Р. Сыздык 6-том indd



Pdf көрінісі
бет67/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

кіріфтар болу
(тұтқынға түсу), 
сипаһ
(әскер), 
йесір 
(тұтқын), 
ақрұқ
(Жалайырида 
ағрұқ
қатын-бала мінген әскердің 
тыл жағында жүретін үлкен көлік көші – обоз), 
бұлғақ
(ел 
наразылығы, бүліншілік), 
сандал 
(тақ), 
күріген 
(күйеу), 
жұңқар
(сол қанат), 
барұңғар
(оң қанат), 
күрен 
(көшпелі жұрттың 1000 
үйден тұратын аулы), ал
 христиан 
– христиан дініндегі жұрт – 
«Тауарих» тексінде: 
үлкристан, ноян
(текті тұқымға берілетін 
титул, князь сияқты), 
дәргейіне келу
(әміршінің алдына бару, 
тағзым ету, «приемында болу») сияқты сөздер роман тексінде 
де қолданылған. Бұл да – құптарлық әрекет. Романның оқиғасы, 
кейіпкерлері негізінен тарихшы, шежіреші бабамыз – жалайыр 
Қадырғали бидің «Тауарихынан» алынғандықтан, жазушы бұл 
еңбекпен жақсы танысқан, тілін де жақсы игерген.
Өзге де тарихи еңбектерде және қазақтың кейбір жырларын-
да кездесетін 
қазақ шығып кету
термин-тіркесін де ұтымды 
етіп қолданған:
Өзі (яғни Көшім хан – 
Р. С.) 
имандай сенген таза мұсыл-
мандар, кеше ғана құлдық ұрып, шашбауын көтеріп отырған 
көп халық... бүкіл Сібір жұртына тірек болған тайпалы ел 
тұтасымен 
қазақ шығып кетті.
Көшкен жоқ. Ауған жоқ. Бүкіл 
қонысымен, жайлау-жұртымен (қазақ ханы Хақ-Назарға – 
Р. С.)
қосыла салған (І, 157). 
Қазақ шығып кету –
өзі бағынып 
отырған әміршіге, ордаға разы болмай, өзге ордаға өз еркімен 
бағыну, өзге жерге қашу емес, қаңғу емес.
Жазушы қаламының ұшына ілінген 
ергек (ергек көйлек, 
ергек шалбар –
сірә, бұл тұлға 
еркек-
тің фонетикалық ва-
рианты болмас), 
марлат
(Бірақ Рим цесарі мен поляк королінің 
елшілеріндей 
марлат 
емес... тым жұпыны жайдақ көрінген 
көшпенді жұрт өкілдерін... II, 18, 19), 
кірне 
(«Кіндігің бір 
– ішіңе 
кірне
сақтама». Бұл сөзді «Түсіндірме сөздік» «іш 
ауру, соқыр ішек» деп түсіндіріпті, ал Мағауин мұны дәл осы 
мағынада алмаған сияқты) тәрізді сөздердің нақты мағынасын 
не контекст арқылы тану қиын, не бұлардың өзге де көптеген 
бейтаныс сөздерге берілгендей (Мы салы, 
бәсте
– сноскада 


127
қоныс, 
тәкия –
сноскада мазар) авторлық түсініктемесі жоқ. 
Бірақ бұл тәрізді «қиын» сөздер тексте көп емес, мүлде аз, бұл 
да – жазушының тілге, әрбір сөзге жауапты қарағандығының 
куәсы сияқты.
Міне, бұл талдаулардың барлығы – шығарма тілін тари хи 
стиль тезіне салу дегенді танытатын белгілер.
Бұл белгілер шығарма сюжетін әлдеқайда нанымды, шы-
найы етіп құруға мейлінше көмектескен. Шығармада суреттел-
ген оқиғалар мен адамдар жазушы қиялынан туған жасанды 
көріністер емес екендігіне оқырман сенімін арттырған. Оның 
үстіне көркем шығармаға қойылатын стильдік талаптардың 
үдесінен шығарған.
Енді жазушының осы туындысында көрсеткен көркемдік 
өрнегін талдайық. Алдымен айтарымыз – мұнда көркемдіктің 
үлкен бір көрінісі поэтикалық тіл кестесі айқын түскен. Ке-
сте айшығы сан алуан. Бір түрі өте дәл ұсынылған бейнелі 
эпитет-анықтауыштар көзге түседі. Әрине, олар тұрақты емес, 
авторлық болып келеді. Мысалы, ыңырап берекесі кеткен елдің 
атының басын бір кермеге тіреген Тәуекел...
І, 8); 
қара ағаштан 
қалың қазақ, қара темірдей берік қалмақ
(II, 10); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет