Есті сақтауды дамытуға арналған сабақтар.
Сабақ 1.
Мақсаты: Баланың өз бетімен іс-әрекетін, шапшаңдығын, бейнелі ойлау қабылетімен есте сақтауын дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: қарындаш, ақ парақ, түрлі-түсті бояу қарандаш, фломастер.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң оларға ойын ұсынылады. «Сәнді қимыл» ойыны. Әрқайсысы өз ойынан қимыл ойлап, бөлме ішінде ары-бері қимылды көрсетіп 2-3 минут жүреді. Кімнің қимылы сәнді? Назар аударғандары ұнаған қимылдарын салып, ойынды жалғастырады.
Сабақұтың мазмұны.
1 жаттығу: «Бейнелі ойлауы мен сезімталдығын дамыту».
Мақсаты: Баланың бекйнелі ойлауын жетілдіру.
Жүргізуші: «Мен сендерге мысалдар айтамын, ал сендер әр айтылған мысал сайын көздеріңді жұмып, суреттен көріп оырғандай елестетіңдер».
*Елікке шабуыл жасаған арыстан.
*Құйрығын бұлғандатып тұрған ит.
*Көжеге түскен шыбын.
*Қараңғыда түскен найзағай.
*Сүйікті көйлегіне түскен дақ.
*Күн көзінде жалтылдаған тамшылар.
*Сүйікті ойыншығынды ұрлап бара жатқан досың.
Енді жоғарыда айтылған мысалдарды естеріңе түсіріп, ақ параққа жазып көрсетіңдер. Бұл жаттығуды қолдану арқылы баланың көру есін дамытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |