Сергіту сәті. Ойын: «Мен қайдамын?».
Мақсаты: кеңістікте бағдарлауын, есту арқылы қабылдауы мен көру есін дамыту, зейінін аудару.
Жүргізуші: Қазір мен сендермен мынадай ойын ойнамақпын. Сендердің араларыңнан біреу ізкесуші болып сайланады. Біз оның көзін байлаймыз. Ол бөлменің бұрышында тұрады, ал қалғаңдарын бөлменің әр жерінен орын аласыңдар. Балалар өз орындарын тауып болған соң ізкесуші балалардың біреуінің атын айтады. Сол бала тұрған орынан қозғалмастан маңайындағы кез-келген затты тоқылдатады. Ізкесуші дыбыстың шығуна байланысты өзі атын атаған баланың қай жақта тұрғандығын атайды. Дұрыс танып, атаса басқа бала ізкесуші болып сайланып, ойын ары қарай жалғастырылады.
2 жаттығу:
Мақсаты: көру есін дамытуға бағытталған.
Баланың алдына таяқшалар ұсынылады. Бұл таяқшалардан қандай да қарапайым денелер (үй, шаршы, үшбұрыш) жасауға болады. Бала назарын осы денелерге аударып, кейін құрастырылған денелерді жауып қойып, еске түсіруін сұраймыз. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады (түрлі-түсті таяқшаларды қолдану арқылы). Бала түс бойынша таяқшалардың орналасу ретін еске сақтап, өз еркімен құрастыра алуы керек.
Келесі нұсқа: құрастырылған дене таяқшаларын санау арқылы баланың көру есі ғана емес, санау іскерлігі де жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |