Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет94/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Ниеттер автобусы
Біреу кіреді...

Біреу шығады...


Біреу қалады...


Сіз қалушылардың арасында болыңыз.


Автобусқа қажетті адамдарды отырғызып, қажет еместерін шығарыңыз. Қажет адамдарды дұрыс орындар бойынша, белгілі тәртіп бойынша отырғызыңыз, оларды апарар жолды есте сақтаңыз. Адамдардың сіздің басты активіңіз деп есептемеңіз. Олай емес. Қажет адамдар ғана – актив. Қызметке сіздің бизнесіңізге немқұрайлы қарамайтын, жанып тұрған, қайратты адамдарды қабылдаңыз.
Білу, үйренуге қабілетті болыңыз
Сіз бүгін биікке шығуға септігін тигізетін не істей аласыз? Экономикалық дүрбелең кезінде не істейсіз? Жұмысты атқаруда сәтсіздіктер болса, қандай әрекет жасайсыз? Қаражаттың бәрі жұмсалып, өз-өзіңізге деген сенім жоғалып, өз-өзіңізді нашар сезінсеңіз не істейсіз? Барлығы да оңай. Сіз айналада болып жатқан оқиғаларға қарамастан өз ісіңізді керемет жүргізе аласыз. Егер бір нәрсе жетіспесе, өзгеріңіз. Егер бір нәрсе ұнамаса, өзгеріңіз. Бір нәрсе жетпесе, өзгеріңіз. Келесі күні сіз дәл осы қалпыңызда қалуыңызға міндетті емессіз. Сізді үнемі жігерлендіретін нәрселер – өзіңізді қажет нәрсені жасауға көндіру, биікке шығу, жағымсыз нәрсені сәттілікке айналдыру.
Өмірдегі ұлы жетістіктер оқып-үйренуге әрқашан дайын, оқуға деген ынтаны биікке шыққанынша сақтай алатын адамдар үшін арналған. Бұл өз армандарын іске асыра алатын және бұрынғы дағдысы бойынша өмірден өз дегенін ала алмайтын адамдар арасындағы ерекшелік.
Өзіңізді оқуға құштар екеніңізді көрсетіңіз.
Кеңседе қолым бос емес деп, түнге дейін отыра бермеңіз, бизнесті жылжытуға үлес тигізбесе, уақытыңызды құр үстелдің басында отырумен өткізбеңіз. Үстел – болашағыңызды барлау үшін қауіпті орын. Үйден шығыңыз да, қоршаған ортаға кіріп, оны өз ісіңізбен таныстырыңыз. Өзіңізбен бірге бір бума таныстыру картасын (визитная карточка) алып, оларды оңды-солды таратыңыз. Біреу алар, біреу алмас, біреу сізге қосылар, біреулер өз жолымен кете берер, бірақ сіз іздеуден жалықпаңыз. Егер де сіз кеңседе отырып қана әрекет етсеңіз, мекемеңіздің баяу қарқынмен өсуі кепіл. Қандай да бір клуб мүшесі болыңыз, сіздің ұсыныстарыңыз бен өнімдеріңіз, бизнесіңіз біреуді қызықтырады-ау деген жерлерге барып тұрыңыз. Көптеген зорыққан адамдар тез тамақтану мейрамханаларына барады. Бір бөтелке су алып, бір жақсы кітап алып, сонда бірер сағат отырыңыз. Адамдар өз тамақтарын алып, сіздің жаныңызға отырғанда олармен әңгімені бастаңыз.


Өз бизнесіңізді жан-жақты зерттеңіз. Ол көпқырлы гауһартасқа ұқсас. Өз бизнесіңізді гүлдендіргіңіз келсе, тез орайда үлгілі жетекшіге айналуыңыз керек.Шешімді тек өзіңіз ғана қабылдай аласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет