Нотариаттық іс әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы субьектілер және олардың ерекшеліктері



Дата13.12.2021
өлшемі20,24 Kb.
#100236
Байланысты:
Нотариаттық іс әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы субьектілер және олардың ерекшеліктері


Нотариаттық іс әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы субьектілер және олардың ерекшеліктері.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі Нотариат туралы Заңмен, басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың нотариаттық іс әрекеттер жасау тәртібі туралы нұсқаулықпен белгіленеді. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде алдын ала қарастырылған ережелерді орындау нотариаттық органдардың қызметіндегі заңдылығы мен тәртібін қамтамасыз етеді және нотариаттық құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде заңды тұлғалар мен азаматтардың құқығын орнықтырады және бекітеді.



 Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нотариустар жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.

      2. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – БНАЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.

      Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.

      3. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 40-бабына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.

      Нотариаттық іс-әрекеттер жасау Заңның 41-бабындағы негіздер бойынша кейінге қалдырылуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.

      4. Баланың заңды өкілі оның ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, патронат тәрбиешісі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамқоршылықты, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын өзге де алмастыратын адамдар (бұдан әрі – баланың заңды өкілдері) болып табылады.

      5. Заңның 42-бабына сәйкес нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның жеке басын анықтайды.

      Нотариаттық іс-әрекет келесі жеке басты куәландыратын құжаттарымен жасалады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

      3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

      5) туу туралы куәлік;

      6) шетелдік паспорты.

      16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.

      16 жасқа толмаған, кәмелетке толған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі жеке басын куәландыратын құжатпен анықтайды, сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.

      6. БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында нотариаттық іс-әрекет жасауға келген адамдар мен олардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген заңды өкілдерінің құжаттары салыстырылып тексеріледі.

      7. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес нотариус жеке тұлғалардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн және мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтайды.

      Жеке тұлғаның әрекетке қабілеттілігі оның жеке басын куәландыратын құжаттарын берген сәттен, сондай-ақ әңгімелесу барысында көзбен шолу және БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында анықталады.

      Заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктің, филиалдың (өкілдіктің) құқық қабілеттілігі БНАЖ арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан анықталады.

      Заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттіктері БНАЖ арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында және оны лауазымына тағайындау туралы бұйрығымен (шешімі) тексеріледі.

      Заңды тұлға, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының өкілеттілігі оның басшысының немесе осыған оның құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге тұлғаның қолы қойылған, осы ұйымның мөрімен бекітілген сенімхат бойынша анықталады.

      Жеке тұлға өкілінің өкілеттілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша тексеріледі (бұдан әрі – ҚР АК).

      Нотариус БНАЖ арқылы Қазақстан Республикасындағы нотариус куәландырған сенімхаттарды беру фактісін тексереді.

      8. Ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктері баланың тууы туралы куәлігі бойынша, қамқоршылыққа алынушыға (қорғаншылыққа алынушыға) қатысты қамқоршының (қорғаншының) өкілеттілігі - қамқоршы және қорғаншы органдардың шешімімен анықталады. Ата-аналардың, қамқоршының (қорғаншының) жеке басы осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде белгіленеді, сондай-ақ БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында және "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесімен салыстырылады. Нотариус неке туралы мәліметті БНАЖ арқылы "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде тексереді.

      9. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтінішке және басқа да құжаттарға қатысушылар нотариустың қатысуымен қол қояды, онда тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) өз қолымен жазып қояды.

      10. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлде бір өзге себептермен өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның, бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды құжатқа қол қоя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқа басқа адам қол қоя алады.

      Нотариус қол қойған адамның әрекетке қабілеттілігін оның жеке басын куәландыратын құжатын берген кезде анықтайды.

     

      11. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасауға келген адамның ниетіне сәйкес екендігін өзі қол қоюмен куәландырады.

      12. Егер адам сауатсыздығынан немесе дене кемістігінің (нашар көруі немесе мүлдем көрмеуі) салдарынан нотариаттық куәландырылатын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нотариус оған құжаттың мәтінін оқып беруге міндетті, ол туралы құжатқа белгі қойылады.

      13. Егер адам нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариаттық куәландырылатын құжаттың мәтінін осы тілді білетін нотариус немесе аудармашы аударылған болса, ол туралы құжатқа белгі қойылады.

      14. Нотариаттық куәландырылатын мәтінде немесе куәландырылатын құжатта оның мазмұнына қатысты күні кемінде бір рет сөздермен жазылуы тиіс.

      15. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауға заңды тұлға жүгінсе, оның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және тұрған жері көрсетілді.

      Нотариаттық іс-әрекет жасауға жеке тұлға келген кезде, жеке басты куәландыратын құжаты бойынша ол туралы мәлімет, оның тұратын жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Мәмілелерді шетелдік азаматтың атынан куәландырған кезде олардың азаматтығы жоқ адамдарға қатысты азаматтығы – ол туралы мәлімет көрсетіледі.

      16. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауға нотариаттық іс жүргізу тілінен өзгеше тілде жасалған, аудармасы тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ өшірілген, қосылып жазылған, сызылған немесе өзге де келісілмеген түзетулері бар, қарындашпен жазылған құжаттар, сондай-ақ мөр бедерлемесі анық көрінбейтін құжаттарды қабылдамайды

      Егер ұсынылған құжаттар екі не одан көп парақтардан тұрса, олар бауланады, парақты нөмірленеді, ал бауланған парақтардың саны құжат беруші ұйымның лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталады.

     

      17. Нотариаттық куәландырылған құжатта нотариус азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзгертуді, тоқтатуды болдырмайтын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүдделерін заңмен қорғайтын құқықтарына қатысты емес орфографиялық, грамматикалық немесе техникалық қателіктерді түзетуі мүмкін, куәландыратын жазбаның соңында нотариустың қолы мен мөрі қойылады.

      18. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді жасау үшін келген тұлғаға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ заңдық хабарланбауы оған зиянын тигізбеуі үшін жасалынатын нотариаттық іс-әрекеттердің салдарларын ескертеді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 2 тармақшасы).

      19. Мәмілелерді куәландырғанда, нотариаттық куәландырылған құжаттардың телнұсқасын бергенде құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын, құжаттардың берілген уақытын куәландырғанда тиісті құжаттарға нотариустың жеке қолы қойылып куәландыру жазбасы жасалады және оның мөрі басылады.

      20. Куәландыру жазбасының мәтіні техникалық құралдармен (жазба машинасымен, дербес компьютермен) немесе қолдан анық жазылып орындалады, өшірулерге жол берілмейді. Куәландырушы жазбаларды жасау үшін тиісті жазбасы бар мөртабан қолданылуы мүмкін. Құжаттағы куәландырушы жазба осы бетте немесе құжаттың артқы бетінде азаматтардың қолтаңбасынан кейін қойылады.

      21. Егер куәландыру жазбасы тиісті құжатқа сыймай қалса, ол құжатқа қосылған парақта жалғастырылуы немесе толық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттың мәтіні көрсетілген беттер және куәландыру жазбасы бауланып тігіледі және нөмірленеді, парақтардың саны нотариустың қолымен расталып, мөрімен бекітіледі.

      22. Мұрагерлік құқық, меншік құқығы, азаматтың тірі екендігі және белгілі жерде орналасу фактісін, жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтініштер беруін, құжаттардың сақтауға қабылданғанын куәландырған кезде тиісті куәліктер беріледі.

      23. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі.

      24. Нотариаттық іс-әрекеттерді нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу тек куәландырушы жазбаға немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойған соң ғана жүргізіледі.

      25. Негізінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалынатын құжаттар куәліктің не мәміленің нотариуста қалатын данасына қоса тігіледі. Түпнұсқалы құжаттарды оларды алып келген тұлғаларға қайтару қажет болған жағдайда нотариус олардың көшірмелерін өзіне қалдырады. Нотариустың істерінде қалатын құжат көшірмелерінің дұрыстығы түпнұсқамен көшірмесі дұрыс келетініні көрсетіліп, күні мен нотариустың қолы қойылып, нотариустың жазбасымен куәландырылады.

      26. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер Заңның 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынылады.

      27. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған көшірмелер, сондай-ақ нотариустар берген құжаттар жеке және заңды тұлғаларға тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекет жасалынған адамның немесе олардың уәкілетті адамдарының атынан беріледі.

      Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекет жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың телнұсқалары беріледі.

      Құжат телнұсқасы куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс.

      Егер, нотариус телнұсқаны сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның аты-жөні жазылады.

      28. Өсиеттер, өсиеттердің телнұсқалары мен көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін қайтыс болғаны туралы куәлікті тапсырған кезде беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің телнұсқасы олардың одан кейін мұрасын иеленетін мұрагерлеріне өсиет қалдырушының және қайтыс болған мұрагердің қайтыс болғаны туралы куәліктері, сондай-ақ мұрагерлікті қабылдауға негіз болып табылатын құжаттарды ұсынған жағдайда беріледі.

.

      29. Қайтыс болу фактісі, мұрагерлікті қабылдауға негіз болатын туысқандық қатынастар нотариусқа ұсынылған құжаттар бойынша анықталады. Егер нотариусқа берілген құжаттарды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген жағдайда БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында, "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер тексеріледі.

      30. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекет жасауға алкогольдік, есірткілік, токсикологиялық масаю халінде келген адамдар келген кезде бас тартады.

      31. Нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқанда, тоқтата тұрғанда, кейінге қалдырғанда, бас тарту, тоқтата тұру немесе кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады (бұдан әрі - қаулы).

      Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетіледі:

      1) қаулы шығарған күні;

      2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лицензияның нөмірі мен берілген күні;

      3) нотариаттық іс-әрекет жасауға келген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), оның тұрғылықты жері (немесе заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері), өтініш жасаған күні;

      4) қаулы шығарған нотариаттық іс-әрекеттің атауы;

      5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту не тоқтата тұру не кейінге қалдырудың себептері (заңнамаға сілтемесімен);

      6) бас тарту не тоқтата тұру не кейінге қалдыруды шағымданудың тәртібі мен мерзімдері.

      Қаулы екі данада жасалынып, нотариустың қолы және мөрімен расталады және шығыс құжаттарды тіркеу кітабында тіркеледі. Бір данасы нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылған, не тоқтата тұру не кейінге қалдырған тұлғаға беріледі немесе жолданады. Қаулының екінші данасы қаулы тапсырылған адамның қолы қойылған немесе бас тартылған немесе нотариаттық іс-әрекет жасау тоқтатыла тұрған не кейінге қалдырылған адамға пошта арқылы жіберілгені туралы белгісі бар нотариустың істерінде қалдырылады.

      32. Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық іс-әрекеті қолданыстағы заңнамаға қайшы келгенін анықтаса, онда ол нотариаттық іс-әрекетті жасауға оған жүгінген тараптарға (тұлғаларға) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою (бұзу) бойынша шараларды қабылдау үшін хабарлауға міндетті, ал нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою (бұзу) мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органына бұл туралы тиісті шараларды қабылдау үшін дереу хабарлауы қажет.



      33. Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-104-баптарына сәйкес басқа да мемлекеттің құқық нормаларын қолданады.

      34. Жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландырған кезде және мемлекеттік тіркеуге жататын куәліктерді берген кезде нотариус "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорынан БНАЖ арқылы тіркеу органы басшысының, оны алмастыратын адамның (белгіленген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алады.

      Осы Қағидалардың 5254140 және 160-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді куәландыруға және мемлекеттік тіркеуге жататын куәліктер беруге ауыртпалықтар болмаған кезде рұқсат етіледі.

      "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік дерекқорынан БНАЖ арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде тіркеу органы растаған нақты жылжымайтын мүлік объектісі жөніндегі ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер нотариустың уәжді сұрау салуы бойынша тіркеуші органда беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет