Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


LІҮ Титул.Графты өлтіру туралы



Pdf көрінісі
бет24/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
 
LІҮ Титул.Графты өлтіру туралы 
§1.Егер кімде кім графты өлтірсе 600 солид төлейді. 
(История средних веков.Хрестоматия.М.,1980.32-39 б.б.) 
 


35 
 
§5. Каролингтердің Франктік империясы 
 
1.Каролингтер кезіндегі Франк мемлекеті. 
2.Ұлы Карлдың сыртқы саясаты. 
3.Карл империясының басқару жүйесі. 
4.Империяның ыдырауы

Каролингтер кезіндегі Франк мемлекеті
. Пипин 
Геристальскийдің ұлы 
Карл Мартелл
( 715-741 жж.) билік жүр-
гізді. Ол Австразияның орта және ұсақ жер иелерінен құралған 
өз жасақтарының көмегімен Нейстрияның ақсүйектерінің қарсы 
топтарын талқандап, одан кейін Франк мемлекетінің Рейннің 
арғы жағындағы иеліктерін қалпына келтіріп, фриздерді, сакс-
терді
, аллемендарды франктерге салық төлеп
тұруға мәжбүр етті. 
732
жылы арабтар Галлияға жорық жасады. Араб қолбас-
шысы Әбдірахман Аквитанияға еніп, бұл аймақты талан-тараж-
ға салып Парижге қарай аттанды. 
Карл Мартелл
өз әскерімен 
арабтарды 
Пуатьеге 
жақын жерде күтіп алды. Атақты шайқас 
732 жылы
қазан айында болып, үш күнге созылды. Карл 
Мартелдің дұрыс әскери әдіс қолдануының арқасында шайқас 
франктердің жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс арабтардың 
Еуропаға
одан әрі 
жылжуын
тоқтатты. Осы шайқастағы жеңісі 
үшін Карл «
Мартелл»
(балға) деген атақ алды. 
Арабтардың атты әскерлеріне қарсы тұру үшін әскери 
реформа жүргізу қажеттігі туындады. Сондықтан Мартелл 
бенефиция
(beneficium-сыйлық) жүйесін енгізді. Мұның мәнісі 
әскери қызмет атқарғаны үшін (әсіресе атты әскерде) жерді 
сыйға беру еді. Карл Мартелл бенефицияны көптеп таратты. Ол 
жерді өзіне қарсы шыққан ірі жер иелерінен, кейіннен шіркеу-
ден тартып алды. Бұл реформа Мартелдің беделін өсіріп, орта-
лық билікті күшейтті. Орта және ұсақ жер иелерінің қалып-
тасуына жағдай жасады.
Карл Мартелдің ұлы
 қысқа бойлы ІІІ Пипин 
(741-768 жж) 
алғашқыда майордом ретінде ғана елді биледі. Пипин шіркеуден 
тартып алынған жерлерді шіркеудің меншігі деп жариялап, 
оларды бенефиция түрінде пайдаланып отырған рыцарьларды, 
шіркеудің пайдасына салық төлеуге мәжбүр етті. Дегенмен, бұл 


36 
жерлерді корольдің рұқсатынсыз ешкім қайтарып ала алмайтын 
болды. Пипин мен шіркеудің арсында жақсы қарым-қатынас қа-
лыптасып, нәтижесінде 
751
жылы 
Суассондағы 
франк ақсүйек-
терінің жиынында рим папасының тапсыруымен 
Пипинге король
деген атақ берілді. Сөйтіп, жаңа әулет шіркеуден қолдау тапты. 
Меровингтік әулеттің соңғы королі 
ІІІ Хильдерик 
өмірінің соңғы 
кезеңіне дейін монастырьға қамалды. 
Рим папасы Стефан ІІ жақсылығына Пипин лангобард-
тарға қарсы жорықтар ұйымдастырумен жауап берді. Нәтиже-
сінде Рим обылысы мен Равен иеліктеріндегі бұрын лангобард 
королі жаулап алған жерлерді папаға қайтарып беріп, сол жер-
лерде 
756 ж.
(754) 
Папа мемлекеті
қалыптасты. Бұл қазіргі 
Ватиканның негізінің қалануы болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет