1
2
УДК 37.0 (063)
ББК 74.00
Р 87
Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-
педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық
институты, «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы мәжілісінің
2018 жылдың 29 қыркүйегіндегі №16 хаттамасымен ұсынылған.
Пікір жазғандар:
Мұхамбетжанова С.Т., п.ғ.д, профессор, «Өрлеу» БАҰО АҚФҚР
ББЖҚБАРИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының
меңгерушісі
Метербаева К.К., п.ғ.к, доцент, Қазақ мемлекеттік педагогикалық
университеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының» доценті
Рухани жаңғыру - ұлттық білім беру мен ұлттық сананың жаңа белесі:
Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық
жинағы. – Алматы: «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖҚБАРИ, 2018. – 380 б.
ISBN 978-601-275-997-6
Жинақта «Рухани жаңғыру - ұлттық білім беру мен ұлттық сананың жаңа
белесі» ғылыми-практикалық конференция материалдары ұсынылған.
Жинақта Рухани жаңғыру аясында біліктілікті арттыру жүйесіндегі
тәжірибелер, инновациялар, ұлттық тәрбие мен білім беру және рухани-
адамгершілік тәрбие берудің тиімді жолдары қарастырылып, тың пікірлер
мен ой-тұжырымдар берілген.
Жинаққа енген материалдар БАИ оқытушылық-профессорлық құрамына,
барлық типтегі білім беру ұйымдары басшыларына, директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарларына, педагогтеріне арналады.
УДК 37.0 (063)
ББК 74.00
ISBN 978-601-275-997-6 © ББЖ КБАРИ, 2018
3
КІРІСПЕ
«… біз бастаған ауқымды түрленулер қоғамдық сананы озық
жаңғыртумен ілесіп жүргізілуі тиіс. Бұл саяси және экономикалық
жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»
Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласы – ол 2050 жылға дейін
әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай
мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және
құқықтық түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын
бағдарламалық мақала.
Бұл мақсатқа бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы жету
мүмкін емес. Әлемдегі заманауи экономикалық, әскери-саяси ахуалды ескере
отырып, қоғамдық сананы жаңғырту – бұл өмірлік маңызы бар және қажетті
қадам.
Рухани жаңғыру – ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының, тарихымызды
сақтаудың, тұлғаларымызды танытудың, өткенімізді білудің, болашаққа
бағдардың, келешекке кемел ғибратты із қалдырудың мәйегі болатын
бастама.
Бұл бүгіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері ретінде Алаш
зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп аңсауы ұлт
тәуелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі ХХІ ғасыр қазақ
халқы үшін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған
уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында өзгенің
жетегінде кетпес үшін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының жарқын
өмір сүруі, сол үшін істеген бүгінгі қызметімізге байланысты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы
қоғамның рухани жаңғыруы, әр адам санасының жаңғыруына қатысты
бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің
салтанат құруы, революциялық емес эволюциялық жолмен даму, сананың
ашықтығы бағыттары алға қойған қадамымыздың нақты көрінісі екені сөзсіз.
Әлемнің жылдам өзгеруі жағдайында, техника мен инновацияның
дамыған кезінде адами капитал сапасы мен бүкіл халықтың бәсекеге
қабілеттілеттігі маңызды. Бұл күнде адам ресурстары мен технология
арасындағы алшақтық басым көрініс табуда. Оны алдын алу мен шешудің бір
жолы – қоғамның бірлескен күшінің жұмылуы екені сөзсіз. Бұл дегеніміз –
қоғамдық сананы жаңғырта отырып, бәсекеге төтеп беру, жүріп өткен
жолымыздан сабақ ала отырып қадам жасау, бағытымыздың анықтығын
айқындау, рухани құндылықтарды жаңғырту болмақ. Ал рухани
құндылықтар туралы философия ғылымының докторы, мәдениеттанушы
4
Т.Ғабитовтың сөзімен айтсақ: «бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі
арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары
мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Адам бойына моральдық
жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түсуге мүмкіндік береді». Бұл
әрбір тұлғаның азаматтық ұстанымын, қоғам алдындағы жауапкершілігін,
отаншылдық қасиетін, сананың ашықтығына қолдау көрсетеді. Себебі
адамзат құндылықтарының мәні руханият және рухани құндылықтар.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекетіміз саяси және
экономикалық жаңғырудан өткендігі елге айқын, алайда біртұтас ұлт ретінде
қалыптасу үшін рухани жаңғырудың маңызды екендігіне тарихи куә және де
рухани жаңғыру алдыңғы жаңғырудың өзегі болмақ.
Елбасының болашақты бағдарлап көрсеткен рухани жаңғыру мақаласы
осы түйткілді мәселелерді шешуге, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына
енуде бәсекеге қабілетті қоғамның міндеттерін айқындап беріп отыр. Әлем
бір орнында тұрған жоқ, ал оған ілесу үшін бізден жылдам әрекет етуді талап
етеді. Біздің ісіміздің алдында адам санасы болуы керек. Осы тұрғыдан
ұлттық сананың жаңғыруы мен сананың ашықтығы өзекті болып отыр. Ал
ұлттық сананың жаңа үлгісі мақалада көрсетілгендей халықтың өткені мен
бүгінгісінің және болашағының көкжиегін байланыстыратын тұғырнама
болып табылады және ол ұлттық сананың керағар жақтарын бітістіруге
бағытталған.
Әдістемелік
нұсқаулықты әзірлеудегі мақсатымыз білім беру
саласының мамандарына рухани жаңғырудың бастауын, мақсатын,
міндеттерін, бағыттарын, болашақ ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудегі
өзектілігін айқындауға және тәжірибелік дағдыларын дамытуға қолдау
көрсету болып табылады.
5
І БАҒЫТ. БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІБИ
ШЕБЕРЛІК ТӘЖІРИБЕЛЕР, ИННОВАЦИЯЛАР
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ
Маханбетова Ағима Әбілқызы,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ Тәрбие және тұлғаны
әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы
« Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу
– біздің қанымызда бар қасиет».
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
халқымыздың тарихындағы терең мағыналы бағдарламаға айналғаны
баршамызға аян. Елбасымыз «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз
еліміздің ұлттық кодын сақтаған, яғни ата-бабаларымыздан қалған ұлттық
мәдениетіміз бен әдебиетімізді, ғасырлар бойы тарихымызда сақталған,
қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлерін, тіліміз бен дінімізді, әдебиетімізді, ұлттық рухымызды дәріптеу,
осы ұлттық құндылықтарымызды өн бойына сіңіре білген, білімді, бәсекеге
қабілетті, саналы ұрпақты тәрбиелеу міндетін алға қояды.
Елбасының «Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам
басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы» ортаға
салған көзқарастарындағы алты бағыттың тәрбиелік мазмұнына тоқталайық.
Ең алдымен ұлттық санамызды жаңғыртуда ұлттық кодты сақтау ең
басты шарт болып саналады. «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан
нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Сондықтан да білім беру
ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісінде тағылымы мол тарихы мен ерте
заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау кең көлемде
жүзеге асырылады.
Біздің әрқайсымыздың елдің дамуына қосар үлесіміздің мазмұндық
бағдарын белгілеген осы бағдарламаның бағыттарына тоқталайық.
1.
Бәсекелік қабілет
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес,
адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сол себепті, «Цифрлы
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім»
сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ
ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы»,- деп атап көрсетеді Елбасы. Бұл
қазіргі кезеңде әрбір білім беру ұйымында жүзеге асырылып жатқан
ауқымды жұмыстардан көрініс табуда.
2. Прагматизм
6
«Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны
үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу,
ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу
деген сөз». Бұл оқушының алдына нақты мақсат қоюына, кәсібін таңдауына,
салауатты өмір салтын ұстануына бағыт беретін тәрбиелік іс-шаралар
мазмұнын қамтиды.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
«Ұлттық
салт-дәстүрлеріміз,
тіліміз
бен
музыкамыз,
әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі
қалуға тиіс». Бұл әр адамның бойында өз ұлтына, тіліне, тарихына,
мәдениетіне, дініне деген құрмет сезімін тереңдетуді көздейді. Мән беретін
екі нәрсе атап көрсетілген.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру
болмайды. Бұл әр қазақтың ұлттық тілін, бейнесін, мәдениетін сақтауы. Өз
ұлтының өзіндік қайталанбас ерекшеліктерін, дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа
өнеге етуі.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің
кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Ескінің сарқыншағы болған, қазіргі
заман
талаптарына
үйлеспейтін
кейбір
дәстүр,
салт-жоралғының
қажетсіздігін түсіну.
4. Білімнің салтанат құруы
«Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық
уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың
кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген». Біз
тәрбие үдерісінде кәсіптік бағдар беру ісін түбегейлі жаңа мазмұнда
жүргізуіміз керек. Жаңа мамандықтар туралы жас ұрпаққа мағлұмат беріп,
заманауи технологияларды меңгеруіне күш салуымыз керек.
«Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам
дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер-
туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді». Мақалада
айтылатын ой оқушыларға бұрынғыдай бір кәсіптің айналасында білім алып,
еңбек ету ғана емес, икеміне қарай бірнеше кәсіби білімі болуы, қабілетін
дамытуы өмір талабы екенін ұғындырған маңызды.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы тарихтың ащы
сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі
құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу
де айрықша маңызды. Бұл әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп,
қорытынды жасай білуге әр азаматты бағдарлау. Білім беру жүйесінің
ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі.
6. Болашақты болжамдауға сананың ашықтығы өте қажет.
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және
өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
7
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне
дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс,
тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы
түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға
сіңіру мүмкіндігі.
Біздің алдымызда таяу жылдарда атқарылатын үш міндет бар.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Бұл іс барлық білім
беру ұйымдарында қарқынды қолға алынып жатыр.
Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа
гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге
асырылуда.
Үшіншіден, «Туған жер» бағдарламасы барлық білім беру ұйымдарында
патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұнын құрайтын бағыт ретінде жан-жақты
ізденіспен жүргізілуде.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында
табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос
өкілдерінің тарихы.
Елбасының осы елдің даму бағытында бағдаршамға айналған
мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша 2018 жылдың 4
мамыры күні «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Рухани
жаңғыру – ғылым мен білімнің және тәрбиенің сапалы негізі» тақырыбында
республикалық педагогикалық бейне-форум өткізді. Бейне-форумның ашылу
салтанатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрайымы, п.ғ.д., профессор
Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.А.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық құжаттың құндылық
жолдарын атады. Форумға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының басшылары,
профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлері қатысты. Форум
бағдарламасының аясында «Рухани жаңғыру» – болашаққа сәтті кадам»
тақырыбында педагогикалық идеялардың парад-эстафетасы өтті, сондай-ақ
шетелдік әріптестердің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатының
маңыздылығы туралы бейне-шолуы және бұдан әрі білім беруді дамытудағы
ынтымақтастық шаралар жоспарланды. Іс-шараның қорытындысы бойынша
республикалық
бейне-форумның
қатысушылары
педагогикалық
қоғамдастыққа бағытталған үндеуін қабылдады.
Педагогтардың біліктіліктерін арттыру жүйесіне жаңа көзқарас,
үздіксіз кәсіби өсу негізгі мақсатымыз. Сондықтан да «Өрлеу» БАҰО АҚ
филиалы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық
қызметкерлері біліктілігін арттыратын Республикалық институты Тәрбие
және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы стратегиялық құжаттардағы басым
мақсаттарды жүзеге асыруда тәрбие мамандарының озат тәжірибелерін
зерделеуді жүзеге асырып келеді.
Білім беруді модернизациялау кезеңінде рухани қалыптасып, адами
құндылықтарды игерген, бәсекеге қабілетті азаматтарды ұлттық тәрбие
8
негізінде тәрбиелеу мақсатында тыңдаушылармен жаңа форматтағы
курстарды ұйымдастыру мазмұны тереңдетілуде.
Дәстүрлі дәрістер оқумен қатар, шеберлік сыныптары, пікірсайыс,
тренингтер, тәжірибеге бағдарланған семинарлар, көшпелі тәжірибелік
сабақтар өткізіледі. Курс аясында және курсаралық, курстан кейінгі кезеңде
кері байланыстың әртүрлі формалары кеңінен қолданылады. Барлық білім
беру ұйымдары басшылары үшін біліктілікті арттыру курстарында «Рухани
жаңғыру» бағдарламасының идеяларын енгізу бойынша дәрістер, семинарлар
өткізілді.
Біліктілікті арттыру жүйесіндегі тәрбие мәселелері бойынша курс
ұйымдастыруда мектептің әлеуметтік, қоғамдық ұйымдармен байланысын,
педагогтар, ата-аналармен және оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың
деңгейлері, инновациялық формалары мен тиімділік көрсеткіштері
тыңдаушылармен жобалық жұмыстар, өзіндік жұмыстар мен шағын сабақ
үлгілерін қорғау кезінде талқыға салынады.
Курстардың сапалы ұйымдастырылуы, білім беру қызметіне, курстың
ресурстық қамтамасыз етілу сапасына байланысты сараптама жасайтын
институттың
мониторинг
жүйесі
қызметінің
мәліметтері
курс
ұйымдастыруда негізге алынады.
Тәрбиесіз толыққанды тұлға қалыптастыру мүмкін емес. Педагогикада
тәрбие термині үш түрлі мағынада қолданылады:
Тәрбие кең әлеуметтік мағынада: қоғамның тәрбиелік күші, оның
әлеуметтік институттары мен қоғамдық ұйымдары, бұқаралық құралдың
ықпалы, олардың жетекші рөлі ретінде қарастырылады.
Кең педагогикалық мағынада қарастырылғанда, тәрбие деп арнайы білім
беру ұйымының мақсатты бағытталған оқу-тәрбие үрдісі түсіндіріледі.
Мектеп әлеуметтік ортаны зерттейді және осы ортаға педагогтар, ата-аналар,
балалар, яғни адам арқылы ықпал етеді. Мектептің әлеуметтік ортаны
сауықтырудағы қызметі міне осында.
Тар педагогикалық мағынада, нақты оқу орнының оқушылармен өткізетін
тәрбие жұмысының жүйесі ретінде қарастырылады.
Осы үш бағыттағы мазмұн бойынша тыңдаушылармен жүргізілетін
жұмыстар алуан түрлі. Басшы қызметкерлер өз ұйымының әлеуметтік,
қоғамдық ұйымдармен байланысын, БАҚ жарияланымдары мен педагогтар,
ата-аналармен жүргізілген іс-шаралар, сондай – ақ оқушылармен тәрбие
жұмыстары бойынша тәжірибелерін ортаға салуды курс аясында жүзеге
асырады.
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде институтымызда Тәрбие және
тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының ұйымдастыруымен ««Рухани
жаңғыру – ұлттық білім беру мен ұлттық сананың жаңа белесі» тақырыбында
Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Еліміздің әр
аймағынан келген педагогтардың өзара тәжірибе алмасып, тұлға
тәрбиелеудегі ұсыныстары мен идеяларын ортаға салуы педагогтардың
ізденісті шығармашылығын көрсетті. Конференцияға қатысушы Астана
9
қаласы, №65 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Ақылбай Дулат конференция туралы өз әсерімен бөлісіп,
видеосұхбат бергенде ойын былайша түйіндеді: «Әріптестерімнің өз
тәжірибелерімен бөліскені конференция барысында маған үлкен әсер
қалдырды. Өз жұмысыма да бағыт-бағдар алдым. Курс аясында өткізілген
осы іс-шарадан ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде, бүкіл әлемге паш
етуде педагогтармен, ата-аналармен, оқушылармен тәрбиелік жұмысты
тиімді ұйымдастырудың жолдарын талқыладық. Мектебімізге оралған соң,
осы бағыттағы жұмыстарымызды тереңдетеміз. Әр аймақта осы жұмыстар
жалғасын табуы тиіс деп ойлаймын».
Елбасының елдің дамуына үлкен серпін берген осы мақаласындағы
«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі
керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым
бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен
биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген ойы педагогтар қауымының
ұрпақ алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі.
Осы бағыттардағы идеялар еліміздің барлық аймақтарындағы білім беру
ұйымдарында кеңінен жүзеге асырылып жатыр. «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының жалғасы ретінде алдымызға тың идеялар мен жобалар
ұсынылған 2018 жылдың 21 қарашасында Елбасының "Ұлы даланың жеті
қыры" атты мақаласы жарияланды. Зор мәдени, тарихи жетістіктер шоғырын
құрайтын ұлы даланың жеті қыры мақаланың «Ұлт тарихындағы кеңістік
пен уақыт» деп аталатын 1 бөлімінде сипатталған: атқа міну мәдениеті, ұлы
даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, ұлы
Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Ал «Тарихи сананы
жаңғырту» деп аталатын ІІ бөлімінде ел мұрасын насихаттаудың нақты
мақсатты жобалары белгіленген: архив – 2025, ұлы даланың ұлы есімдері,
түркі әлемінің генезисі, ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі,
дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнері мен
телевизиядағы көрінісі.
Нақтырақ тоқталсақ, ел көлемінде жүзеге асырылатын жобалар тарихымыз,
мәдениетіміз бен ұлттық мұрамызды насихаттаудың басыт қадамдарын
айқын белгілеген.
«Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау.
Мектептер
мен
барлық
өңірлердегі
өлкетану
музейлерінің
жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру.
Ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың
ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу.
«Ұлы
Дала
тұлғалары»
атты
ғылыми-көпшілік
серияларды шығарып, тарату.
«Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты
жобаны қолға алу.
Бұл жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың
дүниежүзілік конгресін
және
әртүрлі
елдер
музейлерінің
10
экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі
халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру.
«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу.
«Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи
реконструкциялар клубын құру.
Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен
көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының
қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына
келтіретін туристік жоба жүргізу.
«Дала фольклорының антологиясын» жасау.
«Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару.
фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін
Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |