Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет84/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

«Шимақ» техникасы
Мақсаты: берілген бейнелі техниканы әуенмен бірге жүзеге асыра отырып ересек баланың өзіндік тұлғалық ашылуына, жеке эмоциялық күйін зерттеуге, шығармашылық ойлаудың дамуына жағдай жасау.
Техниканың сипаттамасы:
Сабақтың қатысушыларына қағаз бен материалдарды қалауынша таңдап, әуен шығармасына ыңғайланып,ритмге сәйкес әуеннің не айтып тұрғаны туралы бейнені көз алдына елестету керек. Содан кейін, оны мәнерлеп бейнелеу қажет (шимақтың, сияның, сызықшалардың, нүктелердің, дақтардың, қол таңбалардың және т.б. көмегімен).
Талқылау кезеңінде қатысушылар өз суреттерін түсіндіреді. Онда әр қатысушы алғашқы ойлаған бейнелері суреттелді ме, не күтпеген бір нәрсе пайда болды ма, әрі ол неге ұқсайды, боялған түс нені білдіретіні туралы айтып береді.
Терапиялық топтың басқа мүшелері де талдауға және жұмыстың интерпретациясына қатысады, шығармашылық үрдістен алған өз әсері туралы айтып, топтағы эмоциялық климатты айқындайды.
«Соқыр және жетекші» жаттығуы
Осы жаттығуда рөлдер алдыңғы жаттығуға сәйкес бөлінеді. Жұптар екі жақты келісім негізінде немесе спонтанды түрде кездейсоқ құрылуы мүмкін. Жұптарды кездейсоқ құру үшін қатысушыларға көздерін жұмып, тыныштықта жайлап кеңістікте қозғалу ұсынылады. «Соқыр» кіммен бірінші соқтығысып қалса, сол адамды «жетекші» етіп алады.
Ең бастысы – вербальді емес өзара әрекеттесу. «Соқыр» адамдардың (көзі жұмылған) міндеті оны лабиринттен (мысалы, текшелерден, орындықтардан жасалған лабиринт) жүргізіп өткізетін “жетекшіге” толық сену. Сондықтан бұл жаттығуда зақым келтіретін заттарды алып тастаған дұрыс.
Рөлдермен ауысып, жаттығуды түрлі нұсқада қайталаған соң, бірінші жұппен, кейін топта алынған тәжірибе, соның ішінде өзара сенім тәжірибесі талданып талқыланады, қатысушылар өздерінің алған әсерлері мен сезімдерін айтып береді.
«Серуендеу» жаттығуы
Мысалы, дәптер бетіндегі «серуендеу» қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген территорияда «серуендеу» ұсынылады.
Арт-терапевттің белгісімен барлық қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың «әрпі» қай жерде – парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс дисграфиямен ауыратын балаларға тән.
Жаттығуларды қайталаған кезде қатысушыларға, яғни «әріптерге» сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады. Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп, кеңістікте қиялдау жетіледі.
«Серуендеу» ерік болуы мүмкін.
Жаттығудың мақсаты – бөлменің белгілі бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет, ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну. Ақырындап жаттығу күрделене береді.
Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар вербальді емес тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау. Келесі тапсырмада әр кездесуден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту керек. Мысалы, арт-терапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрылу, отырып тұру, секіру, т.б.
Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығы сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады.
Джейн Райнның ойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындаудың бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек.
Автордың ойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмай, сананың бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі.
Көңіл күйді, өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек көру, сұлулық, еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады.
Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады. Қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін. Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет