Cascading Style Sheets (CSS) (Стильдердің сатылы кестелері) – гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Форматтау атрибуттары тобына бірден барлығына бір әрекетті қолдану арқасында стильдер НТМL кодын айтарлықтай ықшамдайды. Стильдер көмегімен мысалға, барлық тақырып жолының түрін өзгертуге болады. Бірақ үш тәсілмен тақырып жолын форматтамаудың орнына яғни, оның өлшемі басында берілсе, кейін қаріп берілсе және ең соңында орталық бойынша түзету болса, оны бір уақытта анықталған тәгке стильді қолдану арқылы тура соны іске асыруға болады [3].
JavaScript – браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар.
JavaScript – динамикалық парақтар құратын мүмкіндік болып табылады. JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады, ол HTML-коды ішінде орналаса береді не жеке файлға да жазылады. Ондай файлды да браузер оқып алады (арнайы команда бойынша).
JavaScript коды HTML тілін толықтырып, оны көрнекті етеді. JavaScript тілі арқылы гипермәтіндер жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Элементтер қасиеттеріне рұқсат және олардың веб-парақтағы динамикалық басқарылуы HTML құжатымен байланысқан программа арқылы іске асады. Мұндай программаларды скриптілер деп атайды немесе басқа әдебиеттерде кездесетіндей – сценарийлер деп атауға болады. Скриптілер Script тәгі арқылы сипатталады, яғни оның құрамында программаға немесе анықталған тілдегі оның мәтініне сілтемесі бар. Негізгі екі программалау тілдері қолданылады – JavaScript және VB Script.
Скриптілер бірнеше түрмен құрылады. Солардың ішіндегі ең кең тарағанының ерекшелігі – бұл Script контейнерінің ішінде программаның орналасуы. Осы тег сыртқы файлға сілтей алады немесе өзінің ішкі құрамында программаны қамтиды [4].
PHP (ол мына сөз акронимі: "PHP: Hypertext Preprocessor/Гипермәтіндік Препроцессор", алғашқыда – Personal Home Page сөзінен шыққан) – HTML ортасына енгізілген сценарийлерді жазу тілі. Тілдің мақсаты – Web-программалаушыларға жеңіл әрі жылдам өзгертуге болатын динамикалық түрдегі ықшам html-парақтар құру мүмкіндіктерін беру. PHP тілінің бір ерекшелігі – мәліметтер базаларымен бірігуінің жоғары деңгейде болуы. Қазіргі кезде бұл тіл бірсыпыра мәліметтер базаларын сүйемелдей алады, олар: Oracle, Adabas D, Sybase, FilePro, mSQL, Velocis, MySQL, Informix, Solid, dBase, ODBC, Unix dbm, PostgreSQL. Қазір РНР – жылдам дамып келе жатқан программалау ортасы, ол Интернеттегі көптеген серверлерде жұмыс істейді. РНР-де жасалған файлдар серверлердің барлығында да сақталып, өңделе береді. РНР тілінің артықшылығы оны HTML-парақтың кез-келген жеріне қосып, түрлендіруге болады. Оған қоса тілдің синтаксисі, құрылуы, ережелері де онша қиын емес.
Достарыңызбен бөлісу: |