113
деген дұрысырақ) дегеніміз – көркем шығарманың тілдік ма-
териалдарын белгілі бір әлеуметтік ортаға немесе белгілі бір
тарихи кезеңге, әдебиеттің белгілі бір бағытына, жанрына т.б.
қарай үйлестіріп, таңдап қолдану. Айталық, романды (әңгімені,
повесті) тарихи стиль тезіне салып (түсіріп) жазғанда, автор
өзі суреттеп отырған тарихи кезеңге тән зат, бұйым, құбылыс,
әреқет атауларын келтіруге тиіс, кейіпкерлерін мүмкіндігінше
сол кезеңдегі тілдесу үрдісімен
сөйлетуі керек, оның өзінде
де әр кейіпкерді өзінің әлеуметтік орнына, тәрбие-танымына,
жасына, жынысына қарай «сол кезеңше» сөйлеткені тіпті аб-
зал. Әрине, ол үшін көп мехнаттану керек: іздену, барын табу,
жоғын жасау қажет, бірақ ол жасағанын нанымды «табиғи» етіп
ұсыну – тарихи дүние жазуға барған қаламгердің өз қолымен
көтерген шоқпары. Ауыр шоқпар. Бірақ халқының бұдан 3-4
жүз жыл бұрын өткен тарихын көркем сөзде көрсеткің келген
екен, бұл ауыр, тым ауыр жүкті мойныңмен көтересің. Міне,
жазушы Мағауин осыны жақсы білген. Білген де, тарихи стиль
тезіне салынған шығарманың тамаша үлгісін берген. Ең алды-
мен, бұл шығармада XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың
алғашқы онжылдықтарындағы Қазақ, Жоңғар,
Ібір-Сібір,
Қырым хандықтары мен Ресей патшалығының тарихы сөз
болғандықтан, солардағы ел, ұлыс билеушілердің ресми лауа-
зым аттары, әскери атақтары мен әлеуметтік топтардың атаула-
ры өз тұсындағы қолданысымен берілген.
Хан, сұлтан, оғлан,
қарашыбек, қалға, би, бек, патша, царевич, посольский дьяк,
думный дьяк, конюший бо ярин
т.т.
осы сияқты билік тізгінін
ұстағандардың аты (лауазымдық терминдер) жиі қолданылған
және негізінен өте дұрыс, өз орындарында келтірілген. Мы-
салы,
би
мен
бек
сөздері бір түбірден өрбіген фонетикалық
варианттар
болғанымен, XVI- XVII ғасырларда
бек
сөзі –
ұлысты неме се ұлыстар одағын билейтін (басқаратын) ресми
басшының лауазымы,
сондықтан романда
алашбегі, ұлысбегі
де ген титулдар да кездеседі, ал би –
рубасындағы белгілі
адамның атауы, оны билеушіден гөрі, кеңесші, ақылшы деп
тану басым және
би
атағы белгілі адамдардың тұрақты атағы:
Томан би, Шөгел би, Сүтемген би, Қадырғали би,
бұларды бек
деуге болмайды, ал Қадырғали әрі
ұлысбегі,
сонымен қатар ол
ақылшы,
шешен ретінде келген тұста
би
деп те аталды.
114
Онда Қадырғали
биді
ұлыс
бегі
сайлап, жалайырға жаңадан
жер кесіп... неге мұндағы жұртты қырқыстырып қойды (I, 68
21
).
Ораз-Мұхамедтің ақылгөй әжесі Әз ханым оған, яғни ханның
орнын басатын қалғаға (демек, хан сияқты бектерден жоғары
лауазым иесіне):
– Сен
би
мен батырға сүйенсең,
бек
атаулы қара бұқарадан
күш алады, – дейді (І, 67).
Бек
термині Қадырғалидың «Жылнамасында»
пір, аға
деген
сөздермен синонимдік қатар түзіп, жоғары әскери шен иесін де
білдірген. Ал жазушы М.Мағауин бек сөзінің бұл мағынасын
тек
түменбегі, мыңбегі
(9),
шортабегі
(по лиция бастығы) де-
ген күрделі әскери лауазым аттарында сақтаған.
Достарыңызбен бөлісу: