ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Үлкен Аңқаты, Кіші Айдархан, Шолақ Аңқаты



Pdf көрінісі
бет70/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Үлкен Аңқаты, Кіші Айдархан, Шолақ Аңқаты, 
Кіші Сейтек, Үлкен Сейтек 
т.б. Тіркесті топонимдердің бұл түрі 
бинарлы топонимдер
деп 
аталады (74, 42-43).
Қос компоненттің тіркесті топонимдер матаса және қабыса байланысқан атауыш сөздер мен 
көмекші есімдердің тіркесінен жасалып, шаңын, белгісіздеу обьектінің орнын дәл көрсету 
мұқтаждығынан пайда болады. Неғұрлым танымал обьектіге бағытталады да, (елді мекен, өзен, 
тау, су т.б. болсын) соған жақын жерді нақты детальдап көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, 
Бергісай, Арғысай. 
Осы тіркестегі бағыт беруші топонимдер елді мекендердің атауына 
айналған. Бірақ мұндай құрылымдағы топонимдер санаулы ғана. 
 
Батыс Қазақстан күрделі топонимдерінің құрамында 
гибридті күрделі топонимдер
мен
 
калькіленген топонимдер
кездеседі. Гибридті күрделі топонимдерге бір компоненті кірме сөз 
болып келетін атаулар жатады. Мысалы,
 Большой Шаған, Малый Шаған

Павел өзені, Ұзын 
Иван, Иванқұдық, Николай аула, Жетіскірт,
Ақшкол
,
Тоқтыбаран. 
Бұл елді мекендер 
атауының бір сыңары төл сөзден, екінші сыңары кірме сөзден жасалған. Ал кейбір атаулар 
қазақ жерінде бұрыннан бар топонимдерге сәйкес калькіленіп жасалған. Олардың ішінде 
жартылай калькіленгені де, толық .калькіленген мағынасы анық, түсініктілері де бар. Мысалы, 
Новоказанка - Жаңақала, Каменка - Тасқала, Пятимар - Бесоба, Красногор - Қызылоба, 
Краснояр - Қызылжар, Крутая - Үңгіртас. 
Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің күрделі түрі сөзжасам тәсілдерінің 
грамматикалық заңдылықтарына сәйкес аналитикалық тәсіл арқылы қалыптасқан 
грамматикалық единицаларға жатады. Сонымен, облыс топонимдерінің туынды түрлері қазақ 
тілінде қалыптасқан семантикалық, синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы 
қалыптасып, топонимдердің белгілі бір тобын құрайды. Олардың саны топонимдердің дара 
түріне қарағанда әлдеқайда көп болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет