Р. Р. Мухамеджанова 17. 08. 2020ж. №1 хаттама


Қарым-қатынастың интерактивті



Pdf көрінісі
бет67/76
Дата09.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#131216
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Байланысты:
Дәрістер жинағы

Қарым-қатынастың интерактивті жағы 
– адамдар арасындағы 
қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты 
аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. 
Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен 
алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз
әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің 
формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды. Қарым-қатынастың 
осы жағын сипаттағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін 
талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға 


82 
итермелейтін мотивтен де қарастыру керек. Жеке адам аралық әрекеттесу 
стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады. Әртүрлі зерттеулерде
адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуіне бірнеше маңызды 
әлеументтік мотивтер айқындалған. 
1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация 
мотиві); 
2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм);
3. 
Салыстырмалы 
жетістікті 
барынша 
жоғарылату 
мотиві 
(конкуренция); 
4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм);
5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия); 
6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік). 
Әртүрлі мотивацияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын анықтау үшін 
әрекеттесуді координат жүйесінде тұрғызуға болады. 
Әрекеттесу процесінің маңызды сипаттамаларын қарстырудың бірнеше 
жолдары ұсынылған. Мәселен, Т.Парсонс теориясы бойынша, әрекеттесудің 
әрбір бөлек актісінің мынандай элементтері бар:
а) әрекет етуші;
ә) «басқа объект», (әрекет бағытталған объект);
б) нормалар (әрекеттің ұйымдастырылуындағы);
в) құндылықтар (әрбір әрекеттесушінің қабылдағандары);
г) ситуация-жағдай (әрекет жасалынатын кездегі).
Бұл өте «абстрактылы» теория, экспериментте қолданылуы күрделі 
болғандықтан көп пайдаланылмайды.
Екінші бір түрі, әрекеттесу сатылатын қарастырумен байланысты. Поляк 
социологы Я.Щепаньски ұсынған, осыған жақын схеманы В.Н.Панферов та 
(1987) қарастырады. Тағы да бір, әрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы 
транзактілі талдауда-қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы, 
ситуация есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде 
ұсынылады (Берн 1988). Осы әдіс кейінгі кезде тәжірибеде кең қолдау табуда. 
Транзактілі талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позицияның 
біреуінде болады. Шартты түрде бұл позициялары - Ата-ана, Ересек, Бала деп, 
белгілеуге болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы 
«Қаламаймын!», 
Ата-ана 
позициясы 
«Керек!», 
Ересек 
позициясы 
«Қалаймын!» мен «Керектің» бірлесуі. Әрбір әрекетте мінез-құлық пен 
әрекеттің өз стилі болады. Негізінен стиль үш түрлі: Ритуалды (салт-
жоралары), манипулятивті және гуманистік болып ажыратылады. Ритуалды 
стиль негізінде стильді ситуациямен сәйкестендіру қажеттігінен анық 
көрінеді. Стиль әдетте белгілі мәдениетпен анықталады. Мысалға, амандасу 
стилі. Американдық мәдениетте «Хал қалай?» дегенде «өте жақсы» деген 
жауап алынса, орыс мәдениетінде сұрақтың мәнісіне жауап беріледі, хал 
нашарлау болса, оны жасырмай айту тән, қазақ мәдениетінде «аралық» стиль 
калыптасқан. Қазақтар көбіне «жаман емес», «орташа», «жайлап жүріп 


83 
жатырмыз» деген жауаптар береді. Бір салттың адамы екінші бір салттың 
жауабын естігенде түсініспеушілік туындауы мүмкін.
Манипулятивті және гуманистік стильдер практикалық әлеуметтік 
психологиядағы, өздігінен үлкен проблема болып есептеледі. Әрекеттесудің 
инвариантты сипаттамаларын қарастыруды Р.Бейлс 4 категорияның көмегімен 
көрсетеді: позитивті (оң) эмоциялар аймағы, негативті (теріс) эмоциялар 
аймағы, проблемаларды шешу және проблемаларды қою аймақтары. Өз 
кезегінде әрбір категория бірнеше маңызды көріністермен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет