ҚР мен шетел мемлекеттерінде инклюзивті білім берудің даму тарихы. Л.С.Выготсскийдің мәдени- тарихи теориясы
Дайындаған: Амангелдиева Аружан
Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени- этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі.
Француз тілінен аударғанда «Инклюзив» сөзі-өзімді қосқанда ал, латын тілінен аударғанда -қосамын деген мағынаны білдіреді. Н. В. Борисова, С. А. Прушинский және М. Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады
Осы ғалымдадың редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование: ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашты.
Аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылдары АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру бағдарламасын толық енгізді.
Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды
1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды.
Негізгі бағыт Жалпы білім инициативасы Енгізу Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар:яғни,
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада жүзеге асырылады.
Олар:
нұсқа,бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды,мұндай типте психикалық дамында кешігушілік бар балалар қарастырылған.
нұсқа бойынша,бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады,бұл типте әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар білім алады .
нұсқа бойынша, бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды.
мұнда бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т. б. қарастырылған.