152
О.Бөкеев осыларды шығарма жанры мен сипатының тактісіне
билете әсем пайдаланады. Мета фора –
затты не құбылысты
өзіне ұқсас өзге зат немесе құбылысқа балап, солардың атымен
ауыстырып атау болса, перифраз дегеніміз – бір нәрсені немесе
құбылысты сол нәрсенің бір белгісін, қасиетін көрсетіп, сурет-
теп атау. Соңғы стильдік тәсіл көбінесе поэзияда қолданылады.
Перифрастика құбылысын ұлы Абай жақсы дамытып, жүйеге
айналдырған-ды. Мысалы, ақын қарттықты «сұрғылт тартқан
бейуақ» деп, жастарды «балы тамған жас қамыс, надандықты
«қараңғылық пердесі», саналылықты «жүректің көзі» деп ауы-
стырып айтады. Осындай перифрастиканы Оралхан да жақсы
қолданған. Ол ай сәулесін «уыз мұнар» деп, өмірді «ұлы жіңгір
бәйге», қар басқан жер бетін «сүт дүние» т.т. деп құбылтып
атайды.
Шығарма аттарын аллегория,
перифраз тәсілдерімен беру
– көптеген жазушыға тән нәрсе. Бөкеевтің «Қасқа құлыны» –
жас адамның арманы дегеннің аллегориясы. «Өліара», «Елең-
алаң», «Мынау аппақ дүние», «Қар қызы», «Мұзтау» сияқты
шығарма аттары да – астарлап берілген, метафоралар мен пе-
рифраздар. Қысқасы, әдейі іздей берсек, мұндай троптардың
(құбылтып атаулардың) небір үлгілерін көбейте беруге болар
еді. Оралханның повесть, әңгімелерінде бұлардың тігісі жатық
түскен, өйткені астар лап атаулардың қолданысы –
роман-
тик, сезімтал, арманшыл кейіпкерлер мен оларға үндес автор
көзімен баяңдалған лиризмге толы шығармаларда орынды да,
заңды да.
Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын таныта-
тын стильдік амалдардың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату
тұстары. Бұл саладан қарағанда, О.Бөкеев тілге аса бір ұқыппен
қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен
білігі күшті қаламгер екені көрінеді. Сөзімізді фактілермен
дәлелдейік.
Төл сөзді беру тәсілдерін автор ажыратып жұмсайды: ең
алдымен, ол – төл сөз диалог пе, монолог пе – осыған қарай
конструкция құрайды. Одан соң төл сөз айтылған сөз бе,
кейіпкердің ойы ма – бұл да өз құрылымымен, тіпті өз тыныс
белгілерімен келеді. Үшіншіден,
төл сөзді ұйымдастыруда
(компоненттерін орналастыру тәртібінде) ол сөздің қашан
айтылғандығы есепке алынады.
153
Күнделікті сөйлесуді берген диалогтер ауызекі сөйлеу
тіліне тән сөздермен, ретіне карай көбінесе қысқа, шағын сөй-
лемдермен келеді. Мысалы, қыстың
көзі қырауда тау ішінде
трактормен адасып жүрген үш жігіттің диалогі былайша
беріледі:
... Сол үнсіздікті Нұрдың гүрілдеген жуан даусы бұзды:
Достарыңызбен бөлісу: