ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы». Баяндама Орындаған: Адилов Айдос азт-101 Тексерген:Ғанибаева Жайдарман


 Қазiргi жастардың өзектi проблемалары



бет4/14
Дата15.12.2021
өлшемі35,42 Kb.
#101450
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ОСӨЖ10 Адилов Айдос

1. Қазiргi жастардың өзектi проблемалары 

Қазақстан жастарын әлеуметтендiру мәселелерiндегi қауiптер мен тәуекелдер мемлекеттiк жастар саясатының өзектi күн тәртiбiн қалыптастырады, мемлекеттiк органдардың, корпоративтiк сектордың және азаматтық қоғам институттарының бәрiнiң күш-жiгерi соның айналасына шоғырлануға тиiс. 

1. Дәстүрлi құндылықтар жүйесiне жаһанданудың қысымы 

Жаһандану процесi экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени даму деңгейi әртүрлi мемлекеттердiң ұлттық шекараларын ашады. Жаппай тұтыну мәдениетiнiң қысымымен дәстүрлi құндылықтардың аражiгi жойылып бара жатыр. 

Бүгiнде бүкiл әлемде ұлттық мемлекеттер жас ұрпаққа ашық әлем шарттарында қоғамның дамуындағы сабақтастықты сақтап қалуға мүмкiндiк беретiн құндылықтардың сенiмдi жүйесiн ұсынуға мүдделiлiк танытып отыр. 

2. Еңбек құндылықтарының доминантты емес дәрежесi 

Қазiргi уақытта жастар арасында прагматикалық бағдар күшейiп келе жатыр. Өмiр құндылықтарының қатарында материалдық игiлiктерге ұмтылу анағұрлым маңызды болып отыр. Бұл ретте көбiнесе өмiрдегi жетiстiк, әлеуметтiк жоғары мәртебеге қол жеткiзу өз қабiлетiмен еңбек етумен, алға қойған мақсаттарға қол жеткiзумен, қойылған мақсатқа бiртiндеп жетумен тiкелей байланыстырылмайды. 

3. Патернализм және әлеуметтiк инфантилизм 

Экономикалық өсу қоғамда әлеуметтiк межелердiң ұлғаюымен қоса жүретiнiн, мемлекетке деген патерналистiк көңiл-күйдiң тарауына және инфантильдi азаматтардың ұрпағын қалыптастыруға ықпал ететiнiн әлемдiк практика көрсетiп отыр. Мұндай құбылыстар Қазақстанда да байқалады. Социологиялық зерттеулер бүгiнде Қазақстан жастарының 58%-ы өз мәселелерiн шешуде мемлекет тарапынан болатын көмекке толықтай сенiм артатынын, бозбалалар мен бойжеткендердiң 92,5%-ы тiкелей қолдауды және жұмысқа орналасуда әлдекiмдердiң қол ұшын беруiн күтетiнiн растап отыр. 

4. Тұтынушылыққа құштарлық 

Жастардың дүниетанымдық дағдарысының бiр көрiнiсi — жаппай тұтынушы қоғам дағдарысының бiр бөлiгiне айналған тұтынушылыққа құштарлық болып табылады. Жастардың қазiргi өмiр сүру тәсiлiнiң ерекшелiгi болып табылатын тұтынушылық тәжiрибе олардың тек қана материалдық байлыққа ие болуын көздейдi. 

5. Жастар арасындағы радикализм қаупi 

Өмiрлiк тәжiрибесi мен бiлiмi жоқ жастар өзiнiң саяси мақсаттарын iске асыру үшiн жастарды айналдыратын сыртқы және iшкi ыдыратушы күштердiң ықпалында қалу қаупiне ұшырайды. Экстремистiк көзқарастар мен идеялардың жастар арасына енуi, жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге итермелеу қоғамдағы этносаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық келiсiмдердi бұзу қаупiн туғызады. 

6. Жастар маргинализациясы 

Мемлекет атқарып отырған жедел әлеуметтiк жаңғырту жағдайында мiнез-құлқы жалпыға бiрдей қабылданған, қалыптасқан нормалардан көбiнесе ерекшеленетiн, қайта құрудан «артта қалған» әлеуметтiк топтар пайда болады. Әлеуметтiк аутсайдерлердiң немесе маргиналды жастардың пайда болуы қоғамға кiрiгудiң және жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға бейiмделудiң қиындығына байланысты. 

Сонымен қатар, жастардың әлеуметтену процесi, оларды қоғамдық-саяси өмiрге жұмылдыру мынадай құндылықтарға негiзделедi: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет