ҚР-ның жастар саясаты туралы « Қазақстан-2020» даму бағдарламасы».
Баяндама
Орындаған:Адилов Айдос
АЗТ-101
Тексерген:Ғанибаева Жайдарман
2020-2021
Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан 2050» стратегиясының түйiндi мақсаттарының бiрi болып табылады.
Бүгiнде елiмiз өзiнiң алдына әлеуметтiк жаңғыру, үдемелi инновациялық индустрияландыру және экономикалық ықпалдасу бойынша жаңа ауқымды мiндеттер қояды. Тәуелсiздiктiң 20 жылындағы жетiстiктердi бекiте отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшiншi он жылдығында әлемнiң дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына кiруге ниет бiлдiредi.
Бұл жағдайларда аға буынның жасампаз iстерiн жалғастыруға, ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттiлiктiң деңгейiн одан әрi жоғарылатуға, Қазақстанның XXI ғасырда гүлденуi мен әлемдiк танылуын қамтамасыз етуге тиiс жастарға үлкен үмiт пен жауапкершiлiк жүктеледi.
Мұндай миссия кәсiптiк бiлiмi, денi сау әрi адамгершiлiгi мол, бәсекеге қабiлетті патриот және әлеуметтiк тұрғыдан жауапты жастардың ғана қолынан келедi. Осыған байланысты мемлекеттiң басым мiндетi мемлекеттiк жастар саясаты уақыт талаптарына сай бейiмдеу арқылы жастарды Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң маңызды факторына айналдыру.
Достарыңызбен бөлісу: |