Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Өміріңізді өзгерте алатын сезімдер



бет95/102
Дата18.09.2023
өлшемі3,67 Mb.
#181403
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102
Байланысты:
treatise177628 3

Өміріңізді өзгерте алатын сезімдер
Өз өміріңізге өзгерістер енгізуге құлшындыратын 5 сезім бар.


Жиіркену.
Сіз өз өміріңізге, сәтсіздіктеріңіз бен уайымдарыңызға жиіркенішпен қараған сәтіңізден бастап, өмірді жақсартуға деген қадам ойластыра бастайсыз. Сізге уәж беретін ешкімді күту қажет емес.
Батылдық.
Келешек үш жыл уақытыңызды биікке шығуға арнаңыз. Өжет болыңыз, өзіңіздің интеллектуалдық қорларыңызды іске қосыңыз. Өзіңіздің шешіміңізді берік ете түсіңіз, жүрегіңізде ықылас отын жағып, сәтсіздік желдеріне оны өшіртіп алмауға тырысыңыз, керісінше сол оттың өршелене түсуін қадағалаңыз. Қолыңыздағы штурвалды мықты ұстап, галстуктарды уақытылы ауыстырып отырыңыз. Көп нәрсе желкендерді жинақтау мен оларды дұрыс орнатуға байланысты. Сізді алдағы күтіп тұрған нәрсеге құштарлықпен ұмтылып, содан қанаттаныңыз. Мүмкіндіктер шектеусіз. Олардың тапшылығы тек батылдықтың жетіспеушілігінен ғана болуы мүмкін.
Тілек.
Сіз өзіңіздің тілектеріңізді ескеріп, солардың арқасында өзіңізді арманыңыздағы кейіпке енесіз. Барлығы сіздің тілеуіңізше болады. Басқалай болуы мүмкін емес.
Ауыру.
Әр адам өзінің ауырсыну мен күйзеліс шақыратын сезімдерінен анағұрлым жақсы, ұнамды әрі тәтті сезімдерге ұмтылар жолда шешім қабылдайды. Егер сіздің тісіңіз ауыратын болса, сіз өзіңіздің күн тәртібіңізді өзгертіп, тіс дәрігеріне қалай да жолығасыз. Неліктен? Өйткені сіз ауырсыну сезімінен арылғыңыз келеді.
Шыңға шығу.
Шыңға шығар жолдағы қиын-қыстау сәттердегі ары қарай қозғалу қорқынышын шыңға жетпеу қорқынышымен алмастырыңыз. Егер үрейіңізді жеңгіңіз келсе, оның сейілуін күтіп, үйде отырмаңыз, мәселеге көзбе-көз қараңыз, оны шешіңіз.
Көп сөйлегенше, әрекет етіңіз. Сонда сәттілікке жетесіз.


Ауырсынусыз өмір болмайды
Бес жыл сайын өміріңізде күйзелістер болып тұрады. Өмірдің өзі сізді алға қарай жетелейді. Ал сіз талмай биікке қарай ұмтыла беріңіз. Сіз онда ауырсынуларға қарамастан жетуіңіз тиіс. Өйткені өмір сынаққа толы, сынақтан өткен сайын адамның ерік-жігері күшейе түседі.
Шешім қабылдау.
Шешім қабылдаумен адамның өмірін өзгертетін ең күшті сезімдерге байланысты. Шешімдер ауырсыну мен рахат алу екеуін салыстыра отырып қабылданады. Шыңға шығу, биікке жету шешімі ерекше жағдайларға байланысты. Ол жай ғана серендеу емес, маңдай терін төгіп, еңбек ету, болашақ дәрежеге лайық болу. Көптеген адамдар таразының бір басына жетемін деген мақсатын, оның нәтижесінде жейтін жемісі мен рахатын салса, екінші басына оған жетер жолдағы қиянат, қиыншылықты қояды. Шешім қабылдаудың ең оңтайлы үрдісі сұраққа жауап беру арқылы жүзеге асады. Сіз бірдеңе ойлап тапқыңыз келеді ме? Сіз бұл сұраққа жауап беріп, шешім қабылдағанда сіздің тағдырыңыз да өзгермек. Биікке шығу нақты бір жағдайда әрекет ету ретін таңдау мен бар қуатты қабылданған шешімді іске асыру арқылы анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет