44
(263),
ақтармалатып
сою (278),
ләнет
(лағынат – 294),
майдан беру
(айқасу) сияқты қолданыстардың бірқатары
«Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігіне» мүлде енбе-
ген. Мысалы,
быжғылдап ұру, шеңбер түзу, тілегіне табы-
лу
,
майдан беру,
(жарасы)
ыңсу, іріңдей
(семіз),
дайыны жоқ
(сөз) дегендер не реестр сөз ретінде, не олардың ұясындағы
тіркес ретінде енбеген. Ал
ақтармалау, жалбылап
жүру,
дәркүмән, аңсағай
дегендер жергілікті (диалектизм) деген
белгі қойылмай, демек,барлық өңірге ортақ, түсінікті әдеби
норма ретінде берілген, бірақ мысалдар тек М.Әуезовтен және
Абайдан
(дәркүмән)
келтірілген, ал
құндыздап жүру, сара-
мас
деген сөздерге «жергілікті» деген белгі қойылып, мыса-
лы тек М.Әуезовтен,
сарамас
сөзі Мұхтар Әуезов пен Қабдеш
Жұмаділовтен алынған. Демек, бұлардың барлығы – диалек-
тизм деп табылсын-табылмасын, негізінен белгілі бір өңірде
ғана қолданылатын, қалың көпшілікке мағыналары бейтаныс
сөздер. Біздіңше, бұлардың барлығы да – лексикамыздың
қорына ену мүмкіндігі бар әлеуетті (потенциалды) сөздер деп
аталатын қабатты құрайтын элементтер.
Сөздік түзушілер мен мұғалімдерге, тіл зерттеушілер мен
қалам ұстаған ақын, жазушы, журналистерге ескертуге бо-
латын бір жайт – қазақ әдеби тілінің лексикалық қабаты әлі
түгел толығып болмағанын айту керек. Қазіргі кезде диалек-
тизм, яғни таралу аясы шектеулі жергілікті сөздер деп танып,
әр алуан сөздіктерде осы айдармен тіркеп
жүрген
сөздердің
бірқатары, мысалы, жоғарыда көрсетілгендей сөздер, әдеби
нормаға әбден сыйымды. Оған негіз болатын бірнеше фак-
тор бар: алдымен, бұлардың бірқатарының тепе-тең әдеби
эквиваленті жоқ. Мысалы, малды
Достарыңызбен бөлісу: