ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Бұл  топонимдердің көбі  құм, тас, сор, мола, оба, тал, құдық, сай, көл, өткел, бұлақ



Pdf көрінісі
бет57/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Бұл 
топонимдердің көбі 
құм, тас, сор, мола, оба, тал, құдық, сай, көл, өткел, бұлақ

шығанақ, 
қопа, қамыс, тау, ағаш, төбе, түбек, арал, шеген, айдын, қора, суат, өзек, өзен, шағыл, 
құм, құлақ 
 
сөздерімен тіркесіп келіп жасалады. Мысалы, 
Аққұм, Жиенқұм, Нарынқұм, 
Ащыбұлақ, Айқайшағыл, Көкшағыл, Тұщыөзек, Мүгедексай, Бозоба, Тірсексай, Ақоба, 
Тасшеген, Тартүбек, Жалпақсай, Сарышығанақ, Соркөл, Қамысқопа, Шымқұдық, 
Маймақтєбе, Майтүбек, Оймақкєл, Батпақкєл, Ащысай, Ащықұдық, Арғысай, Қамысқора, 


37 
Төменгісай, Сасықкөл, Барбастау
т.б. Ол сөздер топонимикада әр түрлі атауларға ие болып 
жүр.
Г.Қ. Қоңғашбаев оларды «қазақтың халықтық география терминдері» деп атаса (29,3), 
Б.Серебренников бұл сөздерді «индикатор-терминдер» (64,37) деп белгілейді. Топонимиялық 
детерминативтердің (географиялық терминдер) объектінің түрлі қасиеттерін берудегі ролінің 
шын мәнінде жоғары екендігін айта отырып, осы географиялық терминдерді қарапайым 
халықтың өздерінің ойлап тапқандығына таңданасың. Демек, халық түрлі объектілерге ат 
қойып, белгі тағу процесінде сол объектінің түрлі геофизикалық қасиеттері мен ерекшеліктерін 
мүлтіксіз қамтыған. Ә.Қоңқашбаевтың осы сөздерді «халықтық географиялық терминдер» деп 
атауы өте орынды екенін осыдан да көреміз.
 
Географиялық терминдер белгілі бір объектінің 
түрлі қасиетін беруде үлкен қызмет атқарады. Олардың топонимикадағы ролін Э.М.Мурзаев 
«топонимдердің мағынасын, семантикасын анықтауда жергілікті географиялық терминдердің 
мәні зор. Сол себептен де топонимиялық зерттеулер халықтық географиялық терминдерді 
жинау, олардың мағынасын түсініп, талдау негізінде болуы жөн»
деп жоғары бағалады (46, 
99).
 
Әдетте географ пен қарапайым адамның объектіге көзқарасы екі түрлі болып келеді: 
географ одан рельефті көрсе, жергілікті тұрғын объектінің шаруаға пайдасы тұрғысынан 
қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет