Р. Сыздык 6-том indd


т – ч (ш)  дыбыстары алмаса береді, ал  ш – б



Pdf көрінісі
бет66/154
Дата02.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#170745
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   154
Байланысты:
Ббк 81. 2 С 94 аза стан Республикасы

т – ч (ш) 
дыбыстары алмаса береді, ал 
ш – б
дыбыстарының 
алмасуы, оның ішінде қазақтар үшін солай айтылуы мүмкін 
емес. Сол сияқты жазушының қазақ жырында қалыптасқан 
Ал-
памыс
батыр есімін 
Алып-Бамсы
деп, 
Қобыландыны Қопланды
деп графикалауы да – қоштарлық емес. Қазақ тілінің дыбыстық 
заңдылықтары XVI ғасырдан мүлде көп бұрын қалыптасып, 
жеке ұлттық (халықтық) нормаға түскенін ескермеуге болмай-
ды: 
пл 
(Қопланды
дегендегі) дыбыстарының іргелесуі қазақ 
тілі үшін заңсыз, қатаң 
п 
дыбысына біткен түбірге жалғанатын 
қосымша немесе екінші түбір сонор 
л
-дан емес, қатаң
т
-дан 
басталуы керек, сондықтан не 
қоп-танды 
не 
қобыланды
бо-
луы – қазақ фонетикасының зандылығы. Ал орыс есімдерін 


125
кейіпкерлер сөзінде немесе кейіпкер көзімен берілген авторлық 
баяндауда қазақша дыбысталуымен келтіруі орынды: 
Барыс 
хан
(Борис Годунов), 
Бәселей бек 
(Василий Шелкалов), 
Көлке 
(Колька) т.т.
Жазушының жеке сөз қолданыстарын, сірә, әңгіме еткен 
екенбіз, мұндағы тағы бір-екі тұсына тоқталуға тура келеді. 
Алдымен, ішінара жоғарыда да айтып кеттік: жазушы Мағауин 
қазақ түсінігінде жоқ кейбір ұғымдардың атауын өзі жасауға 
барған, көп ретте олар сәтті шыққан. Мысалы, патша сарайын-
да немесе кеңселерінде болатын ресми «прием» дегенге 
қабыл
сөзін ұсынады: Патша сарайындағы бірнеше 
қабыл,
отырыс, 
кездесулерден соң... (II, 191), хан ордасында «бас қымызшы» 
деген ресми қызметші болатынын білдіру үшін 
сабадар
деген 
сөз жасап қолданады, әскери сапты («строй» дегенді) білдіретін 
түзем
сөзі де автордың туындысы тәрізді, Кремльдегі «ответ-
ная палата» деп аталатын жайды 
жұбапхана
деп, «посольский 
приказ»-ды 
елшілік дуаны
деп бергендері де – автордікі.
Сирек кездесетін 
-сын
жұрнағын жалғап 
себесін, бөгесін, 
панасын
сөздерін жасайды: 
себесін –
«септігі тиетін», 
бөгесін 
– 
«бөгет жасайтын», 
панасын 
– «пана болатын» деген мағы-
наларды білдіретін жасанды сөздер. 
Сұлтан атына алқау
(І, 56) дегендегі 
алқау
сөзі де тосын, ол шамамен бүгінгі 
тост 
дегенімізге жуық мағынаны білдіреді: ол – Ораз-Мұхамед сұл-
танның саулығы үшін тоғыз аяқтан қымыз ішу дегенге байла-
нысты айтылған сөз. Жас баланы 
жеткін 
деп атау (бұл күнде 
жеткіншек
)
 
да жазушының ықтиярымен қолданылған. Әрине, 
мұндай авторлық жасанды сөздер көп емес, бірақ барлығы – 
дерлік зәруліктен туған қолданыстар. Бұрын тілде аталмай 
келген ұғымдарды (заттарды, құбылыстарды, іс-қимылды 
т.т.) аналитикалық жолмен, яғни сөз тіркестерімен түсіндіріп 
атауға да болады, жазушылар көбінесе осы тәсілді пайдалана-
ды, ал Мағауин бес-он тосын атауды жеке сөз етіп өзі ұсынуды 
қалапты. Аса бой ұрып кетпесе, бұл әрекетті дұрыс деп таба-
мыз, өйткені, біріншіден, тілі жаңа номинацияларға (әр зат-
ты бөліп-бөліп жеке атауға) әрқашан зәру болады, екіншіден, 
тілдік тосын элементтер: сөздер, тіркестер, грамматикалық 
құрылымдар, стильдік тәсілдер көркем текстің эмоциялық боя-


126
уын күшейтіп, оны әрлендіре түседі. Жазушы саналы түрде де, 
интуициямен де оны жақсы сезген.
Қадырғали Жалайыридың «Тауарихында» қолданылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет