ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы». Баяндама Орындаған: Адилов Айдос азт-101 Тексерген:Ғанибаева Жайдарман



бет5/14
Дата15.12.2021
өлшемі35,42 Kb.
#101450
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ОСӨЖ10 Адилов Айдос

Патриотизм 

«Патриот болу — бұл Қазақстанды өз жүрегiңде ұялату» — Мемлекет басшысы бұл құндылықты осылайша айқындап бердi. Жас қазақстандықтар үшiн Елбасының өмiрi мен еңбек жолы — өз елiнiң патриоты болудың жарқын үлгiсi болып табылады. 

Отан өз жерiне, оның тарихына, мәдениетiне, онда тұратын халыққа, мерекелерi мен күнделiктi тiрлiгiне, мемлекеттiк нышандарына деген айрықша тұлғалық қарым-қатынас қалыптасатын отбасыдан басталады. 

Жастардың санасына патриотизм — өзiң, отбасың және бiздiң Отанымыз үшiн ұлы жауапкершiлiк екенiн сiңiру ерекше маңызды. 



Халық бiрлiгi 

Тұрақтылық — Қазақстанның 20 жылдық дамуындағы табысының негiзi және басты нәтижелерiнiң бiрi. Көп этносты және көпконфессиялы Қазақстан халқының бiрлiгi — абсолюттiк құндылық және барша ұрпақтың мiндетi — осы құндылықтарды қорғау және елдi көркейту жолында оны дамытып, орнықтыра түсу. 

Мәдени саналуандық — бұл адамдарды бөлмейтiн, керiсiнше бiрiктiретiн құндылық. Этникалық алуандыққа негiзделген қазақстандық дүниетаным әлемдiк мәдениет ағынына батып жоғалып кетпеуге тиiс, оны жас ұрпақ бiрегей ұлттық игiлiк ретiнде сақтауы керек. 

Жастарды адамгершiлiк жағынан қалыптастыру процесiне әсер ете отырып, мемлекет мәдениеттiң жалпы деңгейiнiң өсуiне, коммуникациялық технологияларды дамытуға назар аударуы тиiс. 

Жастардың даму деңгейiнiң үшiншi мыңжылдықтың талаптарына сәйкес болуына қол жеткiзу қажет. Ар-ождан және дiни сенiм еркiндiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету жұмыстың маңызды бағытына айналуға тиiс. 

Толеранттылық 

Елбасының этносаралық және конфессияаралық келiсiмiнiң теңдессiз үлгiсi жас ұрпақтың толеранттылығын қалыптастырудың, олардың этностық және дiни ерекшелiктердi түсiнiстiкпен қарауының және құрметпен қабылдауының негiзiне айналуы керек. Мәдениеттер, дiндер мен өркениеттер диалогының түйiскен орны, Шығыс пен Батыс арасындағы көпiр болып табылатын елдiң жастары басқаларға қарағанда бейбiтшiлiк пен келiсiм мәдениетiн таратуға мүдделi болуы тиiс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет