Жетікөл, Сегізсай, Бесқұдық, Қырыққұдық, Тоғызқарағай, Беспішен, Бесотар, Үша 7.
Үшана, Үшағаш, Алтықора, Төртқұлақ т.б.
8.
Зат есім мен етістіктен жасалған
біріккен күрделі топонимдер: Мысалы,
Астаусалған, Қазанкеткен, Құнаншапқан, Қошқарсойған, Қалмаққырған, Нарөлген ,
Қашарқашқан, Жылқыайдар, Таласкөл т.б.
9.
Етістік пен зат есімнің бірігуінен қалыптасқан
біріккен күрделі топонимдер: Мысалы,
Күүйгенкөл, Тескенсай, Кепкенсай т.б.
Біріккен күрделі топонимдердїң басым көпшілігі қос компонентті болып келсе де, аймақ
топонимдері арасында үш сөздің бірігуінен жасалған
біріккен күрделі топонимдер де
кездеседі. Олардың саны алдыңғыларға қарағанда аз болып келеді. Мысалы,
Беккұлсай, Сарбастыкөл, Қарақойсойған, Көкатөлген, Ақтайсай, Үштерексай т.б.
2) Тіркесті күрделі топонимдер құрылысына қарай
қос компонентті және
көп компонентті түрде кездеседі. Қос компонентті күрделі топонимдер төмендегідей модельдік
құрылымдарда келеді:
1. Қос
компонентті
тіркесті
топонимдер
матаса
байланысып,
изафеттік
құрылымдармен келеді де, белгілі бір объектінің кімге немесе неге меншікті екендігін
көрсетеді. Мысалы,
Ниязбек сайы, Жәңке суаты, Хан тоғайы, Шәрімбет сайы, Бекжан бұлақ, Едіге тоғайы, Тіленші өзені т.б.
2. Қос компонентті тіркесті топонимдер қабыса байланысып, белгілі бір объектінің
қасиетін, сын-сипатын береді. Мысалы,