Дәріс оқушы: Жамантаева Ж.Қ. -12 жылдық білім беру проблемалары зертханасының әдіскері
Білім беру жүйесіндегі әлемдік дамудың негізгі үрдістері
Слайд 1
Білім беру жүйесіндегі әлемдік үрдістер халықтың жалпы білім деңгейінің өсуімен, үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуымен, жалпы орта білім берудің ұзақтығының ұлғаюымен сипатталады;
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту үрдістері, білім беру мазмұның құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздеу және т.б. үрдістер байқалып отыр;
Бүгінгі таңда педагогика адамзат қажеттілігіне жауап беретін, қоғамның қарқынды дамуына сәйкес келетін білім беру мақсатына және жаңартылған әлеуметтік рөліне баса назар аударады.
Оқытудын дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
12 жылдық жалпы орта білімнің мақсаты
Слайд 2
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
12 жылдық жалпы орта білімнің міндеттері
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әреқет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді үйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен езіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауатгылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.
Слайд3
Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Әлеуметтік-еңбек қузыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүдде сіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкдал етуді қарастырады.
Слайд 4
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан (2008 ж.):
“Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту”.
Слайд 5
ҚР білім беру басымдықтары:
ұлттық байлық
ұлттың және тұлғаның өркендеуінің негізі
мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету
тұлғаның базалық мәдениетінің және оның жалпы және функциялық сауатының қалыптасуы
тұлғаны әлеуметтендіру
кәсіби қалыптасу және өзгермелі әлемнің динамикасына бейімделу
Слайд 6
Орта білім берудің жаңа моделі қамтамасыз етеді:
оқушының «дайын білімді алушы» ретіндегі пассивті қалпынан оның танымдық процестегі «белсенді субъект» қалпына көшуін қамтамасыз ететін мектептің іс-әрекетіндегі негізгі процесс ретінде оқытудың рөлін күшейту;
оқу-тәрбие процесінде оқу пәні құралдарының көмегімен оқушыларда құзырлылықтарды қалыптастыру;
жалпы орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, әр білім деңгейіндегі мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуі;
оқытудан күтілетін нәтижелердің әр деңгейлі жүйесін құрудағы, жеке тұлғаның әр білім беру деңгейіндегі дәйекті дамуын көрсететін сабақтастықтың сақталуы;
мектеп бітірушінің білім деңгейіне сәйкес келетін жеке қаситетерін құзырлылықтар түрінде күтілетін нәтиже ретінде болжау;
оқу-тәрбие процесінде оқушылардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ету;
қажетті құзырлылықтарды меңгерудегі оқушылардың білім жетістіктері деңгейін анықтау негізінде Оқушылардың, мектеп пен білім беру жүйесінің даму динамикасының мониторингі.
Слайд 7
12 жылдық білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері
Тұжырымдама;
ҚР МЖБС 2007 ж.;
Жалпы білім берудің оқу бағдарламасы;
Пәндік оқу бағдарламалары;
12 баллдық бағалау жүйесі;
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері;
Сабақтың құрылымын жаңарту;
Оқулықтың құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері;
Слайд8
ҚР МЖБС қолдану саласы
1.1 Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) орта білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушының даярлық деңгейі мен сапасына қойылатын талаптарды белгілейді; білім беру салалары бойынша білім, іскерлік және дағдыларды, түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді нақтылайды; білім алушының табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді.
1.2 Осы Стандарт:
білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына;
педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеген кезде орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарына, білім беру ұйымдарына;
білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеген кезінде ғылыми және оқу орындарына, білім беру саласындағы мамандарға;
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеген кезінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарына;
білім алушыларды қабылдаған кезде білімін бақылау үшін техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына;
жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған бақылау-өлшеуіш материалдарын әзірлеген кезінде мемлекеттік басқару органдарына;
білім алушының оқу сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырған кезінде білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға қолдану үшін арналған.
Стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары білім беру қызметін лицензиялаған, білім беру ұйымдарын аттестаттаған, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындаған, осы құжаттардың орындалуын бақылаған кезде пайдаланылады.
Слайд 9
МЖБС, құзыреттілік, құзырет туралы түсінік
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС): білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін, білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің жиынтығын айқындайтын, білім беру салалары бойынша білім, іскерлік, дағдылар және қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне, білім берудің базалық мазмұнының құрылымы мен құрамына, білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлеміне, білім сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейтін және білім алушылардың табысты әлеуметтенуіне ықпал ететін нормативтік құжат.
Құзыреттілік: оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.
Құзырет: білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жұмылдыруға дайындық.
Слайд 10
12 жылдық білім берудің МЖБС-ның тұжырымдамалық негіздері
Осы стандарт жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің келісілген білім беру мүддесі мен мүмкіндігін танытады және реттейді.
Стандартты қолдану:
• білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуде;
• әлемдік үрдістерді ескере және қазақстандық мектептің озық дәстүрлерін сақтай отырып еліміздің білім беру жүйесін дамытуда;
• білім сапасын қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім берудің жаңа нәтижесі есебінен арттыруды және білім алушының, педагогтың, білім беру ұйымдарының іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау жүйесін жасауда;
Слайд 11
Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагог қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.
Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагог қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.
Осы Стандарттың шеңберінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан осы Стандарт талаптарының орындалуына жауапты.
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары осы Стандартқа және белгіленген тәртіппен білім беру саласының Уәкілетті органдары бекіткен басқа да оқу-нормативтік құжаттарға сәйкес оқытуды жүзеге асырады.
Слайд 12
Осы Стандарттың ережесі пәндер бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларының шеңберінде ашылады және нақтыланады.
Осы Стандарттың ережесі пәндер бойынша стандарттар мен оқу бағдарламаларының шеңберінде ашылады және нақтыланады.
Білім беру деңгейлері бойынша оқу пәндерінің жалпыға міндетті стандарттарының және сыныптар бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының (ЖОБ) мазмұны:
• оқу пәнінің жалпы сипаттамасын (оқытудың мақсаттары мен міндеттерін);
• оқу пәніне оқытудың жоспарланған нәтижелерін;
• оқу пәнінің базалық мазмұнын;
• оқу пәні бойынша оқу және тәрбие үдерісін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қойылатын талаптарды;
• пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.
Республиканың орта білім беру ұйымдарында меншік нысандарынан, ведомстволық бағыныстылығынан, типтері мен түрлерінен тәуелсіз оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;
орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасау;
орта білім беру ұйымдарын қаржыландыру;
орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау;
білім беру сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде міндетті болып табылады.
Слайд 14
12 жылдық орта білімнің құрылымы
Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартымен білім берудің сабақтастық және үздіксіздік қағидаттары негізінде қызмет ететін білім берудің мынадай деңгейлерінің негізгі ережелері регламенттелген:
• нормативтік оқыту мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш білім беру деңгейі (1 - 4 сыныптар, оқудың басталуы – 6 жастан);
• нормативтік оқыту мерзімі 6 жыл болатын негізгі орта білім беру деңгейі (5 – 10 сыныптар);
• нормативтік оқыту мерзімі 2 жыл болатын орта білім беру деңгейі (жалпы орта білім беру) (11 – 12 сыныптар).
Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу іс–әрекетін меңгеруі және олардың жеке қасиеттерін ашу үшін жағдай жасау.
Бастауыш мектепте оқу-іс әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санауды үйренуге керекті білім, білік, дағдылар жүйесін игертуді, осы деңгейдің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Слайд 15
Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.
Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.
Негізгі мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру миханизмдерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін меңгеруін, кәсіби ниеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Білім алушыларды болашақ оқыту бейінінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастыру қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындығы енгізіледі.
Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.
Слайд 16
Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.
Білім алушылар даярлығының сапасына қойылатын талаптар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру оқу бағдарламаларының міндетті мазмұнын айқындайды.
Стандартпен айқындалатын білім беру нәтижелері, орта білім беру стандарттары мен пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны және оларға сәйкес оқу-әдістемелік сүйемелдеу арқылы қалыптастырылатын орта білім берудің мақсаттық ұстанымдарының сипаттамасы болып табылады.
Білім алушылар даярлығының міндетті деңгейі күтілетін оқыту нәтижелерінің сипатталуы түрінде беріледі және сол деңгейге жетуді бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес осы Стандарт негізінде мынадай білім беру нәтижелері регламенттелген:
• білім алушыларды әлеуметтендіру – бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
• метапәндік нәтижелер – оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;
• пәнді оқыту нәтижелері – игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер.
Тұлғаны әлеуметтендіру
Слайд 19
6.1.1 Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:
саяси мәні бар қызметтің – оқу қызметінің жаңа түрін және әлеуметтік ынтымақтастық негіздерін игеруімен;
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар және олардың тұлға ретінде: «Мен - адаммын, ұжымшылмын, патриотпын, азаматпын», Отан, Жер, Әлем, Табиғат ұғымдары туралы алғашқы түсінігінің болуымен;
қазақстандық қоғамда және жер шарында бейбітшілікті сақтау үшін халықтар бірлігінің, ұлтаралық қатынастардың және шыдамдылықтың маңыздылығын түсінуімен;
жаңа әлеуметтік маңызды рөлдер (оқушы, ұжым мүшесі, сыныптас, және т.б.) туралы ұғымының болуымен;
рухани-адамгершілік мінез туралы білім мен іскерлік негіздерін игерумен, балалар ұжымындағы этикалық нормаларды білуімен, берік достық байланыс орнатуымен;
балалар қоғамдастығындағы тұлғааралық қатынастардың негізін түсінуімен және оған жағымды әлеуметтік мәртебесін бекітуге талпынуымен;
адам өмірі мен қоғамдағы еңбектің рөлін түсінуімен, мамандықтың көптүрлілігі туралы алғашқы көзқарасының болуымен;
өзінің және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың мәдени құндылықтарын білуімен;
алғашқы экологиялық білімі мен іскерлігінің болуымен, табиғатты қорғаудың қажеттігін түсінуімен;
жеке және тазалық сақтаудың гигиеналық дағдыларын, дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруімен;
ер бала мен қыз бала арасындағы ерекшеліктер туралы және гендерлік әдеп туралы түсінігінің болуымен анықталады.
6.1.2 Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:
6.1.2 Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелері мынадай жетістіктермен:
әлеуметтік және адамгершілік есеюді дамытудың негізі ретінде өз құрбыларымен және басқа да педагогикалық үдеріске қатысушылармен мәдени қарым-қатынасты меңгеруімен, жаңа әлеуметтік рөлдерді игеруімен;
дүниетанымдық проблемаларды саналы түрде меңгеруімен (құрбыларының арасында әлеуметтік мәртебесінің болуы және т.б.), оң ұстаным орнатуымен және оның негізінде іс-әрекетінің болуымен;
рухани-адамгершілік, азаматтық-отансүйгіштік тұрғыда өмір салтын құру талаптарының болуымен, оны өзінің іс-әрекеті арқылы жүзеге асыруымен;
мектепте және одан тыс жерлерде (қосымша білім беру ұйымдары, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелері және т.б.) әлеуметтік қатынастар білімі мен іскерлігін меңгеруімен;
ұжымда, басқа да әлеуметтік топтарда өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру үшін өзінің және басқа да адамдардың тұлғалық қасиетін қолдана алу біліктілігімен;
өз мүмкіндігін толық іске асыру және өз тағдырын шешу мақсатындағы түрлі іс-әрекет біліктілігімен;
болашақ кәсіби қызмет саласына қарай бейіндік оқуды таңдаудың маңыздылығын ұғынуымен;
әлемдік мәдениет жетістіктері мен құндылықтарын меңгеруге деген қызығушылығы мен талаптарының бар болуымен;
қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілігін және қызметтің барлық түрлерінде оны қамқорлыққа алу керектігін сезінуімен;
денсаулығын қазіргі заманғы социумда өмірлік жоспарларды іске асыру құндылықтары мен талаптары ретінде түсінуімен;
гендерлік мінез-құлыққа сәйкес білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруімен анықталады.
Слайд 20
6.1.3 Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелелері келесідей жетістіктермен:
6.1.3 Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының табысты әлеуметтенуінің жеке нәтижелелері келесідей жетістіктермен:
кәсіптік-оқу және басқа да әлеуметтік маңызы бар қызмет түрлерінің мәнін (әлеуметтік ынтымақтастықты) өз бетінше өмір сүріп, еңбек етуге дайындық құралы ретінде түсіне білуімен;
қоршаған ортаға, өз-өзіне, табиғатқа, қоғамға деген біртұтас дүниетанымдық көзқарастарының болуымен және соған сәйкес әрекет жасай алуымен;
өзінің даралығын және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі іске асыруға даярлығын сезінуімен;
мектепте және одан тыс жерлерде әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас тәжірибесін пайдалана білуімен;
өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі бақылауға сәйкес ұстанымдарын меңгеруімен;
рухани-адамгершілік, азаматтық-отаншылдық, белсенді өмір салтын құру ұстанымдары мен сенімдеріне сәйкес іс-әрекеттің барлық түрлеріне қатынасуымен;
жастар мәдениетіне тән нормаларға бағынатын бейресми, түрлі жастағы ұжымдар мен топтарда қарым-қатынас жасауға қажеттілігінің және даярлығының болуымен;
таңдаған болашақ кәсіби қызметін саналы түрде жүзеге асыруымен және өмірлік жоспарларын анықтауымен;
өзін әлемнің азаматы ретінде сезіне білуімен, көпмәдениетті тұлғаның сапаларын иеленуімен,
қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтерге, қоғамдық акцияларға, компанияларға, еріктілер қозғалысына жүйелі түрде қатыса білуімен;
салауатты өмір салтына қажеттігі мен даярлығының болуымен;
өзін қоғамның лайықты өкілі және болашақ отбасы иесі ретінде сезінуімен анықталады.
Слайд 21
6.2 Білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер
6.2 Білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер
Білім беру мазмұны әрбір білім алушының Стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:
проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;
ақпараттық құзыреттілік;
коммуникативтік құзыреттілік.
6.2.1 Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:
түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға (яғни, атқарылатын міндетке барабар технологияларды әзірлеуге);
өзін-өзі бағалауға және өзінің іс- әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;
түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдауына;
қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік береді.
Слайд 22
6.2.4.1 Проблемаларды шешу құзыреттілігінің аспектілері:
а)Бастауыш білім беру деңгейінде:
1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):
мұғалім ұйымдастырған проблеманы шешуге ден қоя алады;
шынайы және қалауы бойынша жағдаяттарды жалпы түрде сипаттай алады;
2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:
міндеттерді шешу қадамдарын логикалық және уақыт бірізділігі бойынша анықтайды және реттейді;
3) технологияларды қолдану:
нұсқаулықпен жасайды;
4) қорларды (ресурстарды) жоспарлау:
белгілі іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ресурстарды атайды;
5) қызметті бағалау:
өз іс-әрекетіне берілген алгоритм бойынша бақылауды жүзеге асырады;
6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:
жоспарланған және алынған нәтижелердің сипаттамаларын салыстырады және нәтижелер сапасының ойдағыға сәйкестігі жөнінде қорытынды жасайды;
өз әрекетінің нәтижелерін берілген өлшемдер мен тәсілдерге сәйкес бағалайды;
7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:
өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсете алады;
өз әрекетінің себептерін атай алады.
Слайд 23
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:
1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):
қалаған жағдаятты негіздейді және нақты жағдаяттарға талдау жасайды және олардың
алдын-ала берілген баға критерийлері негізінде өз әрекетінің жоспарланған нәтижесінің сипатын өз бетінше анықтайды.
3) технологияларды қолдану:
нақты міндеттерді шешу үшін іс-әрекеттер технологиясын (міндеттерді шешу тәсілдерін) немесе белгілі бір алгоритмнің бөлігін таңдайды және іс-әрекет жоспарын жасайды;
4) ресурстарды жоспарлау:
қойылған міндетті шешуге қажетті ресурстарды жоспарлайды;
5) қызметті бағалау:
өз іс-әрекетін жоспарлайды және ағымдық бақылау жасауды жүзеге асырады;
6) қызмет нәтижесін/ өнімін бағалау:
әрекет ету мақсатына сәйкес өз бетінше анықтаған өлшемдер бойынша өз әрекетінің нәтижесін бағалайды;
7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:
іс-әрекет жетістіктері мен кемшіліктерінің себептерін көрсетеді;
міндеттерді шешу кезінде кездескен қиыншылықтарды атап көрсетеді және оларды жеңу жолдарын ұсынады.
Слайд 24
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:
1) проблеманы сәйкестендіру (анықтау):
проблеманы анықтайды және тұжырымдайды;
проблемаға талдау жасайды;
2) мақсат қою және іс-әрекетті жоспарлау:
мақсатқа жету кезінде туындайтын тәуекел ету жағдайларын көрсетеді;
проблемаларды шешудің балама тәсілдерін талдау негізінде мақсат қояды;
қойылған мақсаттарға жетуді негіздейді;
3) технологияларды қолдану:
обьектілер параметрлерінің өзгергенін ескере отырып сол санаттағы обьектіге, күрделі обьектіге технологияны қолданады және әрекет ету жоспарын жасайды;
4) ресурстарды жоспарлау:
балама ресурстарға талдау жүргізеді және міндеттерді шешу үшін оларды пайдаланудың тиімділігін негіздейді;
5) іс-әрекетті бағалау:
ағымдағы бақылау нәтижесі бойынша өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізу немесе енгізбеу себептерін негіздейді;
6) іс-әрекет нәтижесін/өнімін бағалау:
қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен көрсеткіштерін ұсынады;
7) өзіндік ілгері жылжуын бағалау:
міндеттерді шешу кезінде қол жеткізген ресурстарды (білім, іскерлік, тәжірибе т.б.) басқа да қызмет түрлерінде қолдану мүмкіндігін дәйектейді.
Слайд 25
6.2.2 Ақпараттық құзыреттілік:
6.2.2 Ақпараттық құзыреттілік:
сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;
логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Слайд 26
6.2.4.2 Ақпараттық құзыреттіліктің аспектілері
а) Бастауыш білім беру деңгейінде:
1) ақпараттық ізденісті жоспарлау
ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
анықтамалықтарды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады;
2) алғашқы ақпаратты алу:
бақылау, қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент жүргізеді;
адамға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;
ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады;
3) ақпаратты екінші қайтара алу:
берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
4) ақпаратты алғашқы өңдеу:
алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді;
5) ақпараттарды өңдеу:
алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;
ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.
Слайд 27
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:
ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде:
1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:
қойылған міндеттерді шешу үшін қандай ақпарат (не туралы) талап етілетінін атап көрсетеді;
интернеттің іздестіру жүйелерін қолданады;
библиографиялық және тұрақты басылымдарды пайдаланады;
2) алғашқы ақпаратты алу;
өз бетінше бақылау, ақпараттық ізденістердің міндеттеріне сәйкес эксперименттің мақсаты мен барысын жоспарлай отырып эксперимент жүргізеді;
сұрақтар көмегімен ақпараттар жинауды жоспарлайды және оны жүзеге асырады;
берілген сұрақтар бойынша статистикалық, тарихи және көркемдік ақпарат көздерінен мәлімет ала алады;
3 ) екінші қайтара ақпарат алу:
алынған тапсырмалардың сипатына қарай өз бетінше негіздеме тұжырымдайды, оларды реттейді және ізделінді ақпаратты ала алады;
анықталған қарама-қайшылықты көрсете біледі;
4) ақпаратты алғашқы өңдеу:
алынған ақпаратты берілген күрделі құрылым шеңберінде (екі немесе одан да көп белгілеріне қарай) жүйелейді;
5) ақпараттарды өңдеу:
алынған ақпаратты шешілетін міндеттің мәнмәтінінде баяндай алады;
ақпараттың нақтылығын ұсынылған тәсіл бойынша тексереді;
алынған ақпарат негізінде өз бетінше қорытынды жасайды немесе қорытындымен келіседі және оны дәлелдеу үшін бірнеше дәйектер немесе оны растайтын мәліметтерді келтіреді.
Слайд 28
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:
1) ақпараттық ізденісті жоспарлау:
қызметке қойылған міндетке сәйкес ақпараттық ізденісті жоспарлайды - ақпараттық ізденісті аяқтау туралы өз бетінше және дәйекті шешім қабылдайды;
2) алғашқы ақпаратты алу:
ақпаратты іздеу міндетіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына өз бетінше мониторинг жүргізудің мақсатын және жүргізу жолын айқындауды жоспарлай отырып, оны жүзеге асырады;
статистикалық, тарихи көздерден, көркемдік мәтіні бар көздерден ақпараттарды алуды өз бетінше жоспарлайды және жүзеге асырады;
3) екінші қайтара ақпаратты алу:
орындалатын жұмыстың мақсатын өзіндік түсіну деңгейінде өз бетінше анықтаған негіздер бойынша ақпаратты ала алады;
4) ақпаратты алғашқы өңдеу:
бөліп алған ақпараттарды өзі таңдаған күрделі құрылымға сәйкес жүйелейді;
5) ақпараттарды өңдеу:
тексеруге қажетті ақпаратты өз бетінше көрсетеді және ақпараттың нақтылығын тексеру тәсілдерін қолданады;
түрлі көзқарастарды сыни талдау немесе алғашқы ақпарат пен соңғы ақпаратты салыстыру негізінде қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өз бетінше алған ақпараттарды негіздейді аспектісіндегі жалпы орта білімберу деңгейінің құзыреттілігі.
Слайд 29
6.2.3 Коммуникативтік құзыреттілік:
6.2.3 Коммуникативтік құзыреттілік:
нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;
әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;
жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуникация) құруға мүмкіндік береді.
қарапайым құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын рәсімдейді;
мәтінді ресімдеу және берілген үлгідегі көмекші сызбалар нормаларын сақтай отырып сұрақтарды баяндай алады;
2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:
сөз сөйлеу жоспарын жасайды;
көпшілік алдында сөз сөйлеу нормасын және регламентті сақтайды;
өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін кідіріс жасай алады;
3) сұхбат:
монологта, сұхбатта, пікірталаста (топ) шын мәнісіндегі, бағаланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдай алады;
4) нәтижелі топтық қатынас:
білім алушылар топтық талқылаудың берілген тәртібіне өз беттерінше ілесе алады;
білім алушылар топтық жұмысқа арналған тапсырмаға сәйкес жауап бере (амалдар орындай) алады;
білім алушылар өздерінің ойларын, пікірлерін ұсынады, түсіндіре алады немесе топтың басқа мүшелерінің ойларына, пікірлеріне деген көзқарасын дәйектей алады.
күрделі құрылымдағы жазбаша қатынастың стандарт үлгілері бойынша ойын ресімдейді;
күрделі құрылымдағы тақырыпты баяндай алады және көмекші құралдарды сауатты қолдана біледі;
құжаттардың (белгілі үлгілер ішінен алынған) жанрын және құрылымын қатынас жасау мақсатына сәйкес анықтайды;
2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:
өзінің баяндамасының мазмұнды топтамаларын бөліп алу үшін ауызша айту тәсілдерін (логикалық байланыс құралдарын) қолданады;
ауызша айтудан басқа тәсілдерді және көрнекі құралдарды қолданады;
3) сұхбат:
монологта, сұхбатта, пікірталаста шын мәнісінде бағаланатын ақпараттың талап етілетін мазмұнын қабылдай алады;
4) нәтижелі топтық қатынас:
топ алдына қойылған міндетке сәйкес талқыланатын ережелер мен сұрақтар жөнінде білім алушы өз беттерінше келісімге келеді;
білім алушылар топтық жұмыс тапсырмаларын орындау шеңберінде өздерінің міндеттерін бөліседі және қабылдайды;
білім алушылар бір-бірінің пікірлерін нақтылау және түсіну үшін сұрақтар қояды, өз пікірлерін топтың басқа мүшелерінің пікірлерімен салыстырады, бір-бірінің ой-пікірлерін дамытады, нақтылайды.
Слайд 32
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:
б) Жалпы орта білім беру деңгейінде:
1) жазбаша қатынас:
ақпаратты өңдеу нәтижелерін жазбаша түрде (регламентпен шектелмеген) ұсынады;
талқылауға ұсынылған айқындама көзқарастарды қолдайтын және/немесе оларға қарсы дәйектемесі бар мазмұндағы жазбаша құжатты дайындай алады;
өз іс-әрекетінің мақсатына сәйкес жазбаша қатынас жасаудың мақсаты мен адресатын анықтайды;
2) көпшілік алдында сөз сөйлеу:
қатынас жасау міндетіне барабар көрнекі материалдарды өз бетімен дайындайды және оларды сауатты пайдаланады;
өз сөзінде қисындық және шешендік тәсілдерді, аудиториямен кері байланыс тәсілдерін қолданады;
3) сұхбат:
мәлімет беру тақырыбын, айтылған ұсыныстарды, дәлелдерді, дәйектерді, қорытындыларды анықтай отырып, монологта, сұхбатта, пікірталаста шын мәнісінде бағаланатын ақпараттың мазмұнын толық қабылдай алады;
4) нәтижелі топтық қатынас:
білім алушылар пікірталас шиеленіскен жағдайда одан шығу тәсілдерін пайдаланады немесе топтың нәтижеге қол жеткізе алмау себептерін түйіндейді;
білім алушылар көзқарастардың бір-бірімен сәйкес келетін және сәйкес келмейтін жақтарын, неге сәйкес келмеуінің мәнін анықтай отырып, ұсыныстарға топтық жұмыс мақсатына сәйкес салыстырмалы баға береді.
Слайд 33
6.3 Білім беру нәтижелері ретіндегі білім, іскерлік және дағдылар Білім беру нәтижелері ретінде білім, іскерлік және дағдылар білім беру салалары мен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері бөлінісінде ұсынылып отыр.
6.3.1. «Тіл және әдебиет» білім беру саласы
6.3.1.1 «Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері
6.3.2. «Математика және информатика» білім беру саласы
6.3.2.1 «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқыту нәтижелері6.3.3 Образовательная область «Естествознание»
6.3.4.1 «Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
6.3.5 «Өнер» білім беру саласы
6.3.5.1 «Өнер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері
6.3.6«Технология» білім беру саласы
6.3.6.1 «Технология» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері
6.3.7 «Дене шынықтыру» білім беру саласы
6.3.7.1 «Дене шынықтыру» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері
Слайд 34
Ең жоғарғы оқу жүктемесі
8.2 Оқу жоспары білім алушылардың ең көп оқу жүктемесін, білім беру салалары мен пәндер құрамын, білім мазмұнын игеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін сыныптар, білім салалары мен оқу пәндері бойынша белгілейді.
8.3 Оқу жоспары – типтік, жұмыстық оқу жоспарларын және білім беру ұйымдарын қаржыландыру мақсатында дайындалатын бастапқы құжаттарды әзірлеуде қолданылатын негізгі құжат болып табылады.
8.4 ОЖ-ның құрамында:
а) Жалпы мәдени және маңызды ұлттық құндылықтармен танысуды, қоғамдық мұраттарға сәйкес келетін жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін инвариантты компонент;
ә) Білім алушылардың жеке және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке дамуын қамтамасыз ететін вариативті компонент;
б) Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өз бетінше жобалау-зерттеу қызметін игеруін қамтамасыз ететін жеке компонент;
в) жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушының сұранысы мен ниеті ескеріліп, оқу пәндерінің әртүрлі комбинациялары арқылы болашақта айналысатын кәсібіне бағытталуын қамтамасыз ететін бейінді компонент енгізіледі.
Слайд 35
Оқулықтың жаңартылған құрылымы және кіріктірілген мазмұны
4.14 Оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестікте әзірленуі керек.
4.15 Жаңа типті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер білім алушылардың оқу материалдарын интерактивті режимде өз бетінше игеруіне бағытталуы тиіс.
Оқулықтың құрылымы сабақтың құрылымына сәйкес келуі міндетті;
Әрбір сабақтың құрылымы 12 жылдық білім берудің мемлекеттік стандартының талаптарын ескере отырып, жеке сценарий тұрінде ұсынылуы керек.
Әрбір сабақтың мазмұны оқу пәнінің базалық мазмұнын баяндаумен қатар оқушылардың алдыңғы білімдерін есепке ала отырып, жаңа тақырыптың сұрақтары мен жаттығуларына алмасуы қажет.
Тақырып бойынша берілетін сұрақтар мен жаттығулар жаңа ақпараттың күрделену дәрежесін есепке ала отырып құрастырылуы қажет.
Слайд 36
Сабақтың мазмұны жаңа меңгерілетін материалмен үйлесетін қажетті иллюстративті материалдармен қамтамасыз етілуі керек.
Сабақтың мазмұны жаңа меңгерілетін материалмен үйлесетін қажетті иллюстративті материалдармен қамтамасыз етілуі керек.
Оқулықта сабақтың әрбір тақырыбының мазмұны оқушылар өткен сабақты қаншалықты меңгергенін өз бетінше бағалай алатын тестілік тексеру жаттығуларымен аяқталуы керек.
Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасы сол пәнге арнаған жұмыс дәптеріне жазылады.
Слайд 37
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері
Мұғалімнің функционалдық міндеттері: басқарушы, ұйымдастырушы, жетекші, “оқытушы”, қамқоршы, көмекші, тексеруші, оқушылардың жаңа ақпаратты өз бетінше меңгеру дағдысының қалыптасуына жауап береді.
Оқушының функционалдық міндеттері: басқарушы, ұйымдастырушы, іске асырушы, ақпаратты өз бетінше меңгеруге және оның нәтижесіне жауап береді , т.б.