C# (дыбысталуы си-шарп) — Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі. 1998—2001 жылдары Microsoft компаниясында Андерс Хейлсбергтің басшылығымен бір топ инженерлермен Microsoft .NET Framework платформасына қосымшаларды ққрастырушы тіл ретінде жасалған.
С# тілін («Си-шарп» деп айтылады, мұнда Бетховеннің «Ай сонатасындағы» музыкалық нотация — до-диез таңбасы (#) пайдаланылған; ағылшындар оны «си-шарп» деп оқиды) Microsoft компаниясының маманы Андерс Хейлзберг (Anders Hejlsberg) жаңа объектіге бағытталға программалау тілі ретінде С, C++, Java және BASIC тілдерінің негізінде жасап шығарған. Бұл пәнде осы тілдің негізгі элемент-тері қарастырылады.
С # тілі Microsoft фирмасының .NET (дот-нет) архитектурасы үшін программалар жазуға арналған тілі. .NET – программалау технологиясындағы жаңа платформа, ол желіге қосыл-ған компьютерлерге арналып жасалған.
.NET көмегімен шағын мобильді компьютер-лерде орындалатын программалар жазу ыңғай-лы деп есептеледі. Бұл технология Visual Studio.NET деп аталады да, бұл ортада Visual Basic, басқарылатын С++ және С # тілдерінде программалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылармен ғана шектеліп қалмайды.
С # тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін .NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы программаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, ком-пьютер типінен тәуелсіз командалардан тұра-ды да, бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime – CLR деп аталатын жүйе арқылы атқары-лады. CLR ортасы кез келген ОЖ-да орында-ла береді. Программаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time – дер кезінде) шақырады. Компилятор программаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |