100
дакциялап» болса да), ал өзі құрастырып ұсынып отырған бол-
са, ол күнде Ә.Кекілбаевты қазақ билерінің нағыз ізбасары,
ғажап жалғасы деуіміз керек, егер бүгінде билер комитеті (ко-
миссиясы, министрлігі) деген сияқтылар дүниеге келер болса,
оның басшысы да, биі де – Әбіштер болған болар еді дейміз
ғой (жоғарыда айттық, шешендік – туа біткен өнер, мүмкін
тұқым қуалай даритын, «шынжырқатар» түзетін қасиет болар).
Енді жазушының өзі таңдап жиі қолданған, өзіндік мәнерін
танытатын және жоғарыда көрсетілген құбылыстардан өзге
ерекше тұстарына назар аударалық. Ол тұстар стильдік
амалдарға қатысты болып келеді. Шығарма тілін көріктеуде
қайталама құбылысы – өте ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан
табылады. Ол – стильдік категорияға жатады. Атының өзі ай-
тып тұрғандай, қайталама
18
дегеніміз – бір сөздің (не тіркестің,
сөйлемнің) бір сөйлемде, не абзац, шумақ сияқты микротексте
қайталанып келтірілу тәсілі. Кайталаманы суреткер көркем
тексте әр алуан стильдік мақсат көздеп жұмсайды.
Ә.Кекілбаевтың тарихи романы – «Үркердің» тіліне тән
бірден-бір актив қолданған тәсілін атай қалсақ, осы кай-
таламаны көрсетуге болады. Жазушы бір микротексте жеке
сөздерді қайталап келтіреді. Мысалы: От төңірегі – найзалары
шошаңдаған күйек сақал еркектер. Бастарында –
Достарыңызбен бөлісу: