Қр конституциясы І бөлім. Жалпы ережелер 1-бап


) өздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді атқарады



бет28/57
Дата07.02.2022
өлшемі6,94 Mb.
#92118
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
ҚР Конституциясы (1)

8) өздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді атқарады.

  • Мәжіліс Төрағасы:
  • 1) Парламент сессияларын ашады;

    2) Палаталардың кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді.

  • Палаталардың төрағалары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады.

  • 58-бап
    • Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.
    • Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.
    • Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.
    • Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
    • Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
    • Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. Республика Президентінің, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.

    59-бап
    • Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.
    • Палаталардың бірлескен қызметтеріне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
    • Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
    • Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді. .

    60-бап
    • Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
    • Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгілеген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады.
    • Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға:


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет