8
тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала,
қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы
мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға
болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура»
мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым
«жерді өңдеу» деген мағынаны берген.
Кейінірек, дәлірек айтқанда,
Цицеронның еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру»
деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі
«білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие
бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде
мәдениетке төмендегідей
анықтамалар берілген:
•
Мәдениет белгілі бір халықтың қолжеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы;
•
мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі
қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит
мәдениеті, критмикен мәдениеті,
қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
•
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілудеңгейі
(сөйлеумәдениеті, еңбекмәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
•
агромәдениет (дәндіөсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет
және тағыбасқалары).
Достарыңызбен бөлісу: