94
теңеулер де едәуір. Әңгіме – олардың бар екендігін көрсетуде,
айтуда емес (бұлар қай шығармада жоқ?), теңеуге алынған об-
раздардың сипатында (олардың «қазақтығында», ескі тұрмысқа
қатысты негізінде) және бұл сипатты жазушы не себептен
қалап алғандығында, яғни айтпағымыз – Ә.Кекілбаевтың тілі
талданып отырған тарихи романында кездесетін теңеулерінің
басымы әсерлі образдарға құрылатындығы, ол образдардың
қазақ қауымының өткен кезеңдердегі өмірінен, танымынан
алынатындығы, мұндай теңеулердің көбі – авторлық болып
келетіндігі және тосындығымен, сонылығымен аса әсерлі,
ұтымды шыққандығы. Бұл да – шығарма тілінің көркемдік си-
патын көрсететін елеулі белгінің бірі демекпіз.
Көркем шығарма тілінің поэтикалық бояуы тек образ ды
эпитеттері не теңеулерімен ғана танылмайтыны мәлім. Бұл
сипатты шығарма тілінің әр тұсынан іздеуге болады. Шағын
бір контексте жеке сөздерді қайталап отырып, «ойнату» бар ма,
аллитерациялатып, ассонанстатып, үнін «тамылжыту» бар ма,
қайталама тәсілін қолдану бар ма – осылардың барлығы белгілі
бір стильдік мақсат көздей, шебер (орынды) қолданылса,
шығарма тілін әсерлі, көркем етіп шығарады, демек, көркемдік
пен әсерлілік поэтиканың желісін тартады. Бұл реттен келген-
де, «Үркердің» беттерінен осындай үнді (сипатты) үркердей
шоғырланған текст үзіктерінен көреміз. Және бірер жерінде
емес, әлденеше жерінен қалай оқып, қалай тәнті болғанымызды
сезбей де қалатын сияқтымыз. Бір-екі ғана мысал келтірелік.
Тевкелевтің ойымен баяндалған бір тұста автор
көк, көз, көлку,
көлгір
сөздерін «іске қосады»:
Бәрін қойып анау
көлкіген көкжиекке
қарашы!
Көк
найза-
сын самсатып, жер қайысқан қалың қол жатқандай емес пе!
Иә, иә... Бірақ ол қазір
Достарыңызбен бөлісу: