ноян, зайсан, тайшы,
106
қоңтайшы, заргар, сенат, патшайым
сөздерін қолдануы
сенімді, бірақ бұнда да автор әдейі ізденіп, олардың терминдік
мәнін аша түсу, белгілі бір ұғымда тұрақтандыру әрекетін
жасамаған тәрізді: осы шығармаларда жазушының айтпақ идея-
сы мұндай ізденісті қажет етпеген деп ойлаймыз, өйткені мұнда
ұрыс-соғыстарды, ел билеу мен қарым-қатыстардың нақты кар-
тинасын беруден гөрі, соларды баяндай отырып (көбіне еске
түсіре отырып) қазақ хандықтарының Россия патшалығына
бағыну процесінің белгілі бір тұсын, дәлірек айтсақ, осындай
қиын өткелден өтер кезеңдегі қазақ деген жұрттың хандарынан
бастап қара халқына дейінгі адамдарының ақыл-парасаты мен
рухани дүниесін, әрекет-қылығы мен әлеуметтік «тәртібін»
су реттеу көзделген тәрізді, сол арқылы «бүгінгі біз – кімнің
ұрпағымыз?» деген ойға шақыратын сияқты. Сондықтан, сірә,
автор тарихтың фотосуретін түсірмейді, сондықтан, сірә, сол
кезеңде қай нәрсе, қай ұғым, қай адам нақты қалай аталды
дегенді жазушы негізгі нысана етіп қоймаған-ау деймін.
Әйтсе де Ә.Кекілбаев сияқты тілге, оның жалпы әдеби
нормасына да, әсіресе көркем сөз заңдылықтарына әуелден
ден қоя кіріскен қалам иесі ана тіліміздің сөздік қоймасын ба-
рынша аралаған. Сондықтан аталған романдар тілінен көбіміз
біле бермейтін бір алуан сөздер тобын кездестіреміз. Мыса-
лы, киер
киепесін
кию (105),
жанықас
жігіт (93),
жанықас
мақұлық (116),
нәжегей
Болат (244),
алпауыз қатын
(271),
көзапара
қуу
(273, 312),
алапат
көлеңке (170),
майлақы
түн
(14) дегендердегі көрсетілген тұлғалар бір емес, бірнеше рет-
тен қолданылған, демек, олар – белгілі бір мағынаны беретін
сөздер. Сірә, бұлардың бәрі – таза жергілікті сөздер болмас не-
месе автордың өзі ұсынған жасанды тұлғалар да емес болар.
Бұлардың қолданысы шығарманы түсініп оқуға қиындық та
келтірмейді, контекске, айналасындағы сөздерге қарай беріп
тұрған мағыналарын топшылауға болады.
Ал жазушы тіліндегі
мошқау, жаңғыз, жандық, кермар,
атанақтау, күнте, бөтеке, құдандал, ұрыншылау, лайыту,
әрпіл-тәрпіл
сияқты сөздерді диалектолог мамандар жергілікті
қолданыстар деп санайды. Таңертеңгі амандық-саулық сұрас-
қанда айтылатын
«аман-есен өрдіңіз
6е?» дегенді жазушының
бір қаламдасы сынап, «Ә.Кекілбаев тілді бұзып тұр, адамды
107
малға теңеген» деп, қаһарын төккенін естігенбіз. Бұл жерде
сыншы жаңылысып тұр:
аман-есен өру
тіркесі – Қазақстанның
батыс өңірінде жиі айтылатын кәнігі амандық сөзі, бұл жерде
айтушы адамды малға теңеп тұрмын деп еш ойламайды.
Өру
етістігі тек малға емес, адамға да қатысты айтылатындығын,
оның «бір жерден шығуы, тарауы» деген екінші мағынасы
барлығын білуге болады: осы үйден
өріп шыққан
бір топ жан,
қонақтар осы үйден
өріп,
осы үйде демалады,
өріп кетті
(«қаптап кетті»),
өре түрегелді
сияқты қолданыстарды, сірә,
тек батыс өңір тұрғындары емес, барлық жерде де айтатыны
даусыз. Де мек, жазушы кейіпкерінің аузына жергілікті сөйлеу
үрдісін салған, мүмкін тіпті әдейі салған болар. Ал қалған бес-
он диалектизм, әрине, «жалпақ жұрттық» болып кеткен жа-
зушы тілін әрлеп (әсемдеп) тұрмауы мүмкін, бірақ барлығы
бірдей ұтымды қолданбаған деуге тағы болмайды.
Сірә, диалектизмдер мен сирек қолданылатын сөздердің
стильдік статусы барын да көркем сөз шеберлері жақсы сезеді.
Мысалы, «Үркерде» кездескен
Достарыңызбен бөлісу: |