Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Тойбазарова Н.А. Интерактивті оқыту .-Ақтөбе, 2006
2.
Абтикалыков Н.Б. «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық
технологияларды пайдалану». – Қызылорда, 2012.
3.
Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.- Алматы, 1981
4.
Тұрғанбаева Б. Интерактивті оқыту технологиялары. –Алматы, 2000
5.
Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздік. –Алматы, 2009
6.
Нақыпова Г. Танымдық белсенділікті қалыптастырудың мәні. /Қазақстан
мектебі, №10, 2009
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Адилханова Марал Тенелевна
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Жаһандану
үдерістері
халықаралық
ынтымақтастықтың
жаңа
экономикалық формаларына, ақпараттық ағымдардың күшеюіне, өзге
мәдениеттердің іс тәжірибесін игеруге деген сұраныстың туындауына,
жаңашылдық пен өзгерістерге деген ынтаның өсуіне байланысты қарқын
алып келеді. Осы жаһандық үдерістерге байланысты әр мемлекет ұдайы
бәсекеге қабілетті болу үшін әрі ақиқат өмірдің талаптарына жауап беру үшін
өзінің экономикалық даму, қауіпсіздік, әлеуметтік инвестициялар, мәдениет
пен білім және т.б. траекториясын түзуде.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласында - «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы
54
жаңғырту» патриоттық сезімді меншікті ұлттық мәдени-генетикалық кодтың
іргелі негізі ретінде тұжырымдайды.
«Білім туралы» Заңында тәрбиелік бағдарламалардың білім
алушылардың, тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық сезімдерін,
интернационализмді, жоғары моралін және рухани дүниесін қалыптастыруға,
сонымен қатар жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға
бағытталатыны атап көрсетілген [1].
Қазақстан мектептерінің қазіргі кезеңдегі тән ерекшеліктерінің бірі –
оның барлық сатыларда жаңартылып отырғанында.
Жаңарту ерекшеліктерінің бірі ретінде білімнің құндылықтары ретінде
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісінде белгіленген құндылықтары тұжырымы
анықталды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен «Болашаққа бастар жол - 2050:
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық
идеясы балалар мен жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілікті,
қазақстандық қоғамның игілігі және бірлік сезімі үшін еңбек етуге
дайындықты тәрбиелеуге бағытталған. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске
асырудың іргесі мектептің кезінде қалануы тиіс [1].
М.Жұмабаев жастарға білім мен тәрбие берудің шалғай нәтижелері мен
этномәдени мүдделерді іске асыру жөнінде толғана отырып, бай рухани
қазынаны,ұлттық тәрбиедегі көпғасырлық тәжірибені сақтау қажеттігіне баса
назар аударып, «әр ұлттық ұландары өз халқының ортасында өмір сүріп,
еңбек ететіндіктен,тәрбиеші оларды ұлттық дәстүрлер рухында тәрбиелеуге
міндетті» екендігін айтады [2].
Ұлттық құндылықтар – қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің
өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы.
Ұлттық құндылықтар бір этностық топқа тиесілі адамдардың мінез-
құлқының әлеуметтік және нормативтік-мәдени аксиомасы рөлін атқарады.
Мемлекет басшылыққа алатын құндылықтар, идеялар мен басымдықтар
жүйесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
еңбектерінде тұжырымды түрде баяндалған. Бұл – ұлтаралық келісім және
ұлттар ішіндегі бірлік, қазақстандық патриотизм, жоғары тіл мәдениеті,
толеранттылық, тұрақтылық және жаңғырту. Президенттің Отанымыздың
алға басуы және гүлденуі жолында этностар мен этникалық топтарды рухани
біріктіру идеялары өте өзекті.
Берілген мемлекеттік аксиологиялар негізінде жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбие жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік
басымдықтары «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы
мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында
көрсетілген. Жастардың әлеуметтену процесі келесі құндылықтарға
негізделеді: патриотизм, халық бірлігі, мәдени саналуандық, толеранттылық,
отбасы, денсаулық және спорт, саламатты өмір салтын сақтау [3].
Патриотизм. «Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату»,
Мемлекет басшысы бұл құндылықты осылайша айқындап берді. Жас
55
қазақстандықтар үшін Елбасының өмірі мен еңбек жолы өз елінің патриоты
болудың жарқын үлгісі болып табылады.
Ұлтаралық келісім және толеранттылық. Қоғамда саяси тұрақтылық пен
ұлтаралық келісім сақталған. Бұл құндылықтар қоғамның іргетасы, ерекше
қазақстандық толеранттылықтың негізі болды.
Отбасы барлық адамзаттың басты құндылығы болып табылады. Әрбір
адамның өмірдегі жолы отбасынан басталады және отбасы тұлға қалыптасуы
мен дамуына баға жетпес ықпал етеді.
Тұрақтылық – Қазақстан жетістігінің негізі және дамуының басты
нәтижелерінің бірі. Елдегі көпэтникалы және көпконфессиялы халықтың
бірлігі толық құндылық және барлық ұрпақтың міндеті – елдің өркендеуі
үшін осы құндылықты сақтау және көбейту .
Мәдени әр алуандық – бөлмейтін, керісінше біріктіретін құндылық.
Этникалық әр алуандыққа негізделген Қазақстан халқының ділін жас ұрпақ
әлемдік мәдениет ағынында жоғалтпастан бірегей ұлттық игілік ретінде
сақтауы қажет.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауында,
«Білім туралы» Заңда, Халықаралық конвенцияларда, Үкіметтің және Білім
және ғылым министрлігінің басқа да нормативтік құжаттарында көрсетілген
тұжырымдамалық идеяларды дамытады [3].
Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл уақыт өте келе өзгеріске
ұшырамайтын
және
адамдардың
белгілі
бір
шектеулі
тобы,
барша адамзат үшін маңызды абсолют құндылықтар. Бұл құндылықтар
халықтың барлығына тән, ішкі мәні терең және сыртқы моральдық ережелер
емес, тура ішкі іс-тәжірибе нысаны ретінде қабылданады, яғни олардың
негізінде адамның ар-намысы махаббат, шынайылық, жайлылық, парыз,
күштемеу, қайырымдылық, рақымшылықты нақтылы түрде көрсетеді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар мәңгі, тарихи тұрғыдан шектелмеген
рухани табиғатқа ие, әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық және басқа
құндылықтар жүйесінің өзгермелі инварианты болып табылады, әр адамда
және
материалдық әлемде барынша қалыптасады. Олар барлық адамдар үшін
эталон,үлгі болып саналады, оларды дамытуға педагогикалық процесс
бағытталған [4].
Тәрбие – үздіксіз процесс, ол мектептегі тәрбие жүйесінің барлық
компоненттерімен іске асырылады, оларға: сабақтар, сыныптан тыс және
мектептен тыс тәрбие шаралары, сынып ұжымындағы іс-әрекет, қосымша
білім беру жатады. Оқу процесінің тәрбие әлеуеті күшті. Заманауи білім беру
бағдарламаларының мазмұны елеулі тәрбие мүмкіндіктерінен тұрады,
оларды іске асыру оқу процесінің негізгі бірлігі ретінде сабақтың ойластыра
ұйымдастырылуына байланысты. Сабақ тек ақпарат көзі болып қана емес,
тұлғаның қалыптасуына ықпал етіп, дамытуы, тәрбиелеуі үшін келесі
талаптар сақталуы қажет:
56
1. Сабақтың мақсаты мен міндеттерінде оқыту, тәрбие және дамыту
бірлігі принципінің бейнеленуі;
2. Адамгершілік, руханилық, азаматтық және ізгіліктіктің жоғары
үлгісінен тұратын оқу материалын мақсатты таңдау;
3.
Оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінде дұрыс
бағдарлануы үшін ізгілендіру және ізгіліктендіру принциптерін, балада
қоршаған дүние үшін жауапкершілігін дамытатын экологияландыру
принципін, іс-әрекеттің түрлі бағыттарында балалардың бейімі мен
шығармашылық қабілеттерін анықтауды және дамытуды көздейтін сыртқы
және ішкі саралау принциптерін іске асыру;
4. Педагогикалық технологиялардың тәрбиелік әлеуетін пайдалану;
5. Білім берудің түрлі сатылары және оқу бағдарламаларының
мазмұндары арасында сабақтастықты жүзеге асыру;
6.
Оқушылардың өзіндік шығармашылық, зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру;
7.
Сабақ мазмұнына оқушылардың жағымды әлеуметтікмәдени
тәжірибесін кеңейтуді қамтамасыз ететін әлеуметтік рөлдердің ойнатылуын
белсенді түрде қосу [3].
Сонымен бірге, итальяндық педагог М.Монтессоридің догмалық
оқытудың баламасы ретінде балабақшада және бастауыш мектепте еркін
тәрбие беру мен ерте дамыту идеясын іске асырған өздігінен даму
технологиясы бойынша ұйымдастыру қызметі кең тарады. М.Монтессори
баланың дербес даму қабілетіне сүйене отырып, педагогтың басты міндеті
қоршаған ортаның қалыптасқан жағдайларында өзіндік дамудың табиғи
процесі үшін «азық жеткізу» деп білді [3].
Қазақстанның білім беру теориясы мен практикасын тарихи-
педагогикалық талдау инновациялық мектептің тәрбие жүйесін ізгілікті
идеяның маңына топтастырылған, теориялық (жаңа адам тәрбиесі
тұжырымдамасын әзірлейтін) және практикалық-бағдарлық (берілген
тұжырымдамаларды жаңа үлгідегі оқу орындарында іске асыратын) бағыттар
бойынша іске асырылатын философиялық, жаратылыстану ғылыми және
қоғамдық-педагогикалық ізденістердің бірлігі ретінде анықтауға мүмкіндік
береді.
Құндылықтар негізгі жол – өз халқының, сол сияқты өзге ел
халықтарының
мәдениеті
арқылы
тасымалданады.
Оқушылардың
жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарын қалыптастыру олардың жас
ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана іске асуы мүмкін. Бұл ізгіліктілік
бағдарын қалыптастыру процесінде мұғалімнің рөлін арттырады.
В.А.Караковскийдің тәрбие жүйесінің басты идеяларына: міндетті
мектепішілік ұжым құру; оның ішінде өзін-өзі басқару элементтерінің
болуы; басты міндеті ұжымдық жұмысқа дайындау болып табылатын
коммунарлық әдіс енгізу жатады. Ол мектеп жұмысына пәрменді әдістерді:
балалардың
тұлғалық
ерекшеліктеріне
сүйену;
оқушылардың
коммуникативтік қабілеттерін дамыту, білім беру процесіне тек балаларды
57
ғана емес, сонымен бірге олардың ата-аналарын да қатыстыруды енгізуге
тырысты [3].
Песталоццидің: «Мектептің мақсаты – тәрбие және тек қана тәрбие»
деген сөзі барлық кезде де тәрбиеге аса зор көңіл бөлінгенін дәлелдейді. Ал
жұмыстың жаңа, заманауи технологияларын, түрлері мен әдістерін меңгеру –
мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің міндетті шарты. Сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыстың тиімділігі оқушы қызметін ұйымдастыруына
байланысты.
Тәрбие мақсаты белгілі бір жалпыадамзаттық немесе ұлттық
құндылықтарды дамыту емес, өзіндік дамуда табиғи қабілеттерді жүзеге
асыру үшін жағдай жасау болуы тиіс. Әрбір балаға табиғатынан өзіндік даму,
сыртқы жағдайларға сіңісу, оларға бейімделу және оларды өзгерту қабілеті
берілген – бұл қабілет өз дамуындағы тиісті жағдайларда тұлғаны қоғамдық
болмыстың ортақ құрылымынан шығып қалмайтын дербес адам ретінде
сипаттайтын қасиеттер тудыруын қамтамасыз етеді. Ұжымда тәрбиелеу
идеясына негізделген педагогикалық процесс – бұл Р. Баден-Пауэлдың, С.Т.
Шацкийдің, А.С. Макаренконың және т.б. педагогикалық жүйелері. Олар
тұлғаны дамытуда түрлі идеологиялық нұсқамаларға негізделе және өз
идеяларын әртүрлі экономикалық және саяси жағдайларда жүзеге асыра
отыра, топтық қарым- қатынастардың оң әсерін іске асыруда жеке даралықты
қалыптастырудың жолын көрсете білді [3].
Білім берудің ұлттық құндылықтарына тән қасиет ол өзінің ең үздік
үлгілерінде білім берудің жалпыадамзаттық құндылықтары бола алады.
Білім берудің ұлттық құндылықтарына тән ерекшеліктер ретінде
мыналарды тануға болады: халықтық педагогикадағы олардың терең, тарихи
тамырын; рухани және материалдық ұлттық құндылықтармен табиғи
байланысты; тарихи даму процесінде олардың жаңару және көбею
қабілеттері, сонымен бірге оларға тән дәстүрлермен сабақтастықты сақтай
отыра, бірақ бір мезгілде өз генезисінің белгілі бір кезеңдерінде өзектілігін
жоғалтуы немесе керісінше осы ұлттық мектептің және педагогикалық
теорияның алға жылжуында басым бағдары болуы мүмкін, бұл кезде білім
берудің жалпыадамзаттық құндылықтары сәйкес жоспармен тығыз
байланысын үзбейді.
Қазіргі қазақстандық балалар мен жастарда сапалы білім алу уәжінің
өсуі, әлеуметтік белсенділігінің артуы, жаңа кәсіптерді және ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды меңгеруге ұмтылысы, коммуникативтілік,
мәдениетаралық қарым-қатынасты жандандыру сияқты жаңа позитивті
трендтер пайда болды. Өз елінің тарихына, мәдениетіне және дәстүрлеріне,
халқының мәдени мұрасына қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық
өзіндік сананың өсуі байқалады. Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық,
ізгілікке бағдарланған дүниетаным қалыптасу процесі жүріп жатыр. Елдегі
оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты [4].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік
Ел» патриоттық актісі – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің
58
ауқымды
да
бірегей
генетикалық
бағдарламасы.
Біздің
рухани
құндылықтарымыздың негізгі форматын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу – әрбір
азаматтың парызы болуы тиіс. Халқымыздың басты әрі маңызды құжаты –
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясындағы басты құндылықтарды басты
бағдарымыз ете отырып, мемлекеттің стратегиялық саясатын қолдап,
бейбітшілік пен тұрақтылығымызды сақтай отырып жетілдіру – әрбір
қазақстандықтың басты міндеті екендігі айқын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Тәрбиелік іс-шара»: алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің өлшеу
критерийлері (бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау;
білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық
дамуы; сананың ашықтығы») әдістемелік ұсынымдамалары – Астана: Ы.
Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 143 б.
2. Мәңгілік Ел: – Оқулық / М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова
және т.б.Абай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336 б.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ
Жайлыбаева Ботагөз Өтепқызы
№57 ЖББМ директоры, Алматы қаласы
Заман талабы мектеп жасындағы балалар арасында құқық бұзушылық
пен зиянды заттарды қолданудың алдын алу жұмысының белсенді, тиімді,
жаңа
жолдарын
таңдауды
міндеттейді.
Өйткені,
қазіргі
таңда
жасөспірімдердің арасында өз уақыттарын тиімді пайдалана білмеуі, ата-
ананың баласына тәрбие беруде жеткілікті уақыт бөлмеуі, ақпараттың
шектеусіз әрі еркін берілуі, «қиын» немесе толық емес жанұяда тәрбиеленуі,
отбасындағы кикілжің мен ажырасу және отбасының төмен әлеуметтік
жағдайының, жағымсыз ортаның кері ықпалы сияқты жағдайлар
балалардың сана-сезіміне кері әсерін тигізіп, жастар мен жасөспірімдер
арасында
түрлі
келеңсіз
іс-әрекеттердің
көбеюіне
әкеліп
соқтыруда. Сондықтан да, балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен
құқық бұзушылықты, суицидтік әрекеттерді болдырмау және оның алдын алу
бағытындағы жұмыстарға басты назардың аударылуы заңды екені сөзсіз.
А.С.Макаренконың:
«Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу
жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген
пікірін ұмытпаған жөн.
Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларды құқықтық
мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық
заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып,
азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен
59
ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.
Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде әсіресе, мыналарды баса
көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын, бостандығы
мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден,
осыларды
мүмкіндігінше,
іс
жүзінде,
өз
өмір
тәжірибесінде
пайдалана алуы тиіс. Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту –
еліміздің
болашағын
айқындаушы
көрсеткіштердің
бірі
десек,
өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар
қауымынан
білімділікті,
құқықтық
білімдерін
үнемі
жетілдіруді, нормативтік — құқықтық құжаттармен үздіксіз танысып,
жұмыс барысында оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды,
салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым- қатынас
орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді. Құқық пен тәрбиенің өзара
байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар
мен ұстаздар арқылы іске асырылады.
Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай? Әрине, бұл
- заңдарды білу.Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген
заңдар:
1.Бала құқығының Декларациясы
2. «ҚР бала құқықтары туралы» Заңы
3. ҚР Конституциясы
4. « Білім туралы» Заң
5. «Неке және отбасы туралы» Заң
6. Балалар құқығының Конвенциясы
7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі
Адамның құқықтық мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-
құлық, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра
қарасақ, аға ұрпақ тәжірибесі мен қарым-қатынасын негізге ала отырып, жас
ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогикалық ғылыми мазмұнда
қарастырғанымыз жөн. Жастарға құқықтық тәрбие беру жөніндегі билер
өнегесінің маңызы зор. Әсіресе бүгінгі таңда жастар арасында өріс алған
қылмыс пен бұзақылыққа тұсау болар құқықтық тәрбиені күшейту үшін, сан
ғасырлық тарихы бар билер тәлім тәрбиесін оқу-тәрбие ісіне қолданудың
нәтижесі зор болары сөзсіз.
Қоғамда өмір сүрген әрбір жас сол қоғамның іс -әрекеті, межелері,
мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Заңдарды білмеу – құқықтық
мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдардан
хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі. Адамның құқықтық
мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынына көз жеткізу қиын емес.
Балалардың ата – аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады.
Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал,
жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше
ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол – бала
60
көргенін істеп, ішімдікке бой бұрады. Ата – аналар және тағы басқа да
ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жанжал, төбелес
болғандықтан, балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай
болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері
ішімдікпен әуес бола бастайды. Екіншіден, отбасының ынтымағының
бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар
оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді. Осындай балалар қоғамдық
жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын
қызықты өткізуді білмейді. Шындығына келгенде, бұлар қоғамдық өмірден
тысқары қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз
балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші
кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана –
қоғамдық сананың ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде
оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілікке сезімін көтеру,
ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту – мектептегі оқу-тәрбие
жұмыстарының негізгі бір бағыты.
Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1 сыныптан бастап, белгілі бір
жүйелікпен оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет.
Ол үшін, Қазақстан Республикасының Ата Заңының «Адам және азамат» деп
аталатын ІІ- бөліміне енгізілген тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқықтары
мен міндеттері жайында түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір
адамның туғаннан өлгенге дейінгі қоғамдағы жүріс-тұрысын, мінез –
құлқын, адамдармен, жалпы тіршілік ету ортасымен қарым-қатынасын
реттейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан
Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл- еліміз үшін мәртебелі
мақсат. Сондай-ақ, Конституциясының І -бабында: «Қазақстан
Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары», - деп баяндалған. Еліміздің заңдарын
сақтау, оған мойынсыну-жауапкершілікті, түсінікті, заңдарды білуді және
соған сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекеттерді үйлестіруді талап етеді.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – қылмыстың, құқық
бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық дейгейдегі
шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен
ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде «Құқық
бұзушылық дегеніміз – адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға
зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа
қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», - деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп
орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі
және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға
бейім азаматтар да кездеседі және бұл – құқық бұзушылықтың орын алуына
әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән қауіпті
дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы
61
күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық
нормаларды бұзылуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар
әсер ететінін байқауға болады
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа
ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім
қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға
пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Оқу орны мен отбасында балалар әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы
дағдыларын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды, мінез-құлық, орынды
әрекет-қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік
нормалардың негізгі маңызды түрі болып табылатын әдептік нормалардың
құқықтық сипаты болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала
әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып,
елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар құқықтық
нормаларға негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-ұятын,
намысын қалыптастыруға, қоғамдық тәптіпті сақтауға ұйытқы болады.
«Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады,
соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар
арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары
болады».
Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың
бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты
дамытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық
тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең
құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ
уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың
төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді
түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр
оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай,
оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық
тәрбиенің міндеті болып табылады. Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге
үйрететін әділеттік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-
ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік
игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтық
тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші
кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершілігі, дүниетанымы,
сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы,
адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі
мен батылдығы қалыптасады.
Адамның құқықтық мәдениеті – күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-
құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды.
Шындығына келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология,
медицина, заң т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
62
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени
дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның
еркінен тыс жүреді. Қоршаға ортаның өмір талаптарынан қоғамның еш
жерінде жасырынып қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-
ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап,
сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың
шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық қоғам демократиялық ұстанымдарға сүйене отырып, әр адамның
шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және
еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттің және қоғамдық өмірдің құқықтық
негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық
негізін бекітуге процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды
қажет етеді:
– Заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
– Заңның орындалуын бекіту;
– Қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
– Жеке адамның, бүкіл жұртшылықтың мәдениетін көтеру,
– Заң қызметкерлерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасының кіршіксіз таза
болуы.
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей
мемлекет мойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам
екендігіне баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің
деңгейімен айқындалады.
Мектебімізде оқушылар мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап
- ақ, олардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсаты
көзделеді. Оларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, лездемелерде
мектеп ережесіне сай нақты талаптарды орындау керектігі үнемі ескертіле
отырып, қандай жағдайда да құқықтары қорғалатындығы жөнінде айтылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 2008 жыл
2. Г.Искакова, Н.Газизова, А.Сембаева, Қазақстан Республикасындағы адам
құқығы, оқу құралы, Астана, 2008ж, 9 бет.
3. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы,
2007ж, 198 бет.
4. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы,
2007ж, 181бет.
5. Бабаев С., Оңалбек Ж. «Жалпы педагогика», Алматы, 2005ж, 163-бет.
6. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы,
2007ж, 197 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |