Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама



Pdf көрінісі
бет8/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Саяси құндылықтар: 
сөз еркіндігі, азаматтық, бейбітшілік. 
4.
Моральдық құндылықтар: 
жақсылық, игілік, махаббат, борыш, 
намыс, шыншылдық, адал ниеттілік, парасаттылық, берілгенділік, өзара 
көмектесу, әділеттілік, үлкенге ізеттілік және балаларға әлеуметтік 
ілтипаттылық. 
5.
Діни құндылықгар: 
құдай, сенім, кұтқарылу, рахат, рәсім, мешіт. 
6.
Қоғамды қадірлеу: 
еңбекқорлық, патриотизм, қол жеткізе білу 
қабілеттілігі, қоғам өміріне белсенді қатынасу, жоғары локалдық (мемлекеттің 
интернационалдылық) бағытталу. 
7.
Эстетикалық құндылықтар: 
әсемдік (немесе эстетикалық 
сиықсыздық), идеал, стиль, үйлесімдік, дәстүрге бағыну, жаңалық, ерекше 
мәдениет, сырттан енгізілген модаға еліктеу. 
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы 
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің 
этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне 



тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала, 
қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің 
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген 
көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға 
болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» 
мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым 
«жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, 
Цицеронның еңбектерінде бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» 
деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі 
«білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие 
бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей 
анықтамалар берілген: 

Мәдениет белгілі бір халықтың қолжеткен табыстары мен 
шығармашылығының жиынтығы; 

мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі 
қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, 
қазақ мәдениеті және тағы басқалары; 

мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілудеңгейі 
(сөйлеумәдениеті, еңбекмәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары); 

агромәдениет (дәндіөсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет 
және тағыбасқалары). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет