Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы


§2.Б.з.д. І ғ. мен б.з.І-ІҮ ғғ.варварлардың қоғамдық



Pdf көрінісі
бет6/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr

§2.Б.з.д. І ғ. мен б.з.І-ІҮ ғғ.варварлардың қоғамдық 
құрылысы және шаруашылығы 
 
1. Кельттер, оларды Римнің жаулауы. 
2

Цезарьдің кезіндегі германдық тайпалар. 
3.Тациттің дәуіріндегі герман тайпаларының қоғамдық 
құрылысы және шаруашылығы

Рим империясының солтүстік көршілері-( гректер мен 
римдіктер оларды-тағылар «
варварлар
»деп атаған) 
германдық-
тар

кельттер

славяндар
еді . Варвар деген сөз гректің « 
жат
жерлік адам
» деген сөзінен шыққан. Бұл тайпалардың даму 
деңгейі әр түрлі еді. Империяға ену қарсаңында көпшілігі мем-
лекет құрудың алдындағы сатыда тұрды. 
Кельттер
б.з.д.VІ-ІІІ ғғ.қазіргі Германия мен Францияны 
(галлиялықтар), Испанияны (кельтонберліктер), Ирландияны 
(эйрлер мен скоттар), Англияны (бриттер), Швейцарияны (гель-
веттер) және солтүстік Италияны мекендеді. 


15 
Б.з.д. ІV ғғ. басында (390ж.) галлиялық-кельттер орта 
Италияға басып кіріп, Римді өртеді. Рим бұдан кейін өз күшін 
жинап оларға соққы беріп, нәтижесінде б.з.д.58 ж. Юлий Цезарь 
Галлияны жаулауды бастап б.з.д.51ж.аяқтады. Римдіктердің 
жаулау дәуірінде кельттер варварлықтан мемлекет құрудың қар-
саңында тұрды. Олардың қоғамдық құрылысының ертеден келе 
жатқан түрі 
рулық қауым
еді. Оның қалдықтары Ирландияда, 
Уэльсте, Шотландияда, Бретаньда ұзақ уақыт сақталды. Бұл 
құрылыс Галлияда Цезарь кезеңінде б.з.д. І ғ.ыдырай бастады. 
Ірі жер иеліктері бар ру-тайпаның ақсүйек жоғары топтары қа-
лыптасты. Оларды Цезарь 
салт аттылар(equites)
деп атаған. 
Рулық қауымның ішінде оларға қарама-қарсы Цезарь 
плебс
деп 
ат қойған кедейленген топтар да пайда болған. Ру көсемдері өз-
дерінің төңірегіне тұрақты жасақ жинады. 
Кельт қоғамының бай топтары билікті 
друид
тер деп атал-
ған абыздармен бөліскен.Олар ерекше абыздық ұйым құ-рып, 
орталық Галлияда өз жиындарына жиналып отырған. Абыздар 
сот қызметін де атқарып, тайпалар арасындағы даулы мәселе-
лерді де шешіп отырған. 
Кельттер отырықшы егіншілер болған, сонымен бірге мал 
ұстаумен де айналысқан. Кельттер ауылдық жерлерде тұрып, 
жаулардан қорғанатын қарапайым бекіністері бар мекендері 
(oppida) болған. Бұл мекендер діни тағзым етудің және қара-
пайым сауданың орталығы ретінде қалыптасқан. Ежелгі кельт-
тер жеке тайпа болып өмір сүргенмен,тайпалық 
одақтарға
(civitates) біріге бастайды. Одақтарды ру тектілерінің 
жиналысы
басқарды. 
Римдіктер жаулап алғанынан кейін Галлия тұрғындары 
римдік салт-дәстүрлерді қабылдады. Рулық қауым ыдырап рим-
дік жер иелену қалыптасып, бекіністі мекендерде галло-римдік 
қалалар дамыды. Латын тілі жергілікті кельт тілін ығыстыра 
бастады. Б.з.І және ІІ ғғ. Галлия басқа аймақтарға қарағанда 
Римнің дәстүрін анағұрлым тез қабылдаған провинциясына ай-
налды. 
Юлий Цезарь Галлияны жаулап алғаннан кейін 
Британияға екі жорық (б.з.д.55-54 жж.) жасайды. Екінші жо-
рығы сәтті аяқталып, британ тайпалық одағының жасақтарын 


16 
жеңіп тұтқындарды алып қайтады. Римдіктердің Британияны 
жаулауы император Клавдияның кезінде (б.з.43 ж.) аяқталды. 
Дегенмен 
бұл жаулау Британияны түгел қамтымады. Шотландия, 
Ирландия, Уэльс римдік иеліктің құрамына
кірген жоқ. Сон-
дықтан бұл аймақтарда кельттердің рулық құрылысы мен мәде-
ниеті жақсы сақталды. Британияда Галлияға қарағанда роман-
дану құбылысы өте әлсіз өтті. Тіпті ІІІ ғ.аяғы ІV-V ғғ. Риммен 
байланыс әлсірей түсті .V ғ.римдік әскерлер бұл аймақтан әке-
тілгеннен кейін Британдық кельттер тәуелсіздіктерін қалпына 
келтірді. Бұл кезеңді Британиядағы «кельттік қайта өркендеу» 
деп те атайды. Сонымен бірге осы кезеңде солтүстіктен скоттар-
дың, материктен сакстердің, англдердің, фриздердің шапқын-
шылығы күшейіп, кельттер ерлікпен қарсылық көрсетті. Осы дә-
уірден ержүрек «король» Артур мен оның рыцарьлары жайын-
дағы аңыздар қалған. 
Б.з.д. І ғ. соңында (Августтың кезінде) римдіктер Пиреней 
түбегін жаулады. Жергілікті халық Галлиядағы тәрізді римдік 
дәстүрлерді қабылдады. Дегенмен, түбектің солтүстік бөлігінде, 
баскілер мекендеген аймақта римдіктердің ықпалы әлсіз еді. 
Сонымен, кельттер орта ғасырлық Еуропаның, әсіресе 
француздардың, ағылшындардың, ирландықтардың, испандық-
тардың этникалық қалыптасуына өз үлестерін қосты. 
Кельттер-
дің
тікелей ұрпақтары 
ирландықтар 
мен 
шотландықтар 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет