Адамға ең қиыны – адам болу. Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негізгі шарттарырың бірі
ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік,
бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның
таңдауын аламыз. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл
қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір
тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда
ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны
шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар-салт-
дәстүр,әдет-ғұрып,рәсім-рәміз , діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б.
руханилықтың белгілі бір ддеңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет
субъектісінде өзіндік санасының жанды буынына айналады. Танымдық
қызметі. Мәдениеттің бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден
біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе-мәдениет пен білімнің
арақатынасы.
«Табиғаттан
қулығын
асырып
жіберуге» бағытталған
адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады.
«Бүгінгі күнге лайық қарым-қатынас орнату – интилигенцияның басты
міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен
сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу
қабілетімізбен көрінуі керек». Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды