Мемлекеттiк жастар саясаты
Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуi мемлекет назарында болды және қала бередi.
1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 тамыздағы өкiмiмен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Кейiннен аталған құжатты Үкiмет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бiрқатар бағдарламалар, оның iшiнде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003–2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005–2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудiң 2006–2008 жылдарға арналған бағдарламасы iске асырылды.
Аталған бағдарламалардың бәрi жастардың бiлiм, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтiк құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетiн дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендiру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшiн жағдай жасауға бағытталға
Жалпы алғанда, қазiргi уақытта әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгiнде елiмiзд
е iске асырылып жатқан бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, тiлдердi дамытудың, үдемелi индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттiк бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен қамту–2020», «Бизнестiң жол картасы–2020», «Қолжетiмдi тұрғын үй–2020» бағдарламалары бағытталған.
Қазақстан жастарына бiлiм деңгейiнiң жоғары болуы тән. Жоғары бiлiмi бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта бiлiмi бар жастардың саны 2 есе дерлiк өстi. Жоғары бiлiмi бар ауыл жастарының саны 6 есе, қала жастарының саны 4 есе өстi. Тұтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40%-ының жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта бiлiмi бар.
Достарыңызбен бөлісу: |