Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


Бір орталыққа бағынған француз мемлекетін құру



Pdf көрінісі
бет59/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

Бір орталыққа бағынған француз мемлекетін құру
 
жо-
лындағы күрес

Францияда король өкіметінің баяу болса да кү-


92 
шеюі ХІІ ғ екінші жартысында ҮІ Людовик (1108-1137жж.) пен 
ҮІІ Людовиктің
(1137-1180жж.)
корольдік құрған кезінде бас-
талды. ҮІІ Людовик 
Буржа 
мен 
Сансаны 
қосып алу есебінен 
король иеліктерін ұлғайтты. ҮІІ Людовик Францияның оңтүстік 
батысындағы Аквитанияның герцогінің қызы Эленораға үйлен-
генде осы герцогтікті өзіне қаратқан еді. Алайда неке сәтсіз бо-
лып айрылысқаннан кейін Элеонора ағылшын королі ІІ Генрих 
Плантагенетке күйеуге шыққанда 
Аквитания,
Анжу,
Брэтань,
Гаскон

Турен,
Нормандия
Плантагенет әулетіне яғни Англияға 
қарады. 
ІІ Филипп Август (1180-1223ж.)
кезінде король өкіметі қа-
лалықтардың жергілікті феодалдарға қарсы күресін қолдады. Ол 
елді біріктіру жолында үлкен табыстарға жетті. 
1202-
1214
жж. аралығында 
Нормандияны
жаулап басып алды. 
Анжуды, Туренді, Пуатуды
жартылай өзіне бағындырды.
1214ж. Ларош-о-Муане, Бувин түбінде француздар ағылшын ко-
ролі Иоанның әскерін күйрете жеңіп, Ла-Манш және Атлант 
мұхитына шығуға мүмкіндік алады. Король иеліктері төрт есе 
арттырылды. Сонымен ІІ Филип 
Булуаның батысын

Оверннің 
оңтүстігін

Лангедогтың шығысын
бағындырды. 
ІХ Людовиктің (1226-1270жж.)
кезінде оңтүстік Пуату, 
Тулуза қаласы, батыс Лангедог король билігіне өтті. 1259 ж. 
король Англиямен бітім шарт жасасып ,Англия Францияның 
солтүстігі мен солтүстік батыс провинциялары мен Нормандия-
дан бас тартты.
 
ІХ Людовик орталықтандырылған мемлекеттік 
басқару жүйесін қалыптастырды. 
ІҮ Филипп
(1285-1314) өзінің қол астына бай 
Шампань
графтығын, 
Навара

Лион
корольдіктерін бағындырды.ІҮ 
Филипп елдегі саясатын жүргізу үшін көп қаражатты қажет етті. 
Осы мақсатпен шіркеулерге де салық салды. Корольдің бұл 
әрекетіне папа 
ҮІІІ
Бонифаций
қарсылық көрсетіп, 1296 жылы 
папа мен король арасында жанжал туындады. Папа Франция-
дағы дін басыларына өзінің рұқсатынсыз корольдің салығын 
төлеуге тиым салды. Папаның әрекетіне жауап ретінде ІҮ 
Филипп елден сыртқа алтын, күмісті шығармауды бұйырды. 
Мұндай саясат папаның қазынасына зиянын тигізді. Папа өзінің 
билігінің король билігінен жоғары тұрғандығын жариялады. 


93 
Папаға жауап беру үшін 1302 ж. 
Бас штаттар
құрылды. Оның 
құрамында үш әлеуметтік топтың өкілдері: 
діни шонжарлар

дворяндар
және 
қалалықтар
болды. Бұл ұйымның құрылуы 
Франция үшін алға жылжушылық еді. Осы ұйым арқылы король 
қаланың бай өкілдеріне арқа сүйеп, король қазынасын толты-
руға және өзіне бағынбаған феодалдарды бағындыруға мүм-
кіндік алды. Папаға байланысты мәселеде жиынға қатысқан дво-
ряндар мен қала халқы корольды қолдады. ІҮ Филипп Италияға 
агенттерін жіберіп, ҮІІІ Бонифацийдің қайтыс болуын ұйым-
дастырды. Сөйтіп 1305 жылы ІҮ Филиптің қолдауымен архие-
пископ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет