (қ. Бленнорея), ауыздың, тік ішектің (проктит ауруы) шырышты қабығын зақымдайды. Аурудың жасырын кезеңі бір күннен 2 — 3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Ауру еркектерде үрпіден, әйелдерде жатыр мойнынан басталады. Ер адам Соз ауруына шалдыққанда, гонококк ағзаға өткеннен кейін қабыну процесі жүреді. Науқастың денесі күйіп, қышына бастайды, кіші дәретке отырғанда ауырсынады. 1 — 2 күннен кейін несепке іріңді зат араласып, кіші дәретке отырғанда қуық қатты ашып ауырып, үрпі қызарып, ісінеді. - Ауру еркектерде үрпіден, әйелдерде жатыр мойнынан басталады. Ер адам Соз ауруына шалдыққанда, гонококк ағзаға өткеннен кейін қабыну процесі жүреді. Науқастың денесі күйіп, қышына бастайды, кіші дәретке отырғанда ауырсынады. 1 — 2 күннен кейін несепке іріңді зат араласып, кіші дәретке отырғанда қуық қатты ашып ауырып, үрпі қызарып, ісінеді.
Бұл кезде науқастың дене қызуы көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болып, тамаққа зауқы соқпайды. Әйелдер СОЗ-ға шалдыққанда, гонококк алдымен жатыр мойнының шырышты қабығын қабындырады. Әйелдерде ауру белгісі бірден білінбейді, сондықтан дерт асқынып кетеді. - Бұл кезде науқастың дене қызуы көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болып, тамаққа зауқы соқпайды. Әйелдер СОЗ-ға шалдыққанда, гонококк алдымен жатыр мойнының шырышты қабығын қабындырады. Әйелдерде ауру белгісі бірден білінбейді, сондықтан дерт асқынып кетеді.
Бұл кезде жатыр мойны іріңге толып, әйелдің белі және іші төмен тартып, қатты ауырады. Ауру әбден асқынғанда, кіші дәретке отыру қиындап, несепке қан араласады. Созбен ауырғанда дұрыс ем қабылдап, толық жазылып кетпесе, еркек те, әйел де бедеулікке шалдығады. Сондай-ақ дұрыс емделмеген Соз ауруы жеке органдарды (мыс., жүрек, буын, т.б.) да зақымдауы мүмкін. - Бұл кезде жатыр мойны іріңге толып, әйелдің белі және іші төмен тартып, қатты ауырады. Ауру әбден асқынғанда, кіші дәретке отыру қиындап, несепке қан араласады. Созбен ауырғанда дұрыс ем қабылдап, толық жазылып кетпесе, еркек те, әйел де бедеулікке шалдығады. Сондай-ақ дұрыс емделмеген Соз ауруы жеке органдарды (мыс., жүрек, буын, т.б.) да зақымдауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |