Виталдық
құндылықтарға:
өмір,
денсаулық,
тәнділік,
қауіпсіздік, тұрмыс халі, адамның хал-жағдайы
(топтық тыныштық, көңіл
күй)
күш-қуат, төзімділік, өмірдің сапасы, тәжірибелік, прагматикалық,
тұтынудың деңгейі және т.б. жатады
2.
Әлеуметтік құндылықтар:
әлеуметтік орны, дәрежесі, байлық,
мамандық, от басы, сабырлылық, кәсіпқойлық, тәртіп, тәуекелге бел
байлаушылық, әлеуметтік теңдік, жыныс теңдігі, үлкенге немесе болашаққа
бағытталғандық, ұлттық теңдік.
Байлық.
Материалдық байлықты мойындамау бағыты кез-келген
қоғамда кездесе бермейді, тек қана арнайы ниеттестіктен өткен және қанағат
етерлік өмір кешуге қалыпты бағыт алған қоғамда кездеседі.
Бүл жағдайда, артық байлықтың жоқтығы, одан бас тартумен
толықтырылған. Мұндай байлықтан бас тартатын әдет-ғұрыпты потлач деп
атайды. Мысалы, кейбір тайпаларда көп жылдар бойы жинаған артық
заттарды өртеп жіберу салты бар.
Дегенмен, байлық, шаруашылықтың сипатына тәуелді, ал оған дегендегі
қатынас сол қоғамға тән әлеуметтік-мәдени факторларға байланысты.
Көшпенді халықтардың ең басты байлығы — мал, отырықшы шаруалардың —
жер, ал феодалдық қоғамда жеке адамның мәртебесі оның өмір салтын паш
ететін байлыққа тікелей байланысты болады. Байлық құндылық ретінде басқа
бағыттармен қайшылыққа келуі мүмкін. Бүкіл әлемдік көркемөнерлік
мәдениетте тұрақты түрде байлыққа тікелей моральдық теріс қатынас бар.
Әділдік жолмен жиналмаған байлық азғырылады да, дәулетін, жиған-тергенін
қоғамдық мақсатқа жұмсаған байлардың іс-қимылдары мақұлданады. Оның
үстіне байлықты көпшілік жағдайда сараңдық пен жауыздыққа баламаласа, ал
кедейшілікті өзара көмекпен және шын аштықпен байланыстырады.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |