Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет79/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

жат бауыр күз, аждаһа қыс, жетім 
тамшы, салдақы жел
(«Қайдасың...», 159), 
тәкаппар тас, 
ойшыл орман
(10), 
тоқ күлкі бұлақ
(162) т.т. Мұндай «орын-
сыз» орында тұрған эпитеттердің жаттығы сезілмейді, 
керісінше, олар жалпы жазушы өрнегімен үндес келіп, оның 
қолтаңбасының бір қырын таныта түседі. Демек, Оралхан 
ұсынған табиғат – адам тіршілігінің ажырамас компоненті, 
адам – рухани дүниесінің фоны, көңіл күйінің аккомпономенті.
Әрине, табиғатты суреттеу, оны шығармада шертілер қос 
ішектің бірі етіп алу – көптеген жазушыларда бар тәсіл, бірақ 
әңгіме сол табиғат суретін шығарма тексіне қай жолмен, қай 
әдіспен жымдастыруда: бір қаламгер оны әсем, қою бояулар-
мен қылқалам шеберінің полотноға салған картинасындай етіп 
береді, екіншісі аз сөзбен штрих түрінде келтіреді, үшіншісі, 
Оралханша, табиғатқа «жан береді»: табиғат – адам, адам 
– табиғат бір-бірінің қимыл-әрекетін, сын-сапасын, белгі-
қасиетін иемденіп жатады.
О.Бөкеевтің көптеген повестері – лиризмге толы туындылар. 
Мен әсіресе «Қайдасың, қасқа құлынымды» уыз жастықтың 
арманы, ізгілікке іңкәрлығы жайындағы поэ ма дер ем. «Елең-
алаң» да – ересектікке қадам қойған мазасыз шақ жайлы лири-
ка. Сондықтан автор табиғаттың поэтикалық образын жасаса, 
ол сол шығармалардың жан ры мен тілінің сәйкестігі, қабысуы 
болып тұр. Демек, бұл – жазушы тіл өрнегінің бір қыры.
Келесі қырын бейнелеуіш (образдылық жасайтын) тәсіл-
дерінен іздеуге болады. Көркем шығарма өзінің образдылығы-
мен ерекшеленеді. Теңеу, метафора, эпитет, метонимия, синек-
доха, әсірелеу, параллелизм т.б. сияқты поэтикалық құралдар 
(тәсілдер) – тек өлең сөзге – поэзияға ғана емес, прозаға да тән 
екенін, оның ішінде лирикалық үнде келетін повесть, әңгіме, 
новеллаларда молынан қолданылатын суреткерлік амал екенін 
білеміз.
Образдылық көбінесе сөзді өзінің тура мағынасынан кө-
шіріп, ауыс мәнде жұмсауда жақсы танылады. Бұл – метафора, 
перифраз, аллегория, символ тәрізді амалдармен жүзеге асады. 


152
О.Бөкеев осыларды шығарма жанры мен сипатының тактісіне 
билете әсем пайдаланады. Мета фора – затты не құбылысты 
өзіне ұқсас өзге зат немесе құбылысқа балап, солардың атымен 
ауыстырып атау болса, перифраз дегеніміз – бір нәрсені немесе 
құбылысты сол нәрсенің бір белгісін, қасиетін көрсетіп, сурет-
теп атау. Соңғы стильдік тәсіл көбінесе поэзияда қолданылады. 
Перифрастика құбылысын ұлы Абай жақсы дамытып, жүйеге 
айналдырған-ды. Мысалы, ақын қарттықты «сұрғылт тартқан 
бейуақ» деп, жастарды «балы тамған жас қамыс, надандықты 
«қараңғылық пердесі», саналылықты «жүректің көзі» деп ауы-
стырып айтады. Осындай перифрастиканы Оралхан да жақсы 
қолданған. Ол ай сәулесін «уыз мұнар» деп, өмірді «ұлы жіңгір 
бәйге», қар басқан жер бетін «сүт дүние» т.т. деп құбылтып 
атайды.
Шығарма аттарын аллегория, перифраз тәсілдерімен беру 
– көптеген жазушыға тән нәрсе. Бөкеевтің «Қасқа құлыны» – 
жас адамның арманы дегеннің аллегориясы. «Өліара», «Елең-
алаң», «Мынау аппақ дүние», «Қар қызы», «Мұзтау» сияқты 
шығарма аттары да – астарлап берілген, метафоралар мен пе-
рифраздар. Қысқасы, әдейі іздей берсек, мұндай троптардың 
(құбылтып атаулардың) небір үлгілерін көбейте беруге болар 
еді. Оралханның повесть, әңгімелерінде бұлардың тігісі жатық 
түскен, өйткені астар лап атаулардың қолданысы – роман-
тик, сезімтал, арманшыл кейіпкерлер мен оларға үндес автор 
көзімен баяңдалған лиризмге толы шығармаларда орынды да, 
заңды да.
Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын таныта-
тын стильдік амалдардың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату 
тұстары. Бұл саладан қарағанда, О.Бөкеев тілге аса бір ұқыппен 
қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен 
білігі күшті қаламгер екені көрінеді. Сөзімізді фактілермен 
дәлелдейік.
Төл сөзді беру тәсілдерін автор ажыратып жұмсайды: ең 
алдымен, ол – төл сөз диалог пе, монолог пе – осыған қарай 
конструкция құрайды. Одан соң төл сөз айтылған сөз бе, 
кейіпкердің ойы ма – бұл да өз құрылымымен, тіпті өз тыныс 
белгілерімен келеді. Үшіншіден, төл сөзді ұйымдастыруда 
(компоненттерін орналастыру тәртібінде) ол сөздің қашан 
айтылғандығы есепке алынады.


153
Күнделікті сөйлесуді берген диалогтер ауызекі сөйлеу 
тіліне тән сөздермен, ретіне карай көбінесе қысқа, шағын сөй-
лемдермен келеді. Мысалы, қыстың көзі қырауда тау ішінде 
трактормен адасып жүрген үш жігіттің диалогі былайша 
беріледі:
... Сол үнсіздікті Нұрдың гүрілдеген жуан даусы бұзды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет