Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру


Пайдаланылған әдебиеттер:  
1.  Алпысқызы Сара. Өмір әдебі: Әдеби эссе,толғаныстар-Алматы,2003 
2.   «Өзін-өзі  тану»  пәнінің  Қазақстан  республикасы  жалпы  орта  білім  беру 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы – 2006 ж 
3.  Р.Сламбекова «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың кейбір мәселелері. Мектеп 
директоры. 2004.№2. 
4. 
Р.С.Сарсенова  «Өзін-өзі  тану»  бағдарламасы  адамгершілік-рухани 
құндылықтардың  қайта  даму  жолы  ретінде.  Педагогика  мәселелері.  2009 
ж.  №1.
 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ 
ДАМУЫ 
 
Қазыбай Ақдәурен Магаданқызы 
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы 
 Т.Айбергенов атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі 
 
        Адамгершілік  азамат  қоғамының  даму  тарихы  арқылы  қалыптасып, 
әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан 
да  адамгершіліктің  мәнін  абстрактылы  түрде  қарап,  оны  адамдардың 
табиғатымен,  биологиялық  ерекшелігімен  ғана  байланыстыруға  болмайды. 
[3]  
        Азамат 
тарихында  адамгершілікке  байланысты  пайда  болған 
категориялар:  жомарттық,  батырлық,  ерлік,  әділдік,  қарапайымдылық, 

329 
 
кішіпейілдік,  адалдық,  шыншылдық,  ұяттылық,  ар  мен  намыс  т.б.  Бұлар 
сонау  көне  дәуірден  басталып,  күні  бүгінге  дейін  өз  маңызын  жоғалтпаған 
ішкі  рухани  адамгершілік  дүниесінің  негізгі  формалары  –  үміт,  сенім  және 
махаббат үнемі даму үстінде болады. [1] Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған 
көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете 
алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан 
ізгілік,  мейірмділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді 
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен ұстаздар маңызды роль 
атқарады. Рухани- адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол 
үлкендердің, ата-аналардың ұстаздардың балаларға белсенді ықпалын, екінші 
жағынан-  оқушылардың  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан,  сезімдері 
мен қарым- қатынастарынан көрінеді.  
         Адамгершіліктің  негізгі  мінез-  құлық  нормалары  мен  ережелерінен 
тұрады.  Ол  адамдардың  іс-  қылықтарынан,  мінез-  құлықтарынан  көрінеді, 
моральдық  өзара  қарым-  қатынастарды  басқарады.  Отанға  деген 
сүйіспеншілік,  қоғам  игілігі  үшін  адам  еңбек  ету,  өзара  көмек,  сондай-ақ 
қоғамға  тән  адамгершіліктің өзге  де  формалары,  бұл-  сананың  сезімдерінің, 
мінез- құлық пен өзара қарым- қатынастың бөлінбес элементтеріне, олардың 
негізінде  қоғамыныздың  қоғамдық-  экономикалық  құндылықтары  жатады. 
[2]  
           Баланың  өмірге  белсенді  көзқарасының  бағыты  үлкендер  арқылы 
тәрбиеленеді.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнділікті  өмірде, 
үлкендердің  қолдан  келетін  жұмысты  ұйымдастыру  процесінде,  ойын  және 
оқу  ісінде  жоспарлы  түрде  іске  асады.    Руханилық  жеке  тұлғаның  негізгі 
сапалық  көрсеткіші.  Руханилықтың  негізінде  адамның  мінез-  құлқы 
қалыптасады, ар- ұят, өзін- өзі бағалау және адамгершілік саналары дамиды. 
Мұның  өзі  мейірімділікке  шақырады.  Қай  заманда  болмасын  адамзат 
алдында  тұратын  ұлы  мұрат-  міндеттерінің  ең  бастысы-  өзінің  ісін,  өмірін 
жалғастыратын салауатты, сапалы ұрпақ тәрбиелеу.  
          Қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірінде  үлкенді  сыйлау  ұлттың  дәстүрге 
айналған.  Халқымыздың  тәлім-  тәрбиелік  мұрасына  үңілсек,  ол 
адамгершілікті,  қайырмдылықты,  мейірбандықты  дәріптейді.  Оқушыларды 
иманлыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірмділік, 
қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық қөрсету, адалдық, ізеттілік сияқты, 
қасиеттерді  бойына  сіңіру  қажет.  Баланы  үлкенді  сыйлауға,  кішіге  ізет 
көрсетуге,  иманды  болуға,  адамгершілікке  баулу  адамгершілік  тәрбиесінің 
жемісі.  
        Қазіргі  кезде  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  тәрбиелеуде  қойылған 
мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор 
бола  білетін,  жан-  жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Осы 
мақсатты жүзеге асыруды «Бөбек» қорының призиденті Сара Алпысқызының 
«Өзін- өзі тану» біздің кәсіптік лицейде пән ретінде енгізілген. Бүгінгі таңда 
мемлекеттік  тілде  және  орыс  тілінде  оқытылатын  топтарда  «Өзін-өзі  тану» 
пәні 
арқылы 
болашақта 
Қазақстан 
Республикасының 
маңызды 

330 
 
инфрақұрылымының  бірі  болып  есептелетін  темір  жол  жүйесінде  қызмет 
ететін  кәсиби  мамандар  даярлап  шығаратын  біздің  оқу  орнымызда  лицей 
қабырғасынан  орталау  және  жалпы  білім  алып  шыққан  оқушыларға 
мамандықпен  қатар  адамгершілік  рухани  тәрбиені  бойларына  сіңірудеміз. 
Себебі:  біздің  түлектер  қоғамның  қайнаған  ортасында  қызмет  етеді.  Яғни 
темір  жол  серігі  немесе  локомотив  жүргізушісі  бойында  жоғарыда  аталған 
құндылықтар табылуы керек.  
         Қазіргі таңдағы білім беру ұйымдарындаға оқушыларды жеке тұлға етіп 
қалыптастыруды адам бойындағы асыл қассиеттердің көзін ашып, қоғамның 
белсенді мүшесі етіп дайындауға, адамгершілік құндылықтардың мәні жүйелі 
пайдаланса  ғана  қазіргі  тәрбиені  өз  дәрежесінде  жүзеге  асырары  сөзсіз.  [2] 
Әр  оқушының  жан  дүниесін,  сана-сезімін,  мінез-құлық  пен  сезімге 
тәрбиелейтін  осындай  құндылықтарға  ерекше  назар  аудару  бүгінді  таңның 
сұранымы.Адамгершілік және рухани құндылықтар тығыз байланысты.  
       Рухани  құндылықтардың  ең  қайнар  көзі  адамгершілікке,  моральдік 
қалыптарда,  жамандықты  жаман  қасиеттерді  жете  білуінде.  Мұндағы  рух- 
табиғи моральдық бастамадан өзгеше,  затсыз идеалды бастаманы білдіретін 
философиялық ұғым; рухани, руханиялық- адамның ой- санасына, ішкі жан- 
дүниесінің  дамуы,  жетілуі,  кеңеюі;  рухтану-  қайраттану,  жігерлену, 
шабыттану, 
белсенділік; 
рухтандыру- 
серпілту, 
құштарландыру, 
жігерлендіру,  тазалау,  жаңаландыру,  қанағаттандыру,  кемелдендіру, 
сүйсіндіру  т.б;  рухтандырғыш-  күшжігер  беруші,  қайраттандырушы, 
шабыттандырушы,  үлгі  көрсетуші  т.б  руханиялық-  ішкі  жан-  дүниесінің 
байлығы, жан- жақты кемелденуі, сана болмысының тазалығы, идеялық үлгі, 
өнеге, тұрақтылық; руханият- ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан- ұрпаққа 
жеткен  сапалы  білімі  мен  ғылымы  және  мәдениеті.    Оқушыларды  рухани 
адамгершілік  тәрбиелеу  мәселесі  әрбір  ата-  ананың,  қоғамның  және  жалпы 
мемлекеттің  алдында  тұрған  негізгі  мәселелердің  бірі,  себебі  қоғамда  жас 
ұрпаққа  рухани  тәрбие  беру  мәселесіне  қатысты  күрделі  проблемалар 
қалыптасты.  Қазіргі  таңда  өскелең  ұрпаққа  арналған  нақты  өмірлік 
бағдарламаның  болмауы,  қоғамдағы  рухани-  адамгершілік  ахуалдың 
төмендеуі, 
балалармен 
бос 
уақыттағы 
мәдени 
жұмыстарының 
әлсіздігі,балалардың физикалық дайындығының нашарлауы және тағы басқа 
мәселелер  өзекті  болып  отыр.  Білім  беру  жүйесі  тұлғаның  рухани  дамуына 
жоғары  деңгейде  кепіл  бола  алмайды,  өйткені  тәрбие  –  бұл  күнделікті 
өмірдегі  адамның  әрбір  адамға  деген  құрметі  мен  сыйластығы  негізіндегі 
басқа  адамдарға  деген  қарым  –  қатынасын  анықтайтын  тұлғаның 
сапасы.Тәрбиенің  негізгі  міндеті—  қоғамның  қажетті  талаптарын  әрбір 
баланың  бойында  борыш,  намыс,  ар-  ождан,  қадір-  қасиет  сынды  биік 
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. 
            Қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, 
мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру 
–  заман  талабы.  Әр  халықтың  өзіне  тән  дәстүрі,  оның  білім  беру  мәдениеті 
осы  оқу  —  тәрбие  үрдісіне  тікелей  байланысты.Қазақ  халқы  –  өзінің  бай 

331 
 
тарихи  мұрасын,  өнері  мен  тілін,  салт  –  дәстүрін,  әдеп  –  ғұрпын,  рухани  – 
адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу-
тәрбие  үрдісінде  қолданылатын  әдіс-  тәсілдер,  деректер  ұлттық  психология 
ерекшіліктерін  ескеру  қажет.  Халқымыздың  ғасырлар  бойы  ұлан-  байтақ 
жерін  сыртқы  жаулардан  қорғауда  ерлігімен  көріне  білген  батырлары  мен 
қолбасшыларын,  халқының  сөзін  сөйлеп,  ел  қамын  ойлаған  шешен  — 
даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, 
тілі  мен  дәстүрін  сақтау,  зерттеу  –  азаматтық  борышымыз.  Сондықтан  бар 
халық  мақсаты  өзінің  өскелең  ұрпағына  тәрбие  беруде  күнделікті  тұрмыс 
кәсібін  ұлттық  арнада  ұйымдастырып,  рухани-  адамгершілік  тағылымымен 
ұштастыра білген. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер  
1. «Адам және қоғам» Н. Күнқожаев.  
2. «Өзін - өзі тану» Республикалық ғылыми- әдістемелік журналдар 2010 ж.  
3. Сатыбаев С. «Халық әдебиетінің тарихы негіздері» Алматы,1992 ж. 
 
 
ОҚУШЫ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Бекбаев Ануар Султансиыкович  
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Көкбұлақ орта мектебі 
 
       Әрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының  арасында  өз  ұлты  үшін  қызмет 
қылатын  болғандықтан,  баланы  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбиелеу  қажет.  Ата-
бабамыздың  ұрпағына  мұра  еткен  бар  асылының  қаншама  ғасырлар  бойы 
көшпейтіндей  етіп,  артына  із  қалдыруы  көрегенділіктің  көрінісі.  Адамзат 
баласының  өз  тіршілігінде  көрген-білгенін,  тоқып-түйгенін    қорытып 
келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны – табиғи заңдылық. Адам бойында 
қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға 
болады.  
         Әлеуметтік  маңызы  зор  құндылықтың  мән-мағынасын  ұғындыру, 
баланың  санасына,  сезіміне,  түйсігіне,  мінез-құлқына  әсер  ететіндей 
дәрежеде  жеткізу  ұстаздық  шеберлікті  талап  етеді.  Қазіргі  қоғамда  бізге 
жетіспей  жатқаны  өзіміздің  қазақи  өмір  сүруімізбен  шығыстық  дүние 
танымдағы  ұлтттық  мектебімізді  құру.  Қазақылық  дүние  танымның  өзегі  – 
адамшылдық.  Атадан  балаға  ұласатын  ұлттық  құндылықтар  үлкендердің 
ұлағатты  сөздерінен,  іс-қимылынан  танылып,  сезім  арқылы  жүректен-
жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты 
қасиеттерді  сіңіре  білудің  маңызы  зор.  Қазақстан  Республикасының  баянды 
тәуелсіз  ел  болуы  үшін  ұлттық  құндылықтар,  тәрбие  арқылы  халық 
педагогикасынан  нәр  алып  адами  құндылықтардың  барлық  саласын  бойына 
сіңірген,  таза  елжанды  азаматтар  қажет.  Қазақ  елі  үшін  бар  білімі  мен 

332 
 
қабілетін  сарп  ететін,  елін,  туып  өскен  жерін,  тілін,  халқының  салт-
дәстүрін,тарихын, 
дінін, 
мәдениетін 
құрметтейтін 
жеке 
тұлға 
тәрбиелеу.Ұлттық  құндылықтар  арқылы  тәрбиелеу  дегеніміз  –халықтың 
ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас 
ұрпақтың бойына сіңіру.  
         Бүгінгі  таңда  жаhандану  үрдісі  жүріп  жатқан  жағдайда  ұлттық  мүдде, 
ұлттық  тәрбие,  ұлттық  құндылық,  ұлттық  рухымызды  сақтап  қалу  – 
алдымызда  тұрған  үлкен  міндет.  Ұлттық  тәрбие  дегеніміз  –  сана  сезім  мен 
сенім 
қалыптастыру. 
Бүгінгі 
ұрпағымызды 
бірнеше 
ғасырлардан 
жинақталған  ата-бабамыздың  мол  мұрасымен,  ұлттық  құндылықтарымен 
сусындату – біздің басты парызымыз. Қазіргі қоғамда құндылықтардың алар 
орны  ерекше.  Қазақ  педагогикасында  құндылықтың  түрі  мен  маңызына, 
сыры мен сипатына алғаш философиялық мән беріп, оны жан-жақты талдай 
білген Абайдан асқан зор тұлғаны атау мүмкін емес. Абай – қазақ халқы үшін 
парасат  биіктігінің  ақыл-ой  толықтығының,  адамгершілік  пен  рухани 
байлықтың  өлшемі.  Абайдың  қара  сөздерінің  жас  ұрпақ  үшін  маңызы  зор. 
Қазіргі  таңда  ұлттық  рухтың  оянуы  ұлттық  тарих,  мәдениет,  салт-дәстүр 
жаңа  көзқараспен  қалыптастырды.  Ата-бабаларымыз  ұрпақ  тәрбиесіне 
ерекше мән берген. Өз ұрпағын адал еңбекке, өнер-білімге тәрбиелеп, өмірге 
бейімдеп,  жанұяның,  Отан  намысын  қорғауға  тәрбиелеуі  үлкен 
ұлағаттылықты 
байқатады. 
Әр 
халықтың 
тәлім-тәрбиесі 
ұлттық 
құндылықтың  маңызды  белгісі.  Құндылық  –  тәрбие  мен  оқытудағы 
адамгершілікке  бағытталған  мұраттар.  Оқушының  ұлттық  қасиеттері: 
меймандостық, 
кісілік, 
сыйластық, 
имандылық, 
кішіпейілділік, 
салауаттылық,  инабаттылық,  қайырымдылық,  ізгілік,  еркіндік,  өнерпаздық, 
шешендік,  ақынжандылық,  сыпайлылық,  мәдениеттілік,  шығармашылық, 
рухани-байлық,  махаббат  т.б  сияқты  қасиеттері  арқылы  ерекшеленеді. 
Құндылықтар шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол 
адам  санасында  орын  алады.  Құндылықтар  сезім  арқылы  қабылданады,  ал 
сана  арқылы  оны  түсінуге  болады,  сол  арқылы  тұлға  құндылығы 
қалыптасады.  
         Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және 
жасөспірім  шақта  жедел  жүреді.Тұлға  дегеніміз  –  сезімнің,  әсердің,  ішкі 
күйініш-сүйініштің  бойына  жинақталған  көрнісі.  Тұлға  –  бұл  қоғамдық-
тарихи  дамудың  өнімі.  Тұлғаның  қалыптасуы  өмірге  келген  сәтінен  бастау 
алып,  жасөспірім  және  жеткіншек  шақта  жедел  қалыптасады.  Рухани  тұлға 
көрсеткіштері: ойы озық, еркін, кісілігі, намысы биік, өрелі, білімді, рухани 
бай,  кемелденген,  саналы,  іскерлік.  Адам  баласы  материалдық  және  рухани 
өмірдің  ортасында  тіршілік  етеді  де,  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамның, 
ұжымның,  ұлттың  мүшесі  ретінде  өзіндік  ақыл-парасатымен,  жеке  бастың 
өзіне тән ақыл-ой,ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. 
Әрбір  тіршілік  иесі  –  адам.Әр  адам  өзінің  жеке  қасиеттеріне  қарай  өзінше 
жеке  тұлға.  Адам  жеке  тұлға  болып  қалыптасып  өсуі  және  дамуы  үшін  тек 
қана  адамдар  арасында  өмір  сүруі  қажет.  Жеке  тұлғаның  рухани-

333 
 
адамгершілік  дамуы  ұлттық  дәстүрлерімізді  меңгеруі  мен  құрметтеуінен 
туындайды. Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту, оның ең 
алдымен,  әдептілігіне  баса  назар  аударуды  қажет  етеді.  Өйткені  ол  –
халқымыздың  ұлттық  психологиясының  өзегі,  оның  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  қоғамдық  санасының  практикалық  көрінісі,  барлық  кісілік 
қасиеттерінің жиынтығы.  
      Білім  берудің  негізгі  басты  мақсаты  мен  нәтижелілігі  –  білім  алумен 
бірге,  біліктілік  дағдыларына  қол  жеткізе  отырып,  заман  талабына  сай 
ұлттық  құндылықтарды  бойына  дарытқан,  өз  Отанының  партиоты,  жан-
жақты  дамыған  білімді,  өз  ісіне  және  өзгенің  ісіне  әділ  баға  беретін, 
функционалдық  сауаттылығы  қалыптасқан  жеке  тұлға  қалыптастыру  болып 
табылады.  «Ұлттық  құндылық  қасиеттер  –  рәміздеріміз,  ұлттық  сана-
сезіміміз,  ойымыз, дәстүрлік  іс-әрекетіміз  заман  ағымына  қарай  қолданыста 
өзгеріс табады» деген пікірді әрбір ой толғаушы ғалымдардың еңбектерінен 
байқауға  болады.  Ұлттық  руханилық  ұлттық  құндылықтың  мәні  деп 
түсінеміз. Әр ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып 
қалыптасқан.  Әрбір  тұлға  саналы  түрде  өзін  басқалармен  салыстыра  келіп 
өзіндік ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырады.  
         Мектептегі білім мен тәрбие жұмысын ұлттық ерекшеліктерге негіздеп, 
мазмұнына халықтық ұғымдар енгізу, уақыт күттірмейтін мәселе. Мұны өмір 
талабы,  заман  ағымы  қажетсінуде.  Ұлттық  ерекшеліктер  ұғымын  жалаң 
тұрғыда  емес,  әр  пәннің  мазмұнына  үйлесімділікпен  енгізе  білуіміз  керек. 
Ұрпақ  ата-бабадан  жеткен  асыл  мұраларымызды  саналы  қабылдап,  бойына 
дарыту  үшін,  ең  алдымен, халықтық өзіндік  болмыс  ерекшеліктерінен, өмір 
тіршілігінен мол мағлұмат болуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпаққа ұлттық 
тәрбие берудің ең басты жолы – ұлттық қадір-қасиетті дәріптеп, ана тілімізді 
сақтап,  мәдениетімізді  дамыту  болып  табылады.  Тәрбие  –  мәңгілік  және 
адамзаттық. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған, озық 
тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіру, баланың қоршаған 
ортадағы  қарым-қатынасын,  дүниетанымын,  өмірге  деген  көзқарасын  және 
соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, 
ұлттық  сана-сезімі  оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті, 
парасатты,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер,  бойында  басқа  да  ұлттық 
қасиеттер  қалыптасқан  адамды  тәрбиелеу.Тәрбие  мазмұны,  оны  жүзеге 
асыратын  әдіс-тәсілдердің  негізі  –  адамгершілік,  имандылық,  ізгілік, 
елжандылық. Бұл ерекшеліктер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирасқа 
қалып отырады.    
       Ұлттық тәрбие алған ұрпақ – дені сау, білімді, өнерлі, ақылды, еңбекқор, 
иманжүзді,  сұлу  да  сымбатты,  ұлтжанды  болып  қалыптасады.  Ұлттық 
құндылықтар  арқылы  тәрбиелеу  дегеніміз  –  халықтың  ғасырлар  бойы 
жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына 
сіңіру,  баланың  қоршаған  ортадағы  қарым  –  қатынасын,  дүниетанымын, 
өнерге  деген  көзқарасын  және  мінез  –  құлқын  қалыптастыру.  Ұлтжанды, 
адами  құндылықтарды  бойына  жинаған,  қиыншылықтардан  жол  табатын, 

334 
 
экономикалық  бәсекелестікке  қабілетті,  ары  таза,  иманжүзді,  біреудің 
қолдауынсыз  өз  еңбегімен  білім  алған,  елі  мен  жерін  сүйетінін  атқарған 
ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Ұлттық тәрбие – әрбір халықтың 
ой-арманымен,  тіршілік  тынысымен,  ұлттық  дәстүрімен  тығыз  байланыста 
туып,  қалыптасқан  тарихи  қазынасы,  мәдени  мұрасы.  Ол  болашақ  ұрпақты 
өмір сүруге тәрбиелейтін өмір кітабы.  
         Егеменді  еліміздің  болашағын  қалыптастыру,  ғасырдан    ғасырға 
жалғасып келе жатқан салт-дәстүрді, асқақтаған айбынды Отанды сүюге, ата-
анаға құрмет, үлкенге ілтипатты, кішіге парасатты, салауатты дені сау ұрпақ 
тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  талабы.Ұлттық  тәрбиеге  тікелей  ықпал  жасайтын 
білім  ордасы,  мектеп.  Мектеп  –  білім  ошағы,  тәрбие  ордасы,  тағылым 
табалдырығы.  Мектеп  –  тұлғаның  толық  қалыптасуына  жағдай  жасайтын 
әлеуметтік орта. Бүгінгі жас ұрпақ мектептен білім мен тәрбиені қатар алып 
шығуы  керек.  Сонау  замандардан  жинақталған  ата-бабамыздың  мол 
мұрасымен, яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату  – ұстаздардың басты 
парызы. Демек, ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы 
мұғалімдер ұлттық құндылықтарды қалыптастырмақ.  
            Жас  ұрпақ  тәрбиесі  –  адамзаттың  мәңгілік  тақырыбы.  Ұлттың  бүгіні 
де,  болашағы  да  тәрбиелі  ұрпаққа  байланысты.  Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 
құндылықтардың  бірнеше  саласын  қарастыруымызға  болады.  Олар:  білім 
беру  құндылықтары,  адамзаттық  құндылықтар,  ұлттық  құндылық,  рухани 
құндылық, адамгершілік құндылық, мәдени құндылық болып жіктеледі. Жас 
ұрпақты  ұлттық  құндылықтар  арқылы  тәрбиелеуде  халқымыздың  сан 
ғасырлық тәжірибесі бар екендігі айдан анық. Ұстаз алдындағы негізгі мақсат 
–  ұлттық  болмыс  ұғымдары  арқылы  оқушы  дүниетанымын  кеңейту,  өз 
беттерімен пайымдау жасауға, терең ойландыруға ұмтылдыру. Қазақи ұлттық 
құндылықтар  жойылып  кетпейді,  ол  биология  заңдылықтары  сияқты 
жаңарып  отырады.Ұлттық  құндылыққа:  Адамгершілік,  Мінез-құлық, 
Салауатты  өмір  салты  жатады.  Адамгершілік-тұлғаның  адамгершілік  сана-
сезімін,  іс-әрекетін  қалыптастыратын,  құндылық  бағдарын  айқындайтын 
құрал  адамгершілік  қасиеттің  ең  жоғарғы  түрі  –  ұлт,  ар-ожданды  сақтау, 
отанды сүю. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі – бауырмалдылық, бүкіл адам 
баласын  бауыр,  дос  тұту,  көпшіл  болу,  ата-ананы  қадірлеу,  ұлтжандылық 
қасиеттерді қастерлеу. 
       Бүгінде  оқушыларға  әлемдік  деңгейде,  өркениетті  негізде  білім  мен 
тәрбие  беру,  ұлттық  құндылықтарды  жас  ұрпақ  бойына  сіңіру  әлемдік 
маңызы зор проблемаға айналып отыр. Ұлттық құндылықтарымыздың туын 
биік  ұстап,  жас  ұрпақты  қасиетті  халқымыздың  тәлімгерлік  үлгісімен 
тәрбиелеу  –  ең  маңызды  міндет.  Сонда  ғана  болашағымыз  айқын, 
құрылымымыз берік негізді болады. Тәрбиесіз берілген білім – нәтижесіз еш 
еңбек.  Алдымен  ұлағатты  ұрпақ  өсіргіміз  келсе,  ата-салтын,  ұлттық 
тәрбиемізді  бірінші  білім  берумен  қатар  жүргізуіміз  керек.  Бұл  түпкі 
мақсатқа жеткізудің негізгі жолы болмақ. Ол үшін ұрпағымызды оқыту мен 
тәрбиелеуде  қашанда  мектептегі  басты  тұлға  ұстаз-мұрындық  болу  керек. 

335 
 
Қорыта  келе  айтарым,  еліміздің  болашағы  жарқын  болып  қалыптасуы  үшін 
ұлттық  құндылықты  санасына  терең  меңгерген  білімді,  инабатты  жас 
ұрпақты тәрбиелей отырып, қол жеткізсек бұл ұстаздар қауымы  үшін үлкен 
жетістік болары айдан анық.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 1.Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы «Қазастан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
2014ж 17 қаңтар.  
2.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы.  Алматы  -  2008. 
3.Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырыдамасы.  
4.  «Қазақстан  мектебі»  журналы.  №11-2010ж;  №10-2009ж.  3.  «Оқушы 
тәрбиесі» журналы. №12-2012ж  
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ 
 
Даирова Айнагуль Жанболатовна 
Павлодар облысы, Аққулы ауданы 
Малыбай жалпы орта білім беретін мектебі 
 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын 
көрсеткен  тарихи  құжатқа  айналды.  Сана  сезімі  биік,  дүниетанымы  мол, 
парасаттың,  мәдениеттің,  салт-дәстүрдің  құндылығын  түсінген  адамға  бұл 
мақалада ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер бағыт жолы айқындалған. 
Рухани  мәселе  адамның  санасын  күрт  өзгерту,  сайып  келгенде,  қоғам 
жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы.  
  
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз  мемлекет  мәртебесіне  ие  болуы, 
білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы 
жастар тәрбиесі  мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан 
Республикасының  орта  білімді  дамыту  тұжырымдамасында  «Тәрбие 
үрдісінде  қазақстандық  патриотизм,  гуманизм,  адамгершілік  идеяларын 
қалыптастыру  негізінде  құру  керек»  деп  баса  көрсетті.  Бала  бойына 
адамгершілік  тәрбиесін  сіңіру  мақсатында  жалпы  педагогтардың  іс-
тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі 
жаһандану  үрдісінде  елімізде  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу  басты 
назарда  болып  отыр.  Ал  адамның  жан  қазынасын,  адамгершілік  болмысын 
қалыптастыруда  кей  адамдардың  түрлі  жағдайлармен  бір-бірін  түсінбеуі  де 
сіз  бен  бізді  толғанырады.  Өйткені  біз  сол  қоғамның  ішіндеміз,  яғни  оның 
мүшесіміз.  Иә,  бұның  бәрі  шындық  десек  артық  болмас.  Бәсекеге  қабілетті 
ұрпақты  жан-жақты  қылып  тәрбиелеу  үшін  алдымен  жан  қазынасының 

336 
 
негіздерінің  бірі,  сенімділік  пен  шындықтың  бастауына  үңілу  керек  шығар. 
Оқыту,  білім  беру,  тәрбиелеу - баланың  ішкі  жан  –  дүниесінің  біртіндеп 
дамуына  әсер  ететін,  түрткі  болатын,  жағдай  жасайтын,  оларды  іске 
асыратын  сыртқы  факторлар  екені  анық.  Еліміздің  ертеңі,  ұлтымыздың 
болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. 
Олардың  қамын  ойлау баршамыздың  парызымыз.  Кез-  келген  мектептің 
мақсаты  мен  мұраты   өркениетті  елдердің  қатарынан  көріну,  жер  мен  жер 
байлықтарын  ысырапқа  салмай  игере  білетін  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ол  үшін 
бүгінгі  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  бере  отырып,  елдің 
өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін 
етене  таныстыру  қажет.  «Тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы, 
келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп 
Әл-Фараби 
айтқандай,  педагогика 
ғылымының 
зерттейтін  негізгі 
мәселелерінің бірі - тәрбие. 
Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр 
болуы  тиіс.  Қай  халық  болсын  өзіне  ғана  дараланып  тұратын  ерекшелігінің 
бірі  -  тәрбие.  Тәрбие  -  мәңгілік  және  адамзаттық...  Бұл  ерекшеліктер 
ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады.   Осы заманғы 
адамгершілік 
тәрбиесі 
жекелеген 
бағыттарға 
емес, 
адамгершілік 
құндылықтарға негізделеді.  
Адам  -  ең  әуелі  адамгершілігімен,  парасатының  биіктігімен 
көрікті. Мәдениет  жоғары  адам  айналасындағылармен  қарапайым  қарым-
қатынаста болады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа 
- адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай 
адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен  басталуы  керек.  Халықта  «Ағаш 
түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш 
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың 
бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік 
құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз  -  өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  отбасы  мен 
педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты 
процесс.  Бір  жағынан  ол  үлкендердің,  ата  -  аналардың,  педагогтардың 
балаларға  белсенді  ықпалын,  екінші  жағынан  -  тәрбиеленушілердің 
белсенділігін 
қамтитын 
қылықтарынан, 
сезімдері 
мен 
қарым 

қатынастарынан көрінеді. 
          Адамгершілік - бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең 
асыл  қасиет  және  адамзат  баласының  ең  жоғарғы  мақсатына  бағытталады. 
Бұл  қасиет  адамды  мейірімділікке,  Отанын,  елін,  отбасын  сүюге  үйретеді. 
Егер  адамда  адамгершілік  қасиет  болмаса,  ол  адам  өз  -  өзін  сыйламайды. 
Рухани  - адамгершілік  тәрбиесі  - өзіндік  сананы  дамытуға  жағдай  жасауды, 
жеке  тұлғаның  әдеп  ұстанымын,  оның  қоғам  өмірінің  нормалары  мен 
дәстүрлерімен  келістірілетін  моральдік  қасиеттерін  және  бағдарларын 
қалыптастыруды  болжайды.  Оқушыларды  рухани  -  адамгершілікке 
тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. 
Әсірсе,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің 

337 
 
мазмұны  осы  жастағы  балалардың  ерекшеліктеріне  сай  келуі  тиіс.  Негізгі 
міндет  –  балалардың  жақсы  әдет,  мінез  -  құлықын  қалыптастыру.  Баланың 
сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - 
адамгершілік 
қасиеттері 
қалыптасады. 
Рухани 

адамгершілік 
құндылықтармен  білім  жүйесін  дамытып  қалыптастыру  жаңа  қоғамның 
дамуындағы  мәні  зор,  маңызды  бағыт.  Рухани  -  адамгершілікке  тәрбиелеу 
білім берумен ғана шектелмейді. 
Адамгершілік  тақырыбы  -  мәңгілік.  Жас  ұрпақтың  бойына 
адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру    ата  -  ана  мен  ұстаздардың  басты  міндеті. 
Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы 
- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында.           Көрнекті 
педагог  В.  Сухомлинский  «Егер  балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  білсек,  ол 
бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан  - жақты терең білім 
беріп,  оның  жүрегіне  адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата 
білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына, 
айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.   Рухани-адамгершілік білім беру 
–  жас  ұрпақтың  бойына  өмірдің  мәні,  сүйіспеншілік,  бақыт,  сыйластық, 
татулық,  бірлік,  төзімділік  сынды  құндылықтарды  дарыту  арқылы  адамның 
қоғамда  өз  орнын  табуына,  қабілет  -  дарынының  ашыла  түсуіне,  ақыл  - 
парасатын  дамытуына  яғни  сәнді  де  мәнді  өмір  сүруіне  қызмет  етеді.  
Адамгершілік  тәрбиесі  оқушыларды  адамгершілік  ұғымы,  принциптері, 
мінез-құлық  нормалары  жайындағы  біліммен  кемелдеңдіреді.  Оқушылар 
оларды  оқып  үйренумен  шектелмей,  оқу,  тәрбие,  еңбек  процесінде  іске 
асырғанда  адамгершілік  олардың  сеніміне  айналады.  Адамгершілік 
қатынастар  моральдық  нормалармен  өлшенеді.  Моральдың  негізгі  міндеті  - 
адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау 
қатынастарын  қалыптастыру,  адам  мен  қоғам  арасындағы  қатынасты 
реттеу. Адамгершілік  тәрбиесі  оқушылардың  моральдық  сенімдерін, 
жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  теориялық  мәселелері  өл-Фараби,  Ыбырай, 
Абай    т.б.  еңбектерінде  кеңінен  қолданыс  тапқан. Әл-Фараби  "Адам  өз 
өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де 
ұқыптылықпен қарап, жиған  - тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға 
сырын  ашпай,  өзінің  мақсат  мүдделері  жөнінде  достарымен  ғана  бөлісіп 
отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" 
деген.  Бүгінгі  таңдағы  Қазақстан  жайында  оқушылардың  рухани  азаматтық 
сезімін  қалыптастырудың,  адамгершілікке  негізделген  ұлтаралық  береке, 
бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. 
 Осыған 
байланысты 
оқу- 
тәрбие 
үрдісінде 
оқушыларды 
отансүйгіштікке,  ерлікке,  адалдыққа,  елін,  жерін  қорғауға,  шыншылдыққа 
тәрбиелеу  қажет.  Қазіргі  жағдайда  рухани  -  азаматтық  тәрбиенің  өлшемдік 
көрсеткіштері: 
-  Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі;  
-  Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы; 

338 
 
-  Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу; 
-  Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі; 
-  Қазақ  халқының  әдет-ғұрыптарын  сақтау,  мәдениеті  мен  дәстүрлерін 
зерделеу қажеттілігі болып табылады. 
Тәрбиенің  жалпы  негізі  рухани  -  азаматтық  құндылықтары  болуы 
керек.  Рухани-азаматтық  құндылықтар  үлкен  мен  кішінің  арасындағы 
шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды.  
Ал  мұғалімнің  басты  мақсаты  -  өзіндік  рухани-азаматтық 
құндылықтарын  оқушы  бойына  дарыта  отырып,  оның  жүрек  түкпіріндегі 
рухани  қазынасын  жарыққа  шығару,  әрбір  баланы  жеке  тұлға  ретінде 
жетілдіру  үшін  оның  бойындағы  бар  құндылықтарды  дамыту.  Мектептегі, 
сабақтан  тыс  уақыттағы  біздің  ісімізді  жалғастыратын  жеке  тұлға  болып 
табылатын  оқушыларды  рухани  -  адамгершілікке,  азаматтық  жүйеге 
тоғыстыру.  Мектеп  қабырғасында  жақсы  тәрбиеленген,  саналы  білім  алған 
шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-
ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке 
баулу керек.  
Сонда  жас  ұрпақ  елі  үшін  елең  қағар  азамат,  имандылық  қасиеттерді 
жақсы  білетін  азамат  болып  қалыптасады.  Олар  адамдардың  іс-
қылықтарынан,  мінез-құлықтарынан  көрінеді,  моральдық  өзара  қарым-
қатынастарды басқарады.  
Отанға  деген  сүйіспеншілік,  қоғам  игілігі  үшін  адам  еңбек  ету,  өзара 
көмек,  сондай-ақ  қоғамға  тән  адамгершіліктің  өзге  де  формалары,  бұл-
сананың,  сезімдердің,  мінез-құлық  пен  өзара  қарым-қатынастың  бөлінбес 
элементтері,  олардың  негізінде  қоғамымыздың  қоғамдық-экономикалық 
құндылықтары  жатады.  Тәрбиелеу,  білім  беру  жұмысының  мазмұны  мен 
формалары  балалардың  мүмкіндігін  ескеру  арқылы  нақтыланады. 
Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  өмірде,  үлкендердің  қолдан 
келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы 
түрде іске асады.         
Рухани-адамгершілік  тәрбие  -  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау 
дағдыларының 
нормалары, 
ұйымдағы 
қарым-қатынас 
мәдениетінің 
тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке  адамның  адамгершілік  санасының 
дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы 
-  ол  баланың  мектепке  бармастан  бұрын,  қоғам  туралы  алғашқы 
ұғымдарының  қалыптасыуна,  жақын  адамдардың  өзара  қатынасынан 
басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде 
тәрбиелі  адаммен  жолдас  болудың  әсері  күшті  екенін  халқымыз  ежелден 
бағалай  білген.  «Жақсымен  жолдас  болсаң-  жетерсің  мұратқа,  жаманмен 
жолдас  болсаң-  қаларсың  ұятқа...» «Жаман  дос,  жолдасын  қалдырар  жауға» 
—  деген  мақалдардан  көруге  болады.  Мақал-мәтелдер,  жұмбақ,  айтыс, 
өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір 
негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі 
ойындар,  хикаялар,  ертегілер,  қойылымдар  арқылы  беріледі.  Адамгершілік-

339 
 
адамның  рухани  байлығы,  болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне  бөлейтін 
руханиет  дәуіріне  жаңа  қадам  болып  табылады.  Адамгершілік  тәрбиенің 
нәтижесі  адамдық  тәрбие  болып  табылады. Ол  тұлғаның  қоғамдық  бағалы 
қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік 
қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің  бірі  болғандықтан,  адамдардың 
мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. 
Адамгершілік  тақырыбы  -  мәңгілік. Ол  ешқашан  ескірмек  емес. 
Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- 
халқында,  отбасында,  олардың  өнерлерінде,  әдет-ғұрпында.  Әр  адам 
адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс-тіршілігінен,  өзін  қоршаған  табиғаттан 
бойына сіңіреді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-
міндеттерінің  ең  бастысы  -  өзінің  ісін,  өмірін  жалғастыратын  салауатты, 
саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Ұрпақ  тәрбиесі  -  келешек  қоғам  тәрбиесі.  Сол 
келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  мәдени  - 
ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің қоғам алдындағы борышымыз. 
Қазір  қоғам  жан-жақты  үйлесімді  жетілген  жаңа  ұрпақты  –  жаңа 
адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр 
адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына 
сай  заңы  туындайды.  Оқушының  жасын,  жеке  ерекшелігін,  психикалық 
процестерін  ескере  оты-рып,  жетілген  ұрпақ  тәрбиелеу  үшін  мынадай 
міндеттерді орындауымыз керек: 
-  еңбексүйгіштікке,  еңбекті  қажетсінуге  баулу,  күнделікті  өмірін  мәнді 
ұйымдастыру; 
- тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру; 
- өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету; 
-  отбасы  мүшелерімен  өзара  дұрыс  қарым-қатынасын,  тіл  табысып, 
түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, 
құрмет тұтуға үйрету; 
-  оқушыны  оқыған  шығармалардың  басты  кейіпкерлерінің  іс-әрекеттерінің 
жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету; 
- оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу; 
-  оқушының  сана-сезім,  ақыл-ой  қызметінің  дамуына,  қалыптасуына  ықпал 
жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу; 
- оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік дағдыларын одан әрі да-
мытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу; 
-  оқушыларды  сөйлету  арқылы  кейіпкерлердің  іс-әрекетін  салыстыру, 
қорытындылау,бағалауға үйрету; 
- оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру. 
Тұлғаны рухани-азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге 
болады.  Адамгершілік  тәрбиенің,  адам  бойында  осы  жақсы  қасиеттердің 
болуы,  жанұяға,  өскен  ортасына  байланысты.  Бала  ісінің  дұрыс  екенін 
қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен 
тәрбиешіге  жүктелер  міндет.  “Адам  бойында  жақсы  қасиеттер  көп  болса, 
оған  бақ  та,  бақытта  қонады”  деген  сөзге  сүйенсек,  жағымсыз  қылық  - 

340 
 
қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы 
мінез  -  құлықтарды  өн  бойыңа  жинап,  ақылдылық  танытсаң,  міне 
адамшылдық болғаны.  
Қорыта  келгенде,  уақыт  талабынан  туындап,  білім  беру  жүйесінде 
болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді 
деңгейді  қайта  құруды  міндеттейді.  Тәрбие  мен  оқу  егіз  деген  сөз  бар. 
«Тәрбие  бар  жерде  ғана  сапалы  білім  саналы  ұрпақ  болады»  деген  дана 
халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет